бүтін
» деген мағынаны білдіреді. Соңғысы
екі мағынада қолданылады:
бөліктерді бүтінге біріктіру.
Бұдан интеграция ұғымы барлық салаға да қатысты екені байқалады. Білім
беру үдерісіндегі негізгі ұстаным оқу-тәрбие қызметтерін табиғи бірлікте
интеграциялау болып жүргені де сондықтан.
Интеграция – тығыз байланысқан бір бүтінді жасаудың нәтижесі. Ол
оқытуда бір бүтін синтезделген курсқа түрлі пәндердің элементтерін (тақырып,
бөлім), ғылыми түсініктерін және таным әдістерін біріктіру, пәнаралық
байланысты шешу ғылым негіздерін комплекстеу арқылы жүзеге асады.
Әдебиеттерде мысал ретінде бастауыш сыныптағы табиғаттану, жоғары
сыныптағы адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәндері
келтірілген. Соңғысы медицина, биология, химия, физикамен біріктіліген. Олар
осы пәндердің координацияланған мазмұнына сәйкес бір пәнде логикалық
құрылымымен беріледі [105].
Координация – өтілетін ұғымдары мен құбылыстары және олардың оқу
танымдылығы мен уақыттары ортақ туыстас пәндердің оқу бағдарламаларын
ыңғайластыру (пәнаралық байланыстың тар мағынасы).
Еуропа елдерінің педагогикасында пәнаралық байланыс, көбіне пәндерді
оқу-танымдық мақсаттарына қарай координациялау бағыты арқылы дамиды.
Білім мазмұнын құрастыруда пәндік емес, нысандық ұстаным (объективный
принцип) қолданылатындықтан, негізінен оқытудың нысандары (жекелеген
ұғымдар, ұғымдар топтары) мен әрекет түрлері ескеріледі [105,б. 14].
Интеграция идеясы әр дәуірдегі және түрлі қоғамдық жүйедегі
педагогтердің философиялық, идеологиялық көзқарастары бойынша, дидактика
дамуындағы ортақ бағыттар бойынша қалыптасты. Барлық тарихи кезеңде де
педагогтер пәнаралық байланыс идеясының маңыздылығын білім жүйесі мен
ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда, танымның жалпы әдістерін және
белгілі бір әрекет түрлерінің негізінде білімді біріктірудегі еңбек дағдылары
мен машықтарын меңгертуде, оқушыларды тәрбиелеуде көрді. Бұл аспектілер
оқытудың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерімен сәйкес келеді.
Сондықтан пәнаралық байланыс проблемасы қазіргі оқытудың кешенді
бағыттарының бірі ретінде әдіснамалық негізі болып саналады.
И.Д.Зверевтің, В.М.Максимованың еңбектерінде пәнаралық байланыс
оқыту мен тәрбиенің кешенді бағытының құралы ретінде жалпы педагогикалық
тұрғыда қарастырылып, оның білімдік міндеті оқушыларда жалпы білім
жүйесін қалыптастыру екендігі аталады [106; 107]. Біз де осы құнды пікірді
қостай отырып, білімді жүйелі құбылыс ретінде меңгерту жолын құптаймыз.
Пәнаралық байланыстың білімдік және тәрбиелік міндеттерінің өзара
байланысын ашудың психологиялық негізі – адамның сана, сезім және
әрекетінің бірлік заңдылығы. Оқытудағы осы бірлікті жүзеге асыру –
оқушының дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған кешенді бағыттың
педагогикалық шарттарының бірі. Кешендік бағыт және оқытудың тәрбиелік
30
міндеті жайлы идея пәнаралық байланыстың тәрбиелік қызметін анықтауды
мақсат еткен зерттеулерді күшейтті.
Пәнаралық
байланыс
білімдік,
тәрбиелік
міндеттермен
бірге
дамытушылық міндет те атқарады. Көптеген ғалымдар оны әрекет тәсілдерінің
жүйесінен көреді [105,б. 19]. Оқу-танымдық үдерісте ойлау, сөйлеу,
эстетикалық сезім, логикалық және бейнеліліктің өзара байланыстарының жаңа
жолдары анықталған (И.Э.Унт, А.Ф.Меняев т.б.). пәнаралық байланыстың
дамытушылық қызметінде оқушылардың танымдық белсенділігін және
өздігінен оқу әрекетімен шұғылдану мен қызығушылығын қалыптастырудағы
рөлі зерттелген (А.В.Усова, И.К.Журавлев, В.П.Шуман, С.Л.Алумаэ т.б.).
Оқушылардың оқу әрекеті теориясы негізінде пәнаралық байланыстың
дамытушылық қызметін ашудың зор маңызы болды. Жалпы әрекет түрлерінің
ішінде сөйлеу (Т.А.Ладыженская, Н.Н.Ушаков, Н.А.Лошкарева), өлшемді-
есепті (Н.С.Антонов), шығармашылық (И.Я.Лернер, Н.Н.Рахманина) т.б.
әрекеттері қаралды.
Оқушының жалпы дамуына әдістер мен тәсілдердің ішкі логикалық
құрылымын жетілдіру мен қайта құру арқылы да тиімді әсер етуге болады.
Ізденушілік әдісі, проблемалық-танымдылық міндет қою, зерттеу элементтерін
қолдану негізгі әдістер болып саналады. Сөйтіп, пәнаралық байланысты
оқушының әрекетімен байланыста қарау арнайы зерттеу нысандары болды.
Дегенмен, бұл бағыттың да теориялық негізі жеткілікті түрде
жасалмағандығы туралы тұжырым бар. Зерттеушілер «әрекет түрі» деген
терминді қолданғанмен, оның мәнін ашпайды. Зерттеулерде әрекеттің
операциялық жақтары (әрекет, тәсілдер, дағды, білік) ғана алынады, ал бұл
білім мазмұны мен әрекеттің бірлік ұстанымын бұзуға әкеліп тірейді», –
делініп, болашақта білім жүйесі мен танымдық әрекеттер тәсілдері жүйесінің
пәнаралық негіздегі сәйкестігі зерттелу қажеттігі айтылды [105,б. 19].
А.Кенжеғұлованың зерттеу жұмысында үш құрамдас бөліктен тұратын оқу
әрекетінің мәні ашылып, оның оқушыны субъект ретінде дамытатын тәсілдері
білім жүйесімен байланыста қарастырылады [108].
Білім мазмұнын интеграциялауда ғылыми таным қызметінің әдістері мен
түрлерін синтездеуді білудің маңызы зор.
Интеграция білім мазмұнының негізгі үш компонентінде көрініс табады:
пәнаралық байланыс әсерімен сапа жағынан өзгеретін білім жүйесінде;
пәнаралық байланыс жүзеге асыратын оқу-танымдылық қызметте ерекше
қасиетке ие болатын дағдылар жүйесінде; әр түрлі пәндер білімдерінің синтезі
үдерісінде қалыптасатын оқу-танымдық қатынастар жүйесінде.
Пәнаралық байланыстың көпжақты гносеологиялық шарттары мен ғылыми
танымның диалектикасын түсіндіретін ғылым мен практиканың синтездері
мыналар: ғылымаралық синтез, әдіснамалық синтез және ғылымның
әлеуметтенуі әсерінен болатын синтез [109].
Ғылымаралық синтез ғылыми білімдердің құрылымын жасайды, олардың
жүйесінен жаңа «қабаттар», блоктар, элементтер бөлініп шығады. Қазіргі
ғылым көпдеңгейлі, көпфункционалды сипаттар алуда. Оның жүйесінде жаңа
31
синтезделген элементтер – шекаралық ғылымдар (биофизика, биохимия,
физикалық
химия,
математикалық
лингвистика,
биокибернетика,
психолингвистика т.б.) пайда болады. Ғылымның интеграциялануы мен
саралануы білімнің жай ғана сандық жағынан өзгерісі емес, ғылымның қайта
жаңаруының заңды құбылысы. Қазіргі ғылым дүниесі туралы түсінік нақты бір
ғылым түрі мен философиялық ұғымдардың синтезінен құрылады. Нақты
ғылымдар арасындағы және ғылым мен философия арасындағы білім
интеграциясының қарқынды дамуы олардың арасындағы қатынасты
күрделендіріп жіберді. Араларында интегративтік теория, ғылым, бағыт сияқты
жаңа «қабаттар» пайда болды (жүйе туралы теория,жүйелілік бағыты,
информатика мен кибернетика теориясы, семиотика т.б.). Бұлар философия мен
арнайы ғылымды тығыз байланыстыратын аралық рөл атқарады. Ғылымаралық
синтез білім мазмұнын, жүйе ретінде оның құрылымын өзгертеді. Сонымен
қатар оның әдістері мен құралдары туралы мәселе де алға шығады. Бұл –
ғылыми танымның әдіснамалық синтезі болады. Интеграция таным үдерісінің
операциялық та қызметін атқарады.
Қазіргі ғылыми танымға білімнің біржақтылығының жойылуы, көрнекі-
концептуальды модель қалыптастыратын абстракцияның күшеюі, ақпараттық
жүйелер, заттардың жалпыланған көрнекі бейнелері тән. Интеграция зерттеудің
бір әдісін – жалпы концептуальды аппаратын жасауға ықпал етеді де, әр пән
арасындағы бөлшектенушілікті жояды.Интеграция – білім беру ісін қайта
құрудың өте бір маңызды және ең күрделі проблемаларының бірі. Бұл мәселе
терең, жан-жақты негіздеуді қажет етеді. Білім мазмұнын интеграциялаудың
ұстанымдары, интеграцияланған білімнің маңызы, қызметі (функциясы) т.б.
аспектілері туралы арнай зерттеулер, ғылыми-әдістемелік еңбектер өте аз. Бұл
проблеманың кейбір аспектілерінің нышандарын 20-жылдардағы оқу
материалын комплекспен оқытуды ұсынған мемлекеттік ғылыми кеңестің
бағдарламаларынан табуға болады. Оларда ВК(Б)П Орталық Комитетінің 1931
– 1932 жылдардағы «Бастауыш және орта мектеп туралы», «Бастауыш және
орта мектептердің оқу программалары мен режимі туралы» қаулыларында
көрсетілген елеулі кемшіліктеріне қарамастан, мектептің практикамен
байланысын нығайтып, мектепті елдің саяси және шаруашылық өміріне
жақындастыру, оқушыларға қоғамдық-саяси тәрбие беруді тереңдету көзделеді.
Комплекспен оқытуда оқушылардың білімін оның дене және ақыл-ой
дамуымен, еңбекпен байланыстыруға ерекше көңіл бөлінді.
Комплекспен оқытудың идеясы, мәні, өзекті ұстанымдары, маңызы, пәндік
жүйемен салыстырғандағы артықшылықтары Ж.Аймауытовтың «Комплекспен
оқыту» деген кітабында баяндалған. Осы еңбегінде автор былай деп жазады:
«Комплекспен оқытқанда:
– ... оқытушы балаға икемделеді. Баланың сұрауын, қызық көруін еске
алып, баланың өзіне тапқызуға, істетуге тырысады.
– ... бала өмірді, құбылысты өзі бақылауды, зерттеуді тәжірибе қылады.
32
– ... сабақ үзіліссіз бірінен-бірі туып, біріне-бірі жалғасып отырады; бір
сағатта бітпеген нәрсе екінші сағатта зерттеледі, үзіліс (тыныс) деген сабақтың
арасын жіктеу үшін емес, тек демалу, бой көтеру үшін істеледі.
– ... керексіз көп материалдар шағындалады, сұрыпталады, тек еңбек пен
жаратылысқа, қоғамға қатынасы бар, өмірге керектері алынады.
– ... негізгі зерттелетін нәрсе, кіндік тақырып – еңбек» [110,б. 21].
Бұл айтылғандардан комплекспен оқыту оқу пәндерін, білім мазмұнын
интеграциялаумен үндес, оның мәніне, негізіне үйлес екені көрінеді.
Білім мазмұнын интеграциялау оқушыларға берілетін білімнің теориялық
және ғылыми деңгейін жоғары сатыға көтеру, танымдық маңызы зор идеяларды
кіріктіріп, жалпылау, оқушыларда диалектикалық-материалистік көзқарас
қалыптастыру т.б. осылар сияқты өзінің әдіснамалық функциялары жағынан
пәнаралық байланыс мәселесіне де жақын. Негізінде, білім мазмұнын, оқыту
әдістерін интеграциялаудың психологиялық, дидактикалық аспектілерін
М.Н.Скаткин, Г.И.Шукин. В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин,
В.Н.Максимова [17,б. 144; 18,б. 629; 19,б. 22-32; 20,б. 322; 21; 22,с. 219].т.б.
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылғаны белгілі.
«
На пути к
новой школе» кітабында көрсетілгендей, интеграция – жастарға білім беру ісін
қайта құрудың өте бір маңызды және ең күрделі проблемаларының бірі. Бұл
проблема терең, жан-жақты негіздеуді қажет етеді.
Осы мәселеге қатысты қазақстандық ғалымдар К.Ж.Жүнісова мен
Ж.А.Қараевтың, Т.Қ.Оспанов пен И.В.Баранованың, Н.Жапанбаеваның
еңбектерін атауға болады [111-114].
Білім мазмұнын, оқу пәндерін интеграциялаудың қажеттігі былайша
негізделеді:
Достарыңызбен бөлісу: |