Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет46/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
реттеуші ӘОӘ-ге 
бағытталып ұсынылған тапсырмалар
бақылау, болжам жасау 
метапәндік 
нәтижелерін анықтауға берілген (сурет 15 ) [177,б. 161; 178].
 
1)
Бақылау 2) Болжам жасау 
Сурет 15 

Реттеуші ӘОӘ жүзеге асырушы тапсырмалар, бет 1 


83 
 
 
Сурет 15, бет 2 
 
Танымдық ӘОӘ-ге 
бағытталып ұсынылған оқулықтағы тапсырмалар 
ақпаратты
іздестіру, білімді құрылымдау, модельдеу, әрекетті рефлексиялау 
мақсатын көздейді. 
1)
Ақпаратты іздестіру
Бұл тапсырма арқылы оқушы жаңа тақырыпты таныстыру барысында 
игерген білімді еске түсіре отырып «Өсімдіктерді неліктен тірі ағза деп 
атайды?», «Өсімдіктердің қандай бөліктері бар?», «Кейбір өсімдіктерді 
неліктен мәдени өсімдіктер деп атайды?» сұрағына жауап береді. Не болмаса, 
мұғалімнің нұсқауымен интернет дереккөздерінен, кітапханаға барып 
энциклопедиядан осы сұрақтарға жауап ідестіреді.
2)
Білімді құрылымдау 
Жанды және жансыз табиғат тақырыбы аясындағы білімді бекіту үшін 
суретте көріп тұрған заттарды (ағаш, ит, тас, су, қоңыз, асықтар) жанды және 
жансыз табиғатқа топтастырады. Бұл оқу әрекеті «Суреттерден нелерді көріп 
тұрсың? Олардың қайсысы жанды табиғатқа жатады?», «Қайсысы жансыз 
табиғатқа жатады?», «Ал қайсысы бұрын тірі ағзаның бөлігі болған?» 
сұрақтарына жауап беру кезінде орындалады. 
3)Модельдеу 
Оқушыларға «Адамдар аспанда шоғырланып, әртүрлі өрнек құрап, тұрған 
жарық жұлдыздарды 

шоқжұлдыздарды байқаған. Мысалы, Таразы, Егіздер, 
Шаян және басқалар. Шоқжұлдыздар көмегімен бағдарлау жеңіл болды. Ежелгі 
адамдар аспанда құдайлар өмір сүреді деп сенген. Олар Жердің пайда болуы
күн мен түннің ауысуы туралы аңыздар ойлап тапқан. Көптеген шоқжұлдыздар 
құдайлардың, аңыздағы кейіпкерлердің аттарымен аталды» деген мазмұндағы 
ақпараттық мәтін ұсынылған. Оқушылар осы мәтіндегі аты аталған 
шоқжұлдыздардың бірін таңдап алады. Ол туралы қажетті ақпаратты 
жинастырады. Суретін салып модельдеп, мұқабасын жасайды.
4) Әрекетті рефлексиялау 
Магниттер туралы біліммен таныс болған соң, оқушыға тәжірибе жасау 
тапсырылады. Оқушы оқулықта берілген суретке мұқия қарап, Негештің қандай 
тәжірибе жасап отырғандыңын болжайды. «Барлық заттар магнитке тартылады 


84 
ма?», «Эвриканың іс-әрекетіне назар аудар. Магнитке не болды?» сұрағына 
жауап береді. Осы тақырып аясында өз қорытындысын жасайды.
Коммуникативтік ӘОӘ-ге бағытталып өз ойын білдіру тапсырмалар 
жүйесі қарастырылған.
1)
Өз ойын білдіру
 
Бірінші тапсырма бойынша, оқушылар сабақ барысында глобуспен 
танысады. Білімдерін бекіту мақсатында глобустан көк түспен боялған 
жерлерді табады. Сол жерлерге көгілдір түсті жапсырма түймелерді бекітеді. 
Глобустан қоңыр, сары түспен боялған жерлерді табады. Сол жерлерге қоңыр 
немесе сары түсті жапсырма түймелерді бекітеді. Адамдар өмір сүре алатын 
жерлерді көрсетеді. Неге олай ойлайтындарын түсіндіреді.
Өз ойын білдіру әрекетін жүзеге асыруға бағытталған келесідей тапсырма 
оқулықта ұсынылған. Оқушылар «Жасанды дыбыс көздері не үшін қажет? Сен 
олардың қайсысын жиі қолданасың?» сұрақтарына жауап береді.
Тұлғалық 
ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар жүйесінде түрлі 
заттармен 
тәжірибе жасау
арқылы және 
берілген сұрақтардың көмегімен
алған білімін 
өздігінен анықтауына
мүмкіндік жасалған
.
1)
 
Өзін-өзі анықтау 
Магниттің қасиеттерімен танысқан оқушыға оқыту үдерісінде оның білімін 
бекіту мақсатында тапсырмалар ұсынылады. Магнитпен және әртүрлі 
материалдардан жасалған заттармен тәжірибе жасайды. Тәжірибе кезінде 
байқағандарымен бөліседі. Қандай заттардың магнитке тартылатындығын 
атайды. Заттардың осындай қасиетінің атауын ойлап табады.
Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған «Жаратылыстану» 
оқулығын талдау барысында метапәндік нәтижелерді қалыптастырушы 
әмбебап оқу әрекеттерін жүзеге асыратын тапсырмалар толыққанды 
қамтылмағандығын анықтадық. Оқулықта тапсырмалардың көбі бақылау, 
болжам жасау секілді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет