Құймалы жүктермен тиеу-түсіру жұмыстарың механикаландару



бет2/6
Дата26.09.2022
өлшемі39,18 Kb.
#150717
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15-ші аптаның дәрісі

Тұтану температурасы – бұл сұйықтықты, газды немесе қатты денені қыздыру кезінде ұшқын немесе жалын пайдаланылмай өздігінен тұтану пайда болатын ең төменгі температура.
Жарылғыштық (тұтану) шегі деп ұшқын, жалын, қыздырылған металл заттарының әсерінен жарылуға (тұтануға) қабілетті мұнай өнімдері буларының ауадағы минимум немесе максимум құрамы.
Статикалық электр зарядтары мұнай өнімдерін құбырларда тарту процесінде жинақталады және бұл жерде құбыр бетінде кері белгі заряды пайда болады. Электр зарядын болдырмау үшін мұнай өнімдерінің құбыр бойынша жылжу жылдамдығы 12 м/с аспауы керек, сонымен қатар сәйкес жерқосқыштық орнатылуы керек.
Барлық құю арқылы тасымалданатын жүктер төмендегідей бөлінеді:

Қауіпті жүктерге тасымалдану немесе сақталу жағдайында адамдардың және жануарлардың науқастануының, улануының, күйюінің, сонымен қатар жарылыстың, өрттің себебі болуы мүмкін, сондай-ақ басқа жүктердің, қозғалмалы құрамның, имараттар мен құрылғылардың бүлінуіне, қоршаған ортаның ластануына әкелетін жүктер жатады. Мұндай жүктер тасымалдау және сақтау кезінде КТЖ белгілейтін ерекше ережелер бойынша сақтандыру шараларын сақтауды талап етеді.
Қауіпті жүктер 19433-88 «Қауіпті жүктер» МЕСТ-қа сәйкес жіктеледі. Келесі кластарға жіктеу және таңбалау:

  • 1 класс – жарылғыш материалдар (ЖМ);

  • 2 класс – қысылған, сұйылтылған және қысыммен ерітілген газдар;

  • 3 класс – тез тұтанғыш сұйықтықтар (ТТС), яғни тұтану температурасы 600С дейін;

  • 4 класс – тез тұтанғыш қатты заттар (ТТҚЗ), өздігінен тұтанатын заттар (ӨТЗ), сумен әрекеттескенде тұтанғыш газдар бөлетін заттар;

  • 5 класс – тотығыш заттар (ТЗ) және органикалық периоксидтер (ОП);

  • 6 класс – улы заттар (УЗ);

  • 7 класс – радиоактивті материалдар (РМ) және жұқпалы заттар (ЖЗ);

  • 8 класс – немесе жегіделі заттар;

  • 9 класс – басқа да қауіпті заттар.

Әр кластың қауіпті жүктері өздерінің физикалық-химиялық қасиеттеріне, қауіптілік түрі мен дәрежесіне сәйкес тасымалдау кезінде ішкі класстарға, категориялар мен топтарға бөлінеді. Осылайша, мысалы, жарылыс өрт қауіптілігі мен қауіптілігі жағынан ТТС олардың буларының сынып бағанының 760 мм қысымында тұтану температурасы бойынша кластарға топталады. Бұл жерде тұтану температурасы 600С болатын ТТЖ тез тұтанғыштарға жатады және 600С жоғары - өрт қауіпті болып табылатын жанушы өнімдерге жатады. Кейбір сұйықтықтардың тұтану температурасы нолден төмен болады. Бұл бензин, бензол, ацетон, мұнай, спирт, күкірткөміртегі. Минустық температураның өзінде бұл сұйықтықтар құйылған ыдыстарға ашық оттың қатынауы міндетті түрде жарылысқа және өртке әкеледі.
Тез тұтанғыш мұнай өнімдеріне жататындар: бензин, лигроин, шикі мұнай, керосин, дизель отынының кейбір сорттары және т.б.
Тұтану температурасы 610С және одан жоғары болатын жанаушы мұнай өнімдеріне жататындар: дизель отынының кейбір түрлері, мотор отыны, флот мазуты, мазут, майлар және т.с.с.
Тез тұтанғыш заттарды (бензин және т.б.) тасымалдау, оларды цистерналарға құю және ағызу кезінде өрт қауіпсіздігінің ерекше шараларын сақтау қажет. Мұнай өнімдерінің жарылуы ауада мұнай өнімдері буларының белгілі пайыздық құрамы болғанда және оған ашық жалын жақындатылғанда мүмкін (бензин булар құрамы 1,1-ден 6,0 % дейін, лигроин – 1,5-тен 4,5% дейін, керосин 2-ден 3% дейін, бензолдар – 1,4-тен 7,4% дейін).
Есте сақтау керек, температура жоғары болған сайын сұйықтықтар булануы қарқынды болады. t - 40…500С температурасында бензин қайнауы басталады. Мұнай өнімдерінің буларының жарылуы немесе жануы мұнай өнімдері құбырлар мен сыйымдылық қабырғаларына үйкелген кезде пайда болатын статикалық электр разрядтар салдарынан болуы мүмкін. Бұл жерде бірнеше мың вольт кернеуі пайда болады! Егер бұл кернеуді кетірмесе және мысалы жерге разрядталу жағдайларын жасамаса, сұйықтық буларын тұтандыратын ұшқын аралық пайда болады. Дәл осы себептен бензовоздың металдық шынжыры болады, ол қозғалу кезінде бензинның цистерна қабырғаларына үйкелуінде пайда болатын статикалық электрді кетіреді. Статикалық электрдің қауіптілігі туралы тұрмыстада ұмытпау қажет. Киімді бояудан, майлардан және т.б. тазарту кезінде статикалық электр пайда болады, нәтижесінде өртке және күйік алуға әкелетін тұтану орын алуы мүмкін. Статикалық электрдің жинақталуының алдын алу үшін құбырлар және барлық мұнай өнімдерін тасымалдауға қажет құрылғылар үздіксіз жерқосқыш тізбек түрінде ұсынылуы қажет.
Көптеген сұйықтықтар булары улы қасиеттерге ие болады және адам ағзасына зиян келтіреді.
Сұйықтықтардың өздері жанбайды, олардың булары жанады, мысалы, егер машина майын арнайы аспапта қыздырып, әр уақыт мезеттерінде май бетіне сіріңке жақындатса, май температурасы 18000С жеткенде, оның буы емес майдың өзі тұтанады. Жанғыш және тез тұтанғыш сұйықтықтар буларының ауамен қоспасы жарылыс қауіпті шоғырларды туындатады. Осылайша, мысалы, бензин булары ауада 0,8-ден 5,4% (көлемі бойынша) дейін шоғырланғанда жарылуы мүмкін. Қандай бөшке қауіпті – бензин құйылғаны ма, әлде бензиннен босатылғаны ма? Бөшкеде бензин тұтанды дейік. Бөшке бетін сулы дәкемен, киізбен немесе брезентпен жапса, өрт тоқтатылады. Егер де бөшкеде бензин аз болса, не қабырғаларында тек оның қалдықтары қалса, онда бөшкенің ішкі көлемі ауамен араласқан бензин буларына толы болады. Кішкене ұшқыннан жарылыс пайда болады. Сондықтан бензин құйылған бөшкеден бензиннен босатылған бөшке қауіптірек болады.
Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды темір ыдыста, арнайы қоймаларда сақтау керек.
Мұнай өнімдерінің тұтқырлығы оларды тасымалдау мен жүк операцияларын орындау тәсілдер таңдалуына әсер етеді. Цистерналарда тасымалданатын құймалы жүктерді: тұтқырлы емес, әлсіз тұтқырлы және жоғары тұтқырлы деп бөледі.
Жоғары тұтқырлы мұнай өнімдері – мазуттардың түрлі сорттары (майлайтыннан басқа), гудрон, жартылай гудрон, патока, автолдар, сығымдағыштық, кемелік, авиациялық, күнбағыс және басқа майлар – құю және ағызу кезінде жазды күннің өзінде қыздыруды қажет етеді. Әлсіз тұтқырлы (жеңіл және ауыр мотор майы, флот мазуты және т.б.) жылдың жылы мезгілінде қыздырылмай құйылады.
Парафинді мұнай өнімдері әдетте олардың қату температурасынан 100С жоғары қыздырылады. Сұйықтық температурасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның тұтқырлығы төмен болады. Сұйық жүктердің тығыздығы сондай-ақ сұйықтықтың құбырлардан ағу жылдамдығына және осының салдары ретінде – құю және ағызу жылдамдығына әсер етеді.
Металды кеміру қасиеттері бойынша сұйық жүктер үш топқа бөлінеді: әлсіз кеміргіш, қатты кеміргіш және кемірмейтін. Әлсіз кеміргіш тобына жататындары – таскөмірлі шайыр, карбол, күкікірт қышқылы. Қатты кеміргіштерге: азот, хлорсульфинді қышқылдары және т.б. Кемірмейтін жүктерге қалған басқа сұйық жүктер жатады.
Сұйық жүктер құйылуына берілетін цистерналар ұқыпты түрде тазартылып, берілген жүкті тасымалдауға дайын болуы керек.
Барлық арнайы және арнайыландырылған цистерналар қазандары сәйкес түрге боялған немесе түсті жолақтары болады және жүк қауіптігі туралы трафареттері болады («Өртке қауіпті», «Улы», «Улы сұйықтық»).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет