Жұмыс бағдарламасы 051101 «Мейірбике ісі» мамандығына арналған Қр мжмббс



бет25/77
Дата22.12.2023
өлшемі271,23 Kb.
#198661
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77
Байланысты:
kom nav sd kz

Есептер:
45 жастағы әйел дәрігерге ,психологқа шаршаумен – жанұя проблемаларымен және жыныстық өмірдің жоқтығымен қаралды.
1. Осы әйелге өзінің компетентілігімен қараңыз.
2. әйелге вербальді және вербальді емес қатынас арқылы көмек беру.
1)Тақырыбы: №9 Медициналық ортадағы өзара қарым – қатынастың этикалық аспектісі. Медициналық көмек көрсетуге дін, әлеуметтік жағдай, мәдени әртүрлілік, ақыл – ой шектеулігінің әсері.
2) Мақсаты: Медициналық этика жөнінде ұғым қалыптастыру және оның дәрігер қызметіндегі маңызы. Науқастардың мәдени діни және әлеуметтік ерекшеліктері туралы және онымен байланысты этикалық мәселелер мен проблемалар жөнінде түсінік қалыптастыру.
3) Оқыту мақсаты: медициналық этика және дәрігер қызметіндегі маңызы туралы түсінік беру. Науқастардың мәдени, діни және әлеуметтік
айырмашылықтары туралы түсінік қалыптастыру және олармен байланысты мәселелерді шешуге үйрету.
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Медициналық этика: анықтамасы, түсінігі, негізгі қағидалары, маңызы.
2. Дәрігердің кәсіби қызметінің құқықтық және моральдық-этикалық аспектілерін анықтайтын құжаттар.
3. Науқастардың діни, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктері.
4. Науқастардың діни, мәдени және әлеуметтік айырмашылықтарымен байланысты этикалық мәселелерді шешу жолдары.
5) Білім берудің және оқытудың әдістері:
1. Негізгі сұрақтарды талдау
6) Әдебиеттер
7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар).
Сұрақтар:
1. Әлеуметтік жағдайға діннің әсері.
2. Психикалық ауытқулары бар науқастармен қарым-қатынас

  1. Науқастардың діни, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктері.

4. Медициналық этика: анықтамасы, түсінігі, негізгі қағидалары, маңызы.


Тесттер

1.Дәрігер белгілеген дәрілердің ... қолданылмайды.
a. кемінде 20 %
b. жартысы
c. 60 %
d. өте аз
e. 10 %
2. Агравация әрекеті ... сипатталады.
a. жоқ аурудың белгілерін ойдан шығарумен
b. аурудың белгілерін тым азайтумен
c. аурудың белгілерін тым күшейтумен
d. аурудың белгілерін толық түсінбеймен
e. аурудың белгілерін ойша бейнелеумен
3. Диссимуляция - бұл:
a. ауру белгілерін ерікті жасыру
b. жоқ ауру белгілерін әдейі көрсету
c. ауру белгілерін асыра сілтеу
d. ауру белгілерін әдейі азайтып көрсету
e. ауру белгілерін еріксіз жасыру
4. Анозогнозия - бұл:
a. еріксіз реакция,ауруды түсінбеу
b. ауру белгілерін әдейі жасыру
c. ауру белгілерін төмендету
d. ауруға ену
e. жоқ ауру белгілерін асыра сілтеу
5.Ипохондрия дегеніміз -
a. өз денсаулығы үшін шектен тыс мазасыздану.
b. ауру әлеуметтік нәтижелерінен қорқу.
c. аурудан сауығудан қаламау .
d. аурудың салдарынан пайда көру.
e. ауру белгілерін асыра сілтеу.
6. Симуляция дегеніміз-
a. аурудан пайда табуға талпынатын прагматикалық көзкарас.
b.ауру белгілерін асыра сілтеу.
c. ауру белгілерін әдейі азайтып көрсету.
d. ауру белгілерін еріксіз жасыру.
e. ауру әлеуметтік нәтижелерінен қорқу.
7.Қиын науқастарға ... сипаттағы белгілері бар науқастар жатады:
a. суицидальдық сипаттағы депрессивтілік
b . эпилептоидты
c. астено невротикалық
d. гипертимдік
e. истероидтық
8. Дәрігер науқас ретінде – бұл ...
a. ең қиын және қалыптан тыс науқас
b. емдеушіге дәрігердің жұмысын жеңілдететін қайырымды науқас
c. басқа науқастармен бірдей
d. ең қалыпты науқас
e. ең қиын науқас
9.Дәрігер науқас қарым-қатынасындағы рольдердің қатаң бөлінуімен көрінетін өкімшіл авторитарлық модель - ... моделі деп аталады.
a. басқару
b.серіктестік
c. басқару- серіктестік
d. келісім-шарт
e. бағыну
10.Қақтығысты ауру арқылы шешу - бұл:
a. соматизация
b. интериоризация
c. гетероагрессия
d. аутоагрессия
e. басымдылық
11. Дәрігер – науқас қарым-қатынасындағы серіктестік моделі ... деп аталады.
a. психотерапия
b. ішкі аурулар клиникасы
c. психотерапия және неврология
d. гинекология және акушер ісі
e. хирургия




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет