Қандай эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу қажет.
Жауабы: Көкжөтел. Катаралды период. Типтік. Жеңіл дәрежелі
Катаралды период кезінде көкжөтелді ЖРВИ-дан ажыратады. Көкжөтел ЖРВИ-дан әлсіз катаралды көріністермен, калыпты температурамен, интоксикацияның болмауымен ажыратылады.
Бокс бөліміне жатқызу.
Мол жылы сусын.
Этиотропты емдеу: антибиотикалық терапия-макролидтер және қорғалған аминопенициллиндер.
Патогенетикалық терапия: пароксизмальды жөтел кезеңінде-жөтелді басатын дәрілер (Синекод, Тусупрекс, Либексин), құрамында кодеин бар. Қақырық пайда болған кезеңде-муколитиктер, қақырық түсіретін дәрілер.
Контактілерді оқшаулау: науқаспен байланыста болған алғашқы 7 жастағы балалар 14 күнге оқшаулануға жатады; ДДУ тобына 14 күнге карантин қойылады. Инфекция ошағындағы іс-шаралар: ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізілмейді. Үй-жайларды ылғалды жинау, желдету және кварцтау жүзеге асырылады. Байланысқан адамдарға қатысты іс-шаралар: науқаспен байланыста болған балалар мен ересектер бактериологиялық көкжөтелге 1-2 күн аралықпен екі рет тексеріледі.
Тұрақты жөтелмен ауыратын балалар (5-7 күн ішінде) үйде оқшауланады және емханада тексеріледі (екі рет).