3. Баскетбол тактикасы туралы бірер ауыз сөз.
Баскетболшы тәсілі үлкен екі бөлімнен тұрады, шабуыл және қорғаныс тәсілі. Тәсілдің қолданыстары қорғаныс және шабуыл әрекеттерін міндетті түрдегі бірлігі негізінде ғана үйретілуі және жетілдіру керек. Ал бұл бірлікке қол жеткізу үшін қолданыстардың кең қорына ие болуы және оларды ойында қолдана білуі керек, ұтымды тәсілдіңболуы баскетболшыныңдене қабілеттерін барынша толық және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Баскетболшылардың тәсілдік дайындығынсатыға бөлуге болды және оған сәйкес міндеттер шешіледі. Бірінші сатыда негізгі қолданыстармен оларды орындау, негізгі амалдары сонымен қатар бұл қозғалыстардың негізгі бірліктері қоданылады. Қолданыстардың қозғалыста жасалуына және оларды бағытты өзгерте отырып орындауға оң жаққа, сол жаққа, оң сол қолмен жасауға баса назар аударған жөн.
Екінші сатыда, бұрын үйретілген қолданыстардың басқаша жаңа амалдар мен біріктіре отырып қолдану тәсілдері жетілдіріледі.
Үшінші сатыда бұрын үйретілген қолданыстар кешені жетілдіріледі, кеңейтілдіреді және қайталанады, сонымен бірге әр ойыншы мен жеке-жеке дайындық жүргізіледі. Тәсілдік қолданыстардың әртүрлі бірлігін үйретуде оларды орындаудағы реттіліктік болуын қадағалаған жөн, бұл үшін әдетте негізгі тәсілдің қолданыстары бірлігі жататын кешенді жатығулар қолданылады.