75
Сурет 11
Метапәндердің оқу пәндерінде жүзеге асырылуы
2.
Метапәндерді оқыту үдерісінде жүзеге асыру үшін оқушылар дәстүрлі
оқу пәндерінің материалын өте жақсы меңгеруі қажет.
3.
Оқушылардың базалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды.
4.
Метапәндер оқыту үдерісінің қарқындылығын бірнеше есе арттыруға
мүмкіндік беретін оқыту формалары мен тәсілдердің алуан түрлерін ұсынады.
Сонымен, мeтaпәннің ішкі жүйесін қамтитын «Білім», «Белгі»,
«Проблема», «Тапсырма» метапәндерінің сипаттамалары бастауыш сынып
оқушысының дәстүрлі оқу пәндерінің материалын өте жақсы меңгеруін,
базалық қабілеттерін дамытуды мүмкін етеді.
Келесі тармақта бүгінгі бастауыш оқыту үдерісінде қолданыста жүрген
базалық оқулықтардың метапәндік нәтижелерді игертудегі әлеуетіне тоқталып,
аталмыш оқулық материалдарын метапәндік тұрғыда оқытудың мүмкіндіктерін
айқындайтын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: