Жүкті әйел 33 жаста жүктіліктің 38-ші аптасында перзентханаға



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата30.03.2023
өлшемі21,5 Mb.
#173314
  1   2   3
Байланысты:
E84A6889-604F-406F-BD44-0F1145EA3627



CBL


Жүкті әйел 33 жаста жүктіліктің 38-ші аптасында перзентханаға
жедел жәрдеммен келіп түсті. Шағымдары: іштің төменгі
жағындағы қатты ауырсыну, жыныс жолдарынан қанды бөлініс. 


Ауру анамнезін анықтау үшін қандай сұрақтар қоямыз?


1.Қандай қосымша шағымдарыңыз бар?
2.Осы шағымдарыңыз қай уақытта пайда болды?
3.Шағымдарыңызды немен байланыстырасыз?
4.Жыныс жолдарынан қан кету ауырсынумен қатар
жүрді ме?
5.Жыныс жолдарынан қан кету бірінші рет болып тұр
ма? 
6.Әлде бұрын қайталанды ма?


Ауру анамнезі
Шағымдары: іштің төменгі жағындағы қатты ауырсыну, жыныс
жолдарынан қанды бөлініс, әлсіздік, көз алдында шіркейлердің
пайда болуы, бас айналу. Осы шағымдары соңғы 2-3 сағаттарда
пайда болған. Жыныс жолдарынан қан кету ішің қатты төмен
тартып ауырсынумен жүреді. Осындай қан кету жағдайы бірінші
рет болып тұр. Науқас өзінің қазіргі жағдайын жүктіліктің 24
аптасынан бастап анықталған преэклампсияның жеңіл дәрежесі
мен 36 аптасында алған жамбас сүйегінің жеңіл жарақатымен
байланыстырады.


Өмір анамнезі
Басынан өткерген және созылмалы аурулары: 2017 жылдан бері
созылмалы жеңіл дәрежелі теміртапшылықты анемия, жүктіліктің
бірінші триместрында ЖРВИ. Басынан өткерген операциялары:
2008 жылы аппендэктомия, 2020 жылы жүктіліктің 5 аптасында өз
қалауы бойынша медициналық аборт. Тұқым қуалайлайтын
аурулар : анасы жағынан артериялық гипертензия орташа
дәреже 2 қауіп факторы дәрежесімен диспансерлік тіркеуде
тұрады.
Зиянды әдеттері: аптасына 2-3 рет бір реттік электронды шылым
пайдаланады.
Акушерлік анамнез: етеккір циклы 13 жастан , тұрақты, қалыпты
мөлшерде, ауырсынусыз, жыныстық өмірмен 21 жасынан бастап
жүреді, жүктілік саны :2 , аборт 1. Конрацепциялық әдіс: тек
мүшеқаппен қорғанады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет