Жұмағалиев Б. Шырағдан жырлар



Дата15.09.2017
өлшемі128,29 Kb.
#33162
Жұмағалиев Б.
Шырағдан жырлар
Жұбанды жастайынан, мектеп табалдырыгыи аттағаннан білетіндердің бірі мен едім. Ол мектеп қабырғасында кейбіреулеріміз сияқты өлеңнен тақпақ оқып немесе ән салып көзге түспеді. Өзінің қарапайымдылығымен, балалар арасындағы ұрыс - керіске қатыспай, ұяң ғана өз жәйіне жүретіндігімен ерекшелануші сді. Біз оның жарқын болашағына сенетінбіз, бірақ үлкен ақын болады деп түсімізге де енбеген.

Тұрмыс қиыншылықтарын бәрімізден дерлік көп көрген Жұбан Орал ауылшаруашылық техникумына оқуға түсті. Ел адамдары «шаруаның баласы еді, білім алып, қайта оралып, колхозымызда мал дәрігерлік жұмысын жолға қоюға көмекгеседі» деп, зор үміт артып жүретін.

Талант түрлі деседі. Біреулер талант ана сүгімвн дариды да, өмір бойына иесін тастамайды десе, екіншілер, талант бақыт құсы, кімге қонса, сол дарынды дейді, талант-талапты да дегвнді де естіп жүрміз. Әлбетте, талант қайсар да, қажырлы адамды, ерінбейтін еңбеккерді аттап өте алмайтын болса керек. Жұбан Молдағадиев осындай.

Әлі есімде, 1939 жылы Орал облыстық «Комсомо ұрпағы» газетінде Жұбанның тұңғыш өлеңі шықты, кейін «Екпінді құрылыста», «Комсомол ұрпағында» анда-санда оның мерекелерге ұштастырылып, ұран-үндеу тақылетте жазылған өлеңдерін оқып жүрдік. Ел адамдары Жұбанның тырнақалдылврын жастық пен албырттықгын жемісі деп қарап, оның мал маманы болатындығына сенетіндіктерін жасырмайтын.

Техникумды бітірісімен, мамандығы бойынша көп жұмыс істей алмай, Жұбан армияға кетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларынан майданның алдыңғы шебінде болған Жұбанның 1941 жылдың қарашасында «Екпінді құрылыста» басылган бір өлеңін оқыдық. Жауынгерлік исі шығып тұрған бұл өлеңін бұрыңғыларына қарағанда, есейгендікті аңғартқандай еді.

1943 жылдың қысында Солтүстік-Батыс майданынан қазақ тілінде шығатын газетінде капитан Жұбанның бірнеше өлеңін кездестірдім. Бұл туындылар майдандық өмірдің әр алуан тақырыбын, ең алдымен қаһармандықты жырлайтын еді Қатал, мейірімсіз соғыс адамның моральдық қасиеттерін сынап қана қоймайды екен. Сұрапыл ұрыстарда талант та шынығады екен.

Жұбанның акындық қабілетінің бірден-бірге шыныға бастағанын сол майдандық

газеттерде, кейінірек. «Социалистік Қазақстанда» басылған өлендері аңғартқандай еді. Майдан өмірінен алып жазылған нәрлі, ықшам, солдаттың психологиясын терең баяндаған очерктері де зор үміт артқандай болатын. Сол кезде майданда әскери қызметте жүрген Сейітжан Омаровтың, Әбу Сәрсенбаевтың, Сағынғали Сейітовтің, Дихан Әбіловтің жауыңгерлік әсерлі очерктері мен өлеңцерінің арасынан Жұбанның туындыларын да көріп, ол қай жанрға бас ұрар екен деп ойлантынбыз.

Өткенге енді көз салсақ, Жұбанның ақындық шабыты басым екен. 1942 жылдың ауыр күндерінде жас ақын өлеңін «Біз жеңеміз» деген зор сеніммен бастайды. «Бір бассаң да алға бас!» өлеңінде Махамбет жырларының айбынды қаһармандық нышаны бар. «Бір бассаң да алға бас, бір сүйем кері шегінбе, әдет жоқ ондай тегінде!» деген нақыл сөздер қазақ жауынгерлерінің анттық ұраны болып кеткен-ді. Жұбан осыған былай үн қосады.

Қасқая шап, қарсы бар,

Өмірдің нұрлы таңы үшін!

Бір бассаң да алға бас,

Миллиондардың бағы үшін!

Жұбанның соғыс жылдарындағы өлеңдерінің көбі осы желіні қамтиды. Жауынгер қасиеттерін асқақтата жырлаумен қатар, елін, жерін, ата-анасын сағынғанды естен шығармайды.

Жұбан әкеден ерте қалып, шешесі Зеріптің жалғыз сүйеніші болып өсті. Сүйікті анасын сағынған солдат-ақын былай деп сәлем хат жолдайды.

Құйғытып аспан көгінде,

Кұлдырап құстай сәлем хат.

Жетші сен туған жеріме,

Жеткізші менен аманат.

Тайпақтан сонау тапшы іздеп,

Майданшы солдат анасын.

«Қарағым қашан қайтар» деп,

Сағынған шығар баласын.

Бұл шумақты бүкіл ауыл болып оқып, шешейдің жалғызының аман оралуын тілепті.

Ал, майдандағы біздер талай солдатты толғандырғанын, газеттен тіліп алып, үйлеріне жіберген хаттарына салғандарын өз көзімізбен көрдік.

Константин Симоновтың «Жди меня и я вернусь» өлеңінен бастама алған майдандағы жауынгердердің қыздарға сағынмшын жырлаған талай ақывдардың өлеңі бар, Қасымның «Дариға кызы» шықпай жатып, Жұбан елдегі бір сүлуға былай хат жолдайды.



Көргендей бол өзімді,

Xaттан оқып атымды.

Сағынсаң жұмып көзіңді

Бауырыңа бас хатымды.

Сарғайып жетер бұл қағаз,

Сағынышым тәрізді.

Сақтаулы жүрді ол біраз,

Сатпағын салды тер ізі.

Жолшыбай тағы бір шалар,

Сонда да сәулем, жерінбе.

Kадіpi мол Қасиет бар,

Солдаттын ащы терінде.

Бұл жолдарда көп мағына, жаныңды тербететін нәзік лирика бар.

Майданда туған елден шалғайда жүріп біздіңше,

Жұбанның ақындық бастамасы, қаламынын гөселіп, ұшталғандығынын куәсі еді. «Сағындым, Жайық», «Батыр туралы баллада», «Шығыста туған елім бар», «Соқ сағатым» сияқты өлеңцері СССР Жазушылар Одағының 1946 жылғы пленумында басқарманың төрағасы белгілі ақын Николай Тихоновтын баяндамасында Жұбанның атына зор үміт артқан жылы сөздерге ие етгі

Отты жылдарда едәуір есейіп, творчестволық швбыты біркелкі ұшталып қайтқан Жұбан бейбіт өмірдің сәнділігін, взаматтық лириканы жырлауғз бет алды. Газеттерде және Жазушылар Одағында жауапты жұмыстар атқара жүріп, ол күнделікті өмір дүбірнің сан-алуан маңызды оқиғаларына өзінің өлеңдерімен ат салысып отырды.

Жұбан жырлаған тақырып сан-алуан. Еліміздің барлық табыстарын азаматтық мақтаныш сезімімен уағыэдау - Жұбан өлендерінің басты өзегі десек, артық болмас. Алғашқысында ізденіс, ерінбей үйрену бағытын да болған Жұбан ірі кесек noэзиялық бұйым бере бастады. «Нұрлы жол» - оның бұл саладағы гұңғышы, көлемінің шағындығына, композициясының күрделі еместігіне қарамастан, уақытында «сәтті шықтының» қатарына қосылған ол жас жұмысшының қалыптасуын баяндайдм. Қазақ поэзиясында бұл тақырып тұңғыш жырланғанын да айту керек

Бірақ, «Нұрлы жол да», «Қызыл галстук те», «Қиял қанаты да» (өздерінің ақын творчествосында тиянақты орындары болғанымен)

«Жыр туралы жырдың» прологы сияқгы. Ақын көп ізденіс үстінде жүріп, қаһармандық тақырыпқа қайта оралды.

Патриот ақын Мұса Жәлелдің ерлігі тек қалам қайраткерлерін ғана емес, бүкіл халқымызды толғандырғаны мәлім. Бұл толғану үстінде акындардың да, жазушылардың да Мұса бейнесін жасауды ойлағавдары көп болуы ғажап емес. Каһарман патриоттың, жалынды ақынның алып тұлғасын көрсете білу, оның күшінің ғажаптығын аша білу-әрі тартымды, әрі сом міндет еді. Бұл игі міндетті атқаруға тайсалмай бел байлаған тек қазақ қаламдастарының ішінен ғана емес, барлық Одақгық жазушылар қауымының ішінен Мұса туралы бірінші болып толғандырарлық дастан берген Жұбан.

Ақын Жәлел туралы асқақта да, терең тебірене де, қаһарлы ызамен де жырлайды. Көлемінің аздығына қарамастан, поэма өте тартымды, әрбір сөзі зергер тартқан күмістей. Дастан бірден зор ынталы екпінмен басталады да, ол ақырына шейін жасымайды, керісінше, соңғы жолдары бастапқыдан да көтеріңкі, өрлеңкі.



Жайласып жатыр ақырын,

Зал толы-жырдың достары.

Тыңдамақ абзал ақынын,

Ардақты отандастары.

Ақын ше?Ақын келмеді

Бос күтті төрде бір орын...

Күбірлеп залды кернеді,

Сөз алды сонда жыры оның.

- Іздесе мені кімде-кім,

Шырағдан етсін жырымды.

Жырымның жайса өрнегін,

Табар да ұгар сырымды –

деп басталып,-



Сүюші еді ол танды,

Сұлулық мәңгі досы еді.

Сұлудан сұлу Отаны -

Арманы оның осы еді.

Сонан соң - деме, достарым,

Босауы бекер көңілдің.

Прологы-дастаным

Эпилогсыз өмірдің –

деп аяқталады бұл жыр.

Поэма шебер құрылған. Мұсаның торығуы да, күйінуі де, бірақ жекпе-жекке шығып, жеңілмеуі де өте нанымды. Оқушы Мұсамен бірге болады, оның барлық көңіл күйіне ортақ батырдың қасқая қарап, ажал үкімін карсы алуы мақтаныш сезімін туғызады. Сөз оралымдарының бояулы жарқындағы, оттылығы, қаһарлы қайрат білдіретін екпіні - бұл дастанды қазақ поэзиясыңца пайда болған сөз термелерінің алдыңғы қатарына қойғаны анық. «Жыр туралы жыр» ақынды үлкен белеске көтерді, оны белді ақындардың қатарына қосты.

Жұбанның «Жесір тағдыры», «Мен қазақпын», «Айттым сәлем», «Туған жер» сияқты кесек туындылары толғандырмай қоймайды. Меніңше, осы аталған поэмалардың бәрі де құнды, заманына сай ұтымды, шындығымен, байсалды пәлсапалық терең ойымен баурап-ақ әкетеді.

Солай деп тұрсақ га «Мен қазақпын» дастаныиың енсесі бәрінен де биік жатқан сияқты.

Мен - қазақпын, белдімін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

«Қазақстан, сүйікті туған үй, туған елімсің» деп, майданда жүріп аңсаған өлкесінің бейбіт өмірдегі сан-алуан табмстары-ақынның біркатар туындыларына арқау болған. Туған жерді асқақтата жырлау, жай адамға көріне қоймайтын, оның керемет сәнділігін нәзік те жігерлене толғау - Жұбанның ақындық шеберлігінің жарқын бір көрінісі. Оның «Жаңалық», «Кім кінәлі», «Ауыл түтіні», «Бұлақ», «Ақ Жайық», «Туған ауылымда», «Орал туралы ойлар» өлендері жылылық сезіммен, туған жерінің табиғатын мақтаныш ету бағытында жазылған.



Сүйемін, сені Ақ Жайык,

Жағаңда жанмын жаралған.

Егін, ну, жасыл бидайык,

Далам да сенен нәр алған,

немесе.


Өлеңтінің қармақ тартқан қай жері,

Сайқұдықтың сарымсаққа бай жері.

Көңілімнің көзі алдында бәрі де,

Киік оты жұпарланған сай желі.

туған ауыл, туған жер-ай, далам-ай,

балаша мәз, байсалдысың данадай.

Сенше түлеп, сенше өзгерсем арман не!

Тек өзіңнен мені бөлек санама!

Осындай ыстық леп, туған жері туралы толғану Жұбан шығармаларының көбіне тән. «Жиырма бес», «Ғашық көзбен», «Айттым сәлем» жинақтары Жұбанның поэзиялық асқар шыңына көтерілгендігін аңғартады, қазақ лирикасының айтулы шеберлерінің бірі болғандығын сипаттайды. Әсіресе, «Айттым сәлем» жинағындағы жырлардың жүрек тебірентпейтіні жоқ. Ашық аспаннан күн шүйілгенде жаныңа рахат беретін самалдай леп ескендей болады.

Тағы бір айта кететін жайт бар. Ол Жұбан ақынның нәзік лирика жасауға да шеберлігі. «Аққуым аспанда емес жер бетінде», «Көзімде қалды суретің», «Жеңеше», «Дала түні», «Еділ мен Жайық», «Мен қазақ қызына қайран калам» сияқты лиризмге толы жылы сезімді ән-әуенді тізбектері тебірентпей қоймайды.

«Ғашық көзбен» жинағындағы шүмақтар да көңіл сүйісінерлік, Жұбанда жүректі қозғайтын лирика, сиқырлы ырғақ пен үн құбылыстарына толы, сыңғырлаған шумақтар көп.

Жұбан қазақтың XX ғасырдағы көрнекті ақындарының бірі болып, тарих бетінен өзіне лайықгы орын алды. Ақындық таланты өз заманында, көзінің тірісінде бүкіл Одаққа танылып, өте жоғары бағаға ие болды. СССР мемлекеттік сыйлығының, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты биігіне көтерілді.

Ақын Жұбанның азаматтық ерлігі, әлеуметтік ұлағаттылығы өз алдына бір төбе. Халқының қалаулысы болды. СССР Жоғарғы Советіне, Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. Қазақстан Жазушылар Одағының басшылығына үш рет сайланды. СССР Жазушылар Одағы баскармасының секретары, СССР Лениндік және мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі Комитеттің мүшесі болды. Осындай зор лауазымдар оның басын айналдырмады, кішіпейілділігі мен қарапайымдылығы жұртты тәнті етті.

Жазушылар Одағына басшы болып сайлану да, оның жұмысын басқару да оңай шаруа емес. Әрбір жазушы мен ақынның өз ерекшеліктері, тек қана шығармашылық деңгейі мен мінез-құлқын айтпағанның өзінде, толып жатады, қызбалары мен қиқарлары да әбден болады.

Жұбанның бір ерекшелігі солардың бәрінің алдында акжарқын мінезімен, келген әріптесінің бұйымтайын ұғына түсінуімен, сөзге ермей, әрқашан өз ақылының терең ойлап, тұжырымдауымен айшықталатын еді. Талант иелерінің арасында болып жататын бақ таластық, топқа бөлініп кетіп, алып-қашпа, бейсует әңгімелерге Жұбан араласпайтында, олардан іргесін аулақ ұстайтын.

Осындай жақсылыктарынан болар аға буын жазушылар Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Хамза Есенжанов, дүлділ ақын Тайыр Жароков, Қасым Аманжолов Жұбанды інілерінің ііцінен бөлек жақсы көретін, аса жылы ілтипатпен қарайтын.

Жұбанның бұрыңғы Одақтас республикаларда, тіпті шетелде де ақын-жазушылардың достары көп еді. Расул Гамзатов бірде «Менің ақындық атағымды өлендерімнен бұрын Дағыстанның шарабы мен Фатиматым шығарды» дегенді. Сол айтқандай-ақ Жұбаннын шеттегі достарының көп болуына София жеңгеміздің дастархаи мәзірінің молдығы, қонақты кең пейілмеи, ақ жарқын қабылдауы себепкер болғандығын айтар едім. Москваға, Ленинградқа, Киев пен Ташкентке, басқа да ірі қалаларда. жазушылардың көптегеи демалые үйлерінде болғанда, Жұбан көптеген әріптестерін қонаққа шақырып келетін. «Қонаққа кім бармайды, қымызды кім ішпейді»- дегендей жазушылар ол заманда ағылып, келіп-кетіп жатады, олардың Жұбан үйіне сокпайтыны жоқ десем артық емес, өз басым Жұбан үйінде Сәбит, Ғабит, Ғабидендерден бастап, белгілі қазақ қалам қайраткерлерінің көбін көріп, танысканымды былай қойғанда, Шыңғыс Айтматов, Ғафур Гулям, Мырза Тұрсын Заде, Давид Кугультинов, Расул Гамзатов, Мұстай Карим, Берды Кербебаев, Махмуд Хусайн, орыс, украин, белорус, балтық жағасы елдерінің белгілі ақын-жазушыларыменде табақтас болғанымды мақган етемін.

Аталғандардың бәрі де Жұбанға деген ыстық сезімін, ақындық дарынының биіктігін айтып, мәре-cәpe болатын.

Жұбанда достар көп болды, дегенменле, онын биіктей бергенін көре алмай, тырнақ астынан кір іздеп, аяқтан шалушылар да болмай қалған жоқ. өзім анық білетін бір-екі жайлы айта кетейін. Жетпісінші жылдарда Жұбан «Хатшыға хат» деген бірнеше шумақтан тұратын өлең жазды. Алматы Жоғарғы партия мектебінің тыңдаушыларымен бір кездескенде, әлі жарық көрмеген, ешқайда басылмаған осы өлеңін оқып беріпті. Жиналғандар өте жылы шыраймен қабылдаған бұл өлеңін «Жұлдыз» журналына берген. Сол өлен жарияланған журнал нөмірін әдейі ұстап, Жұбанға шүбә келтіруді ойлағандар біраз күш алып кетуге жақындағанын көп адам білмегенмен уакқытында Жұбанның едәуір мазасын алғанын білемін. «Жұлдыз» журналының сол нөмірін таратудан бұрын, ертемен партияның Орталық Комитетінің бюро мүшелерінің, Қонаевтан бастап, үйлерінің пошта жәшігіне салып кетіпті. «Жұбанның өлеңіне көңіл аударсаңыз» деген жапырақ қағаз бар.

«Көңілдестер» бұл өлең партияның басшыларын даттап, өзін мақтап отыр» деген үғым тудыруға мықтап-ақ тырмысыпты. Сондағылары Жұбан өзін олардан артық санайды өйткені «Мен қаламын ақын боп өлгенде де» деп, сайрап отырған жок, па деп даурығыпты. Қонаевтың да, Имашевтың да, Асқаровтың да қулағына сыбырлаушылар «Осы өлең сіз туралы» дегесін. адам емес пе, оларды да қобалжытқан сияқты. Арам пиғылдары Жұбанды сүріндіру, Республиканың белгілі үш басшысымен араздастыру болды. Өлең журнал бетінен сыпырылып тасталды.

Сол жылы жазда Көкшетауға Саттар Имашев келді. Бір ауданға бара жатырмыз. Айдаушымыз орыс еді. Соны пайдаланып, Саттар қазақша сөйлеп кетті. бірде «Сен ғой Жұбанды жақсы білесің». «Хатшыға хат» өлеңін оқыдың ба? Қалай қарайсың», - дегені. Сөздің ыңғайын сезгеннен кейін: «Республикада хатшы көп қой. Бастауыш ұйым, аудан, қала, облыстарда. Ал, Жұбанның солардың ішінде достары өте көп, қастары бола қалса некен-саяқ. Өлендегі хатшы аудандағы, солардың көбінің тұлғаларының жиынтығы сияқты, тіпті, кімге арналып жазылғанынан да хабардармын. сіздермен жақсы қарым-қатынаста, жасаған игіліктеріне өзі де, үй іші де өте риза. Сіздер жөнінде Жұбан ізеттіктен басқаға бармайтын адам. Оның «достарының» қулығының астары Сіздердің Жұбанға деген жылы ықыластарыңа нұқсан келтіру. Менің білетінім, осы деп, сөзді доғардым. Хатшы бұдан әрі тақырыпқа оралмады.

«Мен қазақпын» поэмасы шыққанда, Жұбанның соңына түсушілер болған. Бұл шығарма ұлтшылдықты уағыздайды дегендерде болды. Дегенмен халық жақсы қабылдағаны, орысша ұтымды аударылуы арқылы орыстарға, орысша оқи алатындардың бәріне жылы әсер еткені бұл поэманы шабуылдан сақтап қадды. Бір айта кететін жәйт «Мен қазакпын» 1944 жылы жазылып, майдандағы қазақ жауынгерлері газетінде жарияланғанды. Онда поэма ықшам, тек қазақтардың майдандағы ерлігін баяндайтын. Ал, соңғысы әсем сомдалған, ақынның кемеліне келіп, шығармашылық ойының зейнетіне көтерілген шағында жазылған.

1986 жылдын желтоқсанындағы оқиғалардан кейін бірқатар белсенділер өз ұлтын ғайбаттап, қыршыннан қиылған боздақтарды бұзақылар деп айыптап жатқанда, «Әй, әлгі қазақ Жұбан қайда, ол енді қайда тығылар екен?» деушілер болды. Ақынның жанын қинаған осындай бейбастықтардың сөздері емес, сол қанды-соққыны көруге тағдырдың жазғаны еді. Жазушылар Одағына Қазақстан Үкіметінің жаңа басшылары түгел келіп, қаламгерлерден істеген қылыктарына қолдау талап еткені анық. Ондай шараларда бұрыннан белгіленген «шешендер» алдымен көтерілетіні белгілі. «Қолдаймыз», «Айтқандарың дұрыс-ақ», «Қатаң шара алыңдар» деп, бірталай жазушылар «міндеттерін орындап», сахнадан түсіп те кетті.

Сахнаға Жұбан көтерліді. Зал іштей тынып қалды. Ұзақ тыныштық орнады. «Қазақ Жұбан не айтар екен, көрейік сабазды» деп қалғандарда болды. Ақын ше, ақын саспады. Қасқая қарап, залға да, «жеңімпаз» болып келіп отырған Республика басшыларына да өз ойының тұқ етерін айтты. «Талайды көрген басым, мынадай озбырлықгы көрем деп ойламаған. 15-16 жасар қазак қыздарының бұрымынан тартып, қарға жығып, сүйрелеи, солдат күректерімен басын жарғанын көргенше, кешегі алапат соғыста неге өліп кетпедім екен. Ел үшін жанын пида еткен батыр Мәншүк пен Әлияның сіңлілерін бұлай қорлаушылар калай жер басып жүреді».

Жұбанның сөзі жарылған бомбадай әсер етті. Ақын қазақты жырлаушы ғана емес, өзі нағыз қазақ екенін бүкіл елге паш етті.

Қазір Жұбаннан кейін мен де осылай сөйлеп едім деушілер баршылық. Бірақ олардың сөздері Жұбанның сөзіндей «іштегі күйікті, осып кете алмады».

«Сел» поэмасы да оңайлықпен жарық көрмеді, ІІІығарманын бір данасын өзі апарып, Орталық Комитеттін бюро мүшелерінің оқып шығуын өтінген. Ұзақ оқығандары, экспертизаға бергендері де анықталды. Поэма жарық көрді, әділ бағасын да алды. Бірақ, аяқтан шалушылар да болмай қалмады. Енді поэманың «басшы» деген геройына жармасты. Шығарма Димаш Қонаевке арналған, «Руководитель» деген сол кісі ғой. Енді Жұбан баяғы «хатшыға хаттағысын» жуып-шайып, Қонаевтен кешірім сұрап отыр деп соқты. Осындай қанқу сөздер ақынның жүйкесіне қадалды, оның денсаулығының нашарлауына да әсер етпей қойған жоқ.

Жұбан дүниеден ерте кетті. Бірақ халқының қалаулысы, сүйікті ұлы болып есте қалады. Жұбанды ақырғы жолға шығарушылардың ішінде менде болдым, ақырғы қош айтысып сөйлегендердің бірімін.

Бүкіл Алматы болып шығарып салды. Өкімет басшылары, үлкен лауазым иелері, қаланың атақты адамдары, жастар ауыр азаға ортактасты. Осының бәрі Жұбанның үлкен ақындығының, азаматтық қабілетінің биіктігінің, халқының мақтанарлық адал ұлы екендігінің жарқын көрінісі ғой.



«Ақын болып қаламын өлгенде де» деп өзі айтқаны жылдан-жылға айқындалып келеді. Өзі айтқандай:

«Сонан соң? деме достарым

Босауы бекер көңілдің.

Прологы - дастаным

Эпилогсыз өмірдің».

Бисен Жұмағалиев

Республикалық дәрежедегі зейнеткер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет