11- апта 1 кредит сағат Практикалық сабақ тақырыбы: Жарнама жариялай білесіз бе?
Практикалық сабақ мазмұны: Жарнама – нарықтық қоғамның негізгі атрибуты. Жарнама – тауарлар мен өнімдердің, бұйымдар мен заттардың өнімділігін арттыру үшін, фирманың, кәсіпорынның қызметін таныстыру үшін, фирмаға , кәсіпорынға тұтынушыларды көбірек тарту мақсатында жүргізілетін ашық хабарландыру. Сіз фирма қызметкерісіз. Жарнама тиімді болсын десеңіз, шетелдік менеджер ұстанатын бірнеше ақыл-кеңеске құлақ түріңіз.
Өз тауарыңызды теңдесі жоқ зат, басқалар осындай бұйым жасай алмайды деп мақтанбаңыз.
Жарнама үшін төленетін қаржыға сараңдық жасамаңыз.
Жұмыс істейтін фирманың өнімінің сапасы туралы жұртшылық жақсы көретін беделді адамның айтқаны жөн. Бірақ ол саси қайраткер болмасын, әрине халық қошемет көрсететін, қадірлейтін, қауым сүйіспеншілікпен қарайтын сахнагер, ақын-жазушы қатысқан жарнама тұтынушыны бірден елең еткізеді.
Егер өнімнің сапасының соншалықты жоғары екеніне анық көзіңіз жетпесе, оны жарнамалауға асықпаңыз. Тауарды өсіріп мақтамай, әрі азын-аулақ кемшілігін байқатпай қарапайым хабарландыру берсеңіз де жеткілікті. Кез келген тауарға сатып алушы табылады. Есіңізде болсын, сатылмайтын зат болмайды.
Жарнама Ең алғаш жарнама жұмысын 1841 жылы ағылшын азаматы Волни Пальмер ашты. Ең үлкен жарнамалық агенттіктің бірін XIX ғасырда Джордж Роуел басқарды. Әлемнің әр түкпірінде жарнама жасаумен айналысатын арнайы компаниялар құрыла бастады. Бұл жарнама бизнесінің дамуына үлкен әсер етті. Мысалы: «Хайнс», «Американ тобакко», «Проктер энд Гэмбл» т.б.осының үлкен дәлелі. Қашан да тұтынушылар жарнамасы сәтті сауда маркаларын қолдайды.
Жарнамалардың жылдам дамуына байланысты ХІХ ғасырда тек қана жарнамалық сипаттағы көлемді журналдар шыға бастады. 1885 жылы жарнамалық журналдардың таралымы 100000 данаға дейін жетті, ал 20 жылдан кейін жарнамалық журналдың бұл көрсеткіші бес миллионға жетті.
Джон Ласкер - жарнамамен қамтамасыз ету агенттігінің атасы деп аталады. Д. Ласкер басқаратын «ЛОРД ЭНД ТОИАС» ең үлкен жарнамалық агенттік болып саналады.
ХХ ғасырдан бастап жарнама жаңа бағытта дами бастады. 1986 жылы газет бетіндегі жарнамаға 27миллиард доллар жұмсалса, қазіргі таңда ол бес есеге ұлғайды.