22
«интеграцияны» бұрыннан белгілі «пәнаралық байланыс» ұғымына келтіруге
талпыну орын алуда. Бұл екеуін бір нәрсе деуге болмайды.
Ал интеграция ғылыми ұғым ретінде педагогикада ХХ ғасырдың 80-
жылдарының бірінші жартысында пайда болды.
Интеграция мәселесімен ең алғаш айналысқан педагогтер екендігі, ол
алғашында пәнаралық байланыс деп қарастырылғаны және интеграция тарихы
ХХ ғасырда үш кезең боп қалыптасқаны анықталды:
1-кезең – 20-жылдар – пәнаралық байланыс негізіндегі проблемалық-
комплекстік оқыту (еңбек мектебі);
2-кезең – 50- 70-жылдар – пәнаралық байланыс;
3-кезең – 80 -90-жылдар – интеграция [86].
Интеграция негізіндегі проблемалық-комплекстік білім жүйесін құрудың
алғашқы тәжірибелік талпынысын ХХ ғасыр басында американдық Дж.Дьюи
жасаған, одан кейін 20-жылдары Ресейде С.Т.Шацкий, М.М.Рубинштейн т.б.
қолға алған. Сөйтіп, еңбек мектебі деген атпен педагогика тарихына енеді. Бұл
оқытудың негізгі ұстанымы «комплекстік метод» (кешендік әдіс) болды.
Кешендік әдіс (немесе жобалар методы) бір проблема айналасына түрлі пәндер
білімін интеграциялайды.
Біздің ойымызша, бұл пәнаралық байланысқа негізделген үдерісті
ұйымдастырудың бірінші практикалық тәжірибесі болды деп айтуға толығымен
болады.
20-жылдары кешендік әдіспен бірге оған қарама-қарсы пәндік ұстаным
пайда болады. Сөйтіп, екі дидактикалық ұстаным арасында күрес басталып,
1931 жылы пәндік жүйенің жеңісімен аяқталады. Содан бері пәндік жүйе
дәстүрге айналады. Бірақ интеграция түбегейлі жоғалмайды: ол пәннің ішінде
өзінің дамуының жаңа кезеңін жалғастырады.
50-жылдары интеграция идеясы пәнаралық байланыс түрінде жаңғырады
да, пәндік жүйеге қарсы болмай, ол жүйені толықтыратындай байланыс ретінде
ғана міндет атқарады.
Әрі қарай дидактикада пәнаралық байланысты ұстаным ретінде
қарастыратын көптеген түсініктердің пайда болуына әкеп тірейді де, тарихи
дәстүр бұзылады. Сөйтіп, білім беруде
Достарыңызбен бөлісу: