1.3 Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту үдерісін
модельдеу
Оқытудың, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеудің жаңа, инновациялық
модельдерін жасау – педагогика ғылымындағы басты міндеттердің бірі.
Модельдеу зерттелетін нысанның мінездемесін көрсететін ұқсастықтарды,
көрініс пен үдерісті бейнелеу үшін керек екені белгілі. Модель түпнұсқа туралы
ақпаратты құрастыру және көбейту, жаңа құрылымын жасау, басшылық ету
мен дамыту қызметін атқарады. Модельді құрастыру іске асырудан әрекетке
даярлықты бейнелейтін аралықты көрсетеді. Модельдеу әдістемесі – танымның
көрінісі мен нысанын саналы талдаудың белгілі түрі. Сондықтан зерттеу
жұмысымыздың міндетіне сай бастауыш білім беру пәндерін метапәндік
тұрғыдан оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау қажеттігі
туындады.
М.Вартофскийдің пікірінше, модельдеу болашақ әрекетке бағдарланған
прототип деп аталуы тиіс. «Ең алдымен менің есептейтінім, модельдер – біздің
техникалық жабдықтауымыздың жоғары мамандандырылған бөлігі, олардың
өзіндік қызметтері болашақты жасаудан тұрады. Модель ретінде мен кейбір
мәнді ғана емес, осы мәнді анықтайтын әрекет тәсілін көремін. Бұл мағынада
үлгілер – мақсаттарды іске асыру және сонымен қатар осы мақсаттарды іске
асыратын құралдар ... үлгі бір мезгілде мақсатты ескеріледі және оның жүзеге
асуын кепілдейді» [139,б. 507]. Осы ретте біз, ғалымның мәнді ғана емес, сол
мәнді анықтайтын тәсілін де модель ретінде көруі туралы пікірін құптаймыз.
Н.Д.Хмель модельдеуді біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асырудың
маңызды бөлігі деп есептейді, яғни зерттеуші ұстаз үшін модельдеу
зерттелінетін құбылыстың идеалдық моделін қайта жасаудың тәсілі болатынын
айтады. Практик ұстаз үшін модельдеу іс-әрекетінің мақсатына сәйкес оның
жағдайын өзгерткісі келетін белгілі бір педагогикалық құбылысты немесе
үдерісті тұтасымен ойша (алдын-ала) қайта құру тәсілі болады. Басқаша
айтқанда, модельдеу ұстаз үшін педагогикалық теория мен нақтылы
практикалық іс-әрекет арасындағы бөлік болады [116,б. 128]. Ғалымның осы
ойын толықтай зерттеу жұмысымызда басшылыққа аламыз. Өйткені әуелі ойша
модель жасап алудың маңызы қор екені белгілі.
«Модель» сөзі француз тілінен «үлгі» деген мағынаны білдіреді
.
Ш.Т.Таубаева «Педагогика әдіснамасы» атты зерттеу еңбегінде педагогика
саласындағы модельдеу мәселесіне кеңірек тоқталған. ««Модель» түсінігі,
латынның «modules» сөзінен туындаған, ол «өлшем», «бейне» деген түсінікті
білдіреді. «Модельдеу» түсінігі ғылым саласында әртүрлі мағынада
пайдаланылады. Нақты мағынада «модельдеу» объектінің арнайы жасалған
пішінінің, нақты нысанның сипаттамасын өңдеп жасауы» [141],– деген пікір
айтады. Ғалымның ізімен біз де модельге осындай анықтама берілуін
қолдаймыз.
Жоғарыдағы
ой-пікірлерді жүйелеп
тұжырымдау
негізінде,
біз
модельдеудің адамның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларында кеңінен
қолданылатын әрекет екеніне көз жеткіземіз. Педагогикада модельдеу
48
теориялық зерттеудің әдісі ретінде де, дәстүрлі проблемаларды дәстүрлі емес
тәсілмен (педагогикалық новация) шешуге шоғырланған сана-сезім, қиял және
логика жұмысының ерекше тәсілі ретінде және студенттермен, біліктілігін
арттыру курсының тыңдаушыларымен, мектеп оқушыларымен және т.б. сабақ
өткізу үшін оқу құралы ретінде пайдаланылады.
Педагогикадағы
модельдеу
–
педагогикалық
материалдардың,
құбылыстардың,
үдерістердің
көшірмесін
құрастыру,
зерттелетін
педагогикалық жүйелерді схемалық бейнелеу үшін қолданылады. Қазіргі
педагогикалық модельдердің басым көпшілігі дидактикалық құбылыстарға
жатады. Дидактикалық модельдеуді төмендегідей маңызды міндеттерді шешу
үшін қолдануға болады: оқу материалының құрылымын оңтайландыру; оқу
үдерісін жоспарлауды жақсарту; танымдық әрекетті басқару; оқу-тәрбие
үдерісін басқару; диагностика, болжам жасау, оқытуды жобалау.
Осы айтылғандарды негізге ала отырып, біз педагогикада модельдеу
мынадай жағдайларда қолданылатынын байқадық:
а) педагогикалық міндеттерді және педагогикалық жағдаяттарды
модельдеу;
б) оқыту, тәрбие, үйренушілерді дамыту үдерісін модельдеу;
в) білім беру мекемелерін басқару жүйесі жағдайын модельдеу.
Сонымен біз модельдің алғашқы құрылымдық элементі көп ақпарат
арасынан зерттелетін объект туралы негізгі мәліметтерді бөліп алуға мүмкіндік
жасайтын, педагогикалық үдерістің мақсатын, мазмұнын, формасы,
технологиялары мен құралдары және нәтижесін анықтайтын ұғым деп
тұжырымдаймыз.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту моделін
жасауда біз бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарын,
бастауыш
сыныпқа
арналған
жаңартылған
оқу
бағдарламаларын, дербес пәндердің әдістемесін басшылыққа алдық [142; 143].
Ұсынылып отырған модельдің мақсаты – бастауыш білім беру пәндерін
метапәндік тұрғыда оқыту. Модельдің теориялық негіздері – жұмысымыздың
алғашқы тармақшасында талданып кеткен «метапән», «метапәндік тұрғыда
оқыту» ұғымына қатысты ілімдер және Д.В.Давыдов, Ж.Пиаженің, Д.Дьюидің
тұлғаның дамуы, дамыта оқыту, прагматикалық педагогикаға қатысты
еңбектеріндегі түйінді ойлар.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға арналған
модель арнайы әдіснамалық тұғырлар мен дидактикалық ұстанымдарды
басшылыққа алуды талап етті.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту стратегиялық
бағытын анықтайтын теориялық негіздеме мен ұстаным, тұғырлар, жетекші
идеялардың анықтамасын талап етеді.
Ғылыми әдебиеттерде «тұғыр» түсінігі мәселенің шешімі ретінде әдістер,
ұстанымдар, ойларға сәйкес қолданылады. Тұғыр
әдіснамалар мен
көзқарастардың
шешімін
табатын,
философиялық,
психологиялық-
49
педагогикалық алғышарттардың негізгі ойларын ашатын құрал, мақсатқа
жетудің механизмі, ұстанымдары, басты мақсаттары болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық көзқарас негізінде бастауыш білім беру
пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуда мынадай әдіснамалық тұғырлар негізге
алынады: синергетикалық, аксиологиялық, біртұтастық, жүйелік, іс-әрекеттік,
кешендік, тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік.
Достарыңызбен бөлісу: |