Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет42/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
«Тапсырма» метапәні
барлық пәндерде болады. Пәндік тұрғыдан алғанда, 
олар алуан түрлі болып келеді. Алайда ойлау құралдарын талдау тұрғысынан 
алғанда, біз олардың арасында көптеген қызықты байланыстар мен 
арақатынастарды табамыз. Тапсырмалар нормалар мен тәсілдер, ережелер мен 
сатылар, ұғымдар мен шешімнің нұсқалары қарастырылатын ерекше болмысты 
құрады. Осылайша біз жаңа типтегі пән – «Тапсырма» метапәні туралы айта 
аламыз. «Тапсырма» метапәнін зерттей отырып, оқушылар әртүрлі оқу 
пәндеріндегі тапсырмалардың алуан түрлі типтерін шешудің жалпылама 
тәсілдерін меңгереді. Мұнда біз тәсіл деп белгілі типтегі міндеттер үшін заңды 
іс-әрекеттің тұрақты құрылымын атаймыз. Нәтижесінде тәсілдің меңгерілуі 
және дербестендірілген формасына, яғни қабілетке ауысуы қажет. 
«Тапсырма» метапәнін оқытуда оқушылардың жағдайларды түсіну және 
сызбалау қабілеттері, тапсырманың объектісін модельдеу, шешу тәсілдерін 


74 
құрастыру, мақсатқа жетудің әрекеттік процедураларын құру қабілеттері 
қалыптасады [172]. 
Математика, информатика секілді дәстүрлі пәндерде оқушыларды 
анықтамалармен, формулалармен және сол тапсырмаларды орындау 
алгоритмдерімен таныстырады Оқушы мұндай пәндерде тапсырманы орындау 
кезінде бар, белгіленген алгоритмді қолданып тапсырманы орындайды. 
Ойлаудың дамуы тек санаулы оқушыларда жүзеге асады. Ал оқушылардың 
жартысынан көп бөлігі формуланы, алгоритмді жаттап алады. Бұл тұста 
оқушының ойлауы емес, жадысы дамиды. «Тапсырма» метапәні барлық 
оқушының ойлауын дамытады. Бұл метапәннің мақсаты 

мұғалімнің 
қадағалауымен, 
сыныпта 
қажетті 
әлеуетті 
қалыптастыра 
отырып,
оқушылардың тапсырманы дербес орындауына жағдай жасау. Мұғалім 
тапсырманың негізгі мақсатын түсіндіреді.Тапсырманы орындау тәсілдерін 
оқушылар дербес түрде қателесу, жасап көру әдістері арқылы анықтайды. 
«Тапсырма» 
метапәнінде 
оқушыларда 
төмендегідей 
қабілеттер 
қалыптасады. Олар (сурет 10):
Сурет 10 

«Тапсырма» метапәнінде қалыптасатын қабілеттер тізімі 
Жоғарыдағы айтылғандар негізінде метапәндер жайында төмендегідей 
тұжырым жасауға болады: 
1.
Мeтaпән белгілі ойлау әрекетін ұйымдастырудың айналасында 
құрылады. Мұнда ойлау әрекеттін ұйымдастыру құралы ретінде «Білім», 
«Белгі», «Проблема», «Тапсырма» метапәндері негізге алынады. Олардың 
барлығының әрекеттік, әмбебап метапәндік сипаты болады. Бұл метапәндерді 
қосымша оқу пәні ретінде сабақтан тыс оқытылып, мұғалім және оқушы оқыту 
үдерісінде метапәндерден алған білімдерін оқу міндеттерін шешу барысында 
қолдана алады. Оның көрінісін төмендегі 11-суреттен көре аламыз. 
тапсырманы 
орындауды бір түрден 
екіншісіне алмастыру
өз әрекетін 
рефлексиялау қабілеті
тапсырманы түсіну 
және шешу әдістерін 
өзгертуге қабілеттілік
шартты түсіну және 
берілген жағдайды 
талдау
әр түрлі 
параметрлердің өзара 
байланыс 
құрылымдарын 
модельдеу


75 
Сурет 11 

Метапәндердің оқу пәндерінде жүзеге асырылуы 
2.
Метапәндерді оқыту үдерісінде жүзеге асыру үшін оқушылар дәстүрлі 
оқу пәндерінің материалын өте жақсы меңгеруі қажет.
3.
Оқушылардың базалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды. 
4.
Метапәндер оқыту үдерісінің қарқындылығын бірнеше есе арттыруға 
мүмкіндік беретін оқыту формалары мен тәсілдердің алуан түрлерін ұсынады. 
Сонымен, мeтaпәннің ішкі жүйесін қамтитын «Білім», «Белгі», 
«Проблема», «Тапсырма» метапәндерінің сипаттамалары бастауыш сынып 
оқушысының дәстүрлі оқу пәндерінің материалын өте жақсы меңгеруін,
базалық қабілеттерін дамытуды мүмкін етеді.
Келесі тармақта бүгінгі бастауыш оқыту үдерісінде қолданыста жүрген 
базалық оқулықтардың метапәндік нәтижелерді игертудегі әлеуетіне тоқталып, 
аталмыш оқулық материалдарын метапәндік тұрғыда оқытудың мүмкіндіктерін 
айқындайтын боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет