Жмқ-01-19 а сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау



Дата06.01.2022
өлшемі34,88 Kb.
#109912
Байланысты:
2пз философия


ЖМҚ-01-19 А

Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау.

Сана мəселесі-философиядағы басты жəне күрделі, түсіндіруге қиын мəселелердің бірі, себебі сананы көру, өлшеу, сезім мүшелері ар қылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршағ ан ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмəнсіз. Сондық танда философия тарихында сана, жан, бейсаналы құғымдарының төңірегінде үнемі пікір таластар жүріп отырды жəне олар


қазірде жалғасуда.

Сананы түсінудегі əр түрлі көз қарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:


Материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну; Идеалистік - сананы материяға жат,одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сананың
мəні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады.

Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нəтижесінде қоғамда қалыптасты жəне сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне жəне табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нəрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ойөрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта əсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді. Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы.

Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы — психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.

Бейнелеу барлық материяға тəн қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар,
процесстер бір-біріне үнемі əсер етіп отырады жəне белгілі бір дəрежеде өзгерістерге ұшырайды. əрбір зат, құбылыс өзі əсер еткен нəрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады.

Бейнелеудің сатылары:


1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).
2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді əрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студенттің санасында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі.
3) əлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың жеке жəне қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі. Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана материяның төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті.

1) тітіркену – өсімдіктердің ыстық-суыққа, тəулік уақытына, басқа сыртқы əсерлерге реакциясы.


2) сезімталдық – жануарлар дүниесіне тəн. Организм өзіне биологиялық жағынан алғанда қажетті емес, сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла «отырып, информациялық маңызы бар нəрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады. Мұндай бейнелеу тірі организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту жұмысын күрделендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, андар өз жауларын көргенде организмінің барлық мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой қорытуға қабілетсіз.
3) психикалық бейнелеу – нерв жүйесімен тығыз байланысты. Субъект пен объектінің бір-біріне əсері негізінде психикалық образ (бейне) қалыптасады. ол нерв клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады.
4) адам санасы – бейнелеудің ең жоғарғы түрі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет