Тест тапсырмаларын орындау
Бақылау түрі
|
Баға
|
Бағалау критерийі
|
Тесттік тапсырмаларды орындау
|
Өте жақсы
|
86-100 % дұрыс жауап
|
Жақсы
|
75-85 % дұрыс жауап
|
Қанағаттанарлық
|
50-74% дұрыс жауап
|
Қанағаттанарлықсыз
|
50% -дан төмен дұрыс жауап
|
Рефераттар дайындау және қорғау
Бақылау түрі
|
Баға
|
Бағалау критерийі
|
Рефераттар дайындау және қорғау
|
Өте жақсы
95-100 балл
90-94 балл
|
Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, тиянақты, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға сенімді, қатесіз жауап береді.
|
Жақсы
85-89 балл
80-84 балл
75-79 балл
|
Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберді.
|
Қанағаттанарлық
70-74 балл
65-69 балл
60-64 балл
50-54 балл
|
Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, бел жазылған Рефератты қорғауда тексті оқиды. Берілген сұрақтарға сенімсіз және қателіктермен жауап береді.
|
Қанағат
танар
лықсыз
0-49 балл
|
Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, компьютерде басылған, ұқыпсыз жазылып, уақытында тапсырылмады. Рефератты қорғау кезінде тексті оқиды. Сұрақтарға жауап беруде бағдарлама материалдарынан ауытқып, дұрыс жауап бермеді.
|
Тақырыптық презентация
Бақылау түрі
|
Баға
|
Бағалау критерийі
|
Тақырып
тық презен
тация
|
Өте жақсы
95-100 балл 90-94 балл
|
Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарды талқылау барысында ешқандай қателіктер жіберген жоқ.
|
Жақсы
85-89 балл
80-84 балл
75-79 балл
|
Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша білімінің жақсы екенін көрсетті. Сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберіп, оны өзі түзеп отырды.
|
Қанағаттанарлық
70-74 балл
65-69 балл
60-64 балл
50-54 балл
|
Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнсыз.Сұрақтарға жауап беру кезінде және талқылауда қателіктер болды.
|
Қанағаттанарлықсыз
0-49 балл
|
Презентация белгіленген уақытта тапсырылған жоқ, көлемі 20 слайдтан аз. Әдебиеттер тізімі 5-ден аз. Слайдтар мазмұнсыз. Презентацияны қорғау кезінде автор көптеген қателіктер жіберді. Өз материалдарынан ауытқып кеткенде қойылады.
|
Тест тапсырмаларын дайындау
Бақылау түрі
|
Баға
|
Бағалау критерийі
|
Тест тапсырмаларын дайындау
|
Өте жақсы
95-100 балл
90-94 балл
|
Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті және адекватты. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленген.
|
|
Жақсы
85-89 балл
80-84 балл
75-79 балл
|
Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес.
|
|
Қанағаттанарлық
70-74 балл
65-69 балл
60-64 балл
50-54 балл
|
Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз. Тест тапсырмалары нақты емес, дәл емес, ұқыпсыз құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленбеген.
|
|
Қанағаттанарлықсыз
0-49 балл
|
Тест сұрақтары 10-нан кем құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз, сұрақ дұрыс қойылмаған.. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптарының жауабы 50%-дан төмен, дәл белгіленбеген.
|
Ережеге сәйкес, оқыту барысында бірнеше бақылау түрі колданылады.
Оқу журналына орташа бағасы қойылады.
Аралық бақылау
Бақылау түрі
|
Баға
|
Бағалау критерийі
|
Тестілеу/әңгімелесу
|
Өте жақсы
95-100 балл
90-94 балл
|
Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді. Тест сұрақтарына 86-100% дұрыс жауап берді.
|
Жақсы
85-89 балл
80-84 балл
75-79 балл
|
Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегімен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады. Тест сұрақтарына 75-85% дұрыс жауап берді.
|
Қанағаттанарлық
70-74 балл
65-69 балл
60-64 балл
50-54 балл
|
Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады. Тест сұрақтарына 50-74% дұрыс жауап берді.
|
Қанағаттанарлық
сыз
0-49 балл
|
Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады. Тест сұрақтарына 50% -дан төмен дұрыс жауап берді.
|
Рейтинг
Пән бойынша үлгерім жалпы бағамен анықталады:
ЖБ ═ ЖРБх 0,6+ҚББх0,4; мұнда:
ЖБ – жалпы баға
ЖРБ – жіберілу рейтингісінің бағасы;
ҚББ – қорытынды бақылау бағасы.
Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) пән бойынша жалпы үлгерімнің (ЖБ) 60 % құрайды.
Қорытынды бақылау бағасы жалпы бағаның (ЖБ) 40% құрайды:
Емтиханға жіберілу рейтингісінің
бағасы (ЖРБ) ═ АғББ+АрББ ;
2
Мұнда: АғББ – үлгерімді ағымдық бақылау бағасы
АрББ – үлгерімді аралық бақылау бағасы, 2 аралық бақылау:
(АрББ1 + АрББ2)/2
Үлгерімді ағымдық бақылау (АғББ) ═ практикалық сабақтардың орта бағасы + ОЖСӨЖ орта бағасы + СӨЖ орта бағасы.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік
өңдеу құрылымы
Пән: Микробиология
Пән коды: Мiс 2207
Мамандық: 051103 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат (2 кредит)
Курсы және оқу семестрі: 2, III
Шымкент 2013 ж.
Биохимия , биология және микробиология кафедрасы оқу бағдарламасы «фармация» мамандығы – 051103 негізінен құрастырылып, кафедра мәжілісінде талқыланды:
хаттама № ___ “ __ ”________ 2013 ж
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. __________ Есіркепов М.М.
№ 1
1. Тақырыбы: Бактерия клеткасының құрылымы. Микроорганизмдердің морфологиясы.
2. Мақсаты: Микроорганизмдердің құрылымын зерттеу мақсатта қолданылатын бояу әдістерін меңгеруді үйрету. Микропрепараттарды дайындау техникасын меңгеруді үйрету.
3. Оқыту мақсаты: Микроскопия әдісін және микропрепараттарды дайындау техникасын, қарапайым және күрделі бояу әдістерімен фиксацияланған препараттарды бояуды үйрену.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Медициналық микробиология пәнінің анықтамасы.
Микроорганизмдер жүйесінің негізгі принциптері.
Бактерия клеткасының құрылымы.
Бактерия клетка қабырғасының құрылымының ерекшеліктері. L-трансформациялы бактериялар.
Бактериялардың цитоплазматикалық мембранасы – полифункциональналдық құрылымы.
Бактерия капсуласы, оның негізгі қасиеті, оны микроскопия әдісімен анықтау.
Жіпшелер, донорлық талшықтар, фимбриялар, немесе кірпікшелер – олардың химиялық құрылымы, бактерия жасушасы үшін биологиялық маңызы.
Эндоспоралар және спора түзу – бактериялардың қолайсыз жағдайдағы қорғаныстық қасиеті.
Spirochaetalis қатарының морфологиялық ерекшеліктері.
Риккетсиялардың морфологиялық ерекшеліктері, олардың жүйелілігі, жіктелуі.
Хламидиялардың морфологиялық ерекшеліктері, олардың жүйелілігі, жіктелуі.
Микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері, олардың жүйелілігі, жіктелуі.
Актиномицеттердің (стрептомицеттердің) ұйымдасу дәрежесінің ерекшеліктері, бактериялардан және саңырауқұлақтардан айырмашылығы, ұқсастығы.
Зең саңырауқұлақтардың морфологиясы.
Қарапайымдылардың жіктелуі және морфологиясы.
Грам әдісімен бояу механизмі және кезеңділігі.
Ожешко, Нейссер, Бурри-Гинс, Циль-Нильсен бояу әдістері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс істеу.
6. Әдебиет:
Негізгі:
1.Микробиология және вирусология ( жалпы бөлім ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2005.-208 б.;
2.Микробиология және вирусология( жеке бөлімі ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө Байдүйсенова Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2006.-199 б.;
3.Жалпы микробиология( оқу-әдістемелік құрал).Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова,А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева.Алматы-2006,176 б.
4.Жеке микробиология ( оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы,доценттер С.Ш.Шакиев,А.А.Стамкулова,Н.Т.Таурбаева, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова, А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева. Алматы-2006,176 б.
Қосымша:
1. Микрооргонизмдер морфологиясы (оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева. (А.Л.Котованың ред.).-Алматы, 2007 .-128б.
2. Микроорганизмдер физиологиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А. Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева..-Алматы.,2007,-132 б.
3. Микроорганизмдер экалогиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева.-А.,2007-96 б.
4. Микробтарға қарсы қолданылатын препараттар. (Оқу әдістемелік құрал) .Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Г.Р.Амзеева. А.,2007,-48 б.
5. Инфекция туралы ілім. Оқу құралы Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы..-А.,2007,-112 б.
6. Жалпы микробиологиядан лабораториялық сабақтар боиынша оқу-әдістемелік құрал ( А.Л.Котованың ред.). А.,1997.
Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.
Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010
Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.
Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.
У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.
www.google.kz
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
7. Бақылау ( тесттер, есептер.)
Жағдайлық есептер:
1. Егер сіз байқаусыз микроб дақылы бар пробирканы сындырып қойсаңыз және оның ішіндегісін столға, қолға немесе киіміңізге төгіліп кетсе не істеу керек?
2. Сіз бактериологиялық зертханада жұмысыңызды бітіріп, стол үстіндегі ілмекті отпен заласыздандырып, штативке қойдыңыз, спирт шамының қақпағын жауып, қалпақ, халатыңызды шешіп, жұмыс аяқ киіміңізді ауыстырып зертханадан шықтыңыз, сіз қандай жеке гигиеналық және санитарлы-эпидемиологиялық қателік жібердіңіз?
3. Студенттер оқу бөлмесінде үзіліске тамақтанады. Сіз қандай жеке гигиеналық және санитарлы-эпидемиологиялық қателік жібердіңіз?
4. Майсыздандырылған зат шыныға 1 тамшы изотоникалық ерітіндісін тамызады. Оған ілмекпен тексерілетін материалды жұғындыны ауада кептіреді. Жұғынды жағылған шынының астынан 3 рет жалын үстімен жүргізіп өтеді. Жұғынды дайындау процесіндегі қандай этап? Бұл этап дұрыс жүргізілді ме?
5. Грам әдісімен боялған жұғындыда қызыл түсті, шеті тұйықталған орама пішіндегі таяқша байқалады. Микроб морфологиясын анықтау және Грам әдісімен бояудың оған қатысы.
6. Грам әдісімен боялған жұғындыда «жүзім шоғыры» тәрізді күлгін коктар байқалады. Микроб морфологиясын анықтау және Грам әдісіне қатысу.
7. Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұғындыда көк-күлгін иірілген ірі біркелкі емес оралымдармен микроағзалар көрінеді. Бұл қандай микроорганизмдер?
8.Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұғындыда бірнеше оралымдармен, латын «S» әрпі тәрізді қызғылт түске боялған микроорганизмдер көрінеді. Бұл қандай микроорганизмдер?
9. «Жаншылған» тамшы препаратынан, қараңғы жазықты әдіс арқылы бірқалыпты оралымдары бар микроорганизмдер анықталады. Бұл қандай микроорганизмдер?
10. «Жаншылған» тамшы препаратында бөлінген, септірленген мицелиялары бар, олар бір-бірімен айқасып тығыз саңырауқұлақ тобын түзген, одан бір жасушалы кониди тасымалдаушы шығып, аяқ жағы желдеткіш тәрізді ұйыған. Бұл қалталы саңырауқұлақтардың қай түрі?
Тесттер:
1. Биологиялық микроскоптың иммерсиондық обьективімен көру мүмкіндігінің ең төменгі шегі:
0,2 мкм
0,1 мкм
200 нм
100 нм
10 нм
2. Бактериялардың талшығын көруге мүмкіндік беретін бояу әдісі:
Грам
Ожешко
Леффлер
Бури-Гинс
Романовский-Гимза
3. Микроорганизмдердің қауіптілік дәрежесі бойынша бөлінетін топтарының саны:
төрт
екі
үш
бес
алты
4. Микроорганизмдерді иммерсионды жүйеде зерттеу үшін қолданатын обьектив:
х 8, 40
х 8
х 10
х 40
х 90
5. Ішкі ортаның қолайсыз факторларынан қорғайтын бактерияның жасушалық элементі:
капсула
L - форма
жасушалық қабырға
талшықтар
цитоплазматикалық мембрана
6. Микробтық дакылдар, қоректік орталар, қан, вакциналар және биопрепараттар сақталатын зертханалық жабдық:
бөлме температурасындағы шкаф
термостат
Пастер пеші
Кох аппараты мұздатқыш
мұздатқыш
7. Микроскоптың иммерсионды жүйесінде зерттелетін препарат:
жұғынды
“жуан” тамшы
”езілген” тамшы
“ілінген” тамшы
вирустық препараттар
8. Алғашқы рет микроорганизмдерді көру мүмкіндігін дүниеге келтірген ғалым:
Р.Кох
И.Мечников
Л.Пастер
А.Левенгук
Д.Ивановский
9. Аса қауіпті инфекциялар ретінде арнайы зертханада ғана жұмыс ісетеуге рұқсат етілетін микроорганизмдер топтары:
ІІІ
ІY
ІІ-ІІІ
І және ІІ
І-ІY
10. Вирустар туралы алғашқы түсінікті дүниеге келтірген ғалым:
Р.Кох
И.Мечников
Л.Пастер
Д.Ивановский
А.Левенгук
№ 2.
1.Тақырыбы: Бактериялардың және вирустардың физиологиясы. Қоректік орталар. Микроорганизмдердің генетикасы. Модификация. Мутация. Генетикалық рекомбинациялар. Плазмидалар
2. Мақсаты: Микроорганизмдерді дақылдау үшін қоректік орталарды дайындау техникасын меңгеру. Плазмиданы анықтау, бактерия популяциясының рекомбинантарын және мутанттар селекциясын анықтау әдістерін меңгеру.
3. Оқыту мақсаты: Бактериялардың генетикалық рекомбинациясы түсінігін қалыпстастыру тәжірибе жүзінде бактерияларда трансформация, трансдукция және конъюгация әдістерін үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Метаболизм-бактерия клеткасында өтетін биохимиялық реакциялар, метаболизмнің 2 жағы.
2. Бактериялардың қоректенуі.
3. Бактериялардың қоректену типі және энергия көзі бойынша жіктелуі.
4. Бактериялардың қоректену механизмінің ерекшеліктері.
5. Тыныс алуы бойынша бактериялардың жіктелуі.
6. Бактериялардың өсуі және көбеюі.
7. Бактерия ферменттерінің негізгі топтары және олардың жіктелуі.
8. Өсу факторлары.
9. Таза дақылды бөліп алудың 1-ші этапы.
10.Спецификалық микробиологиялық терминдерге түсініктеме беріңіз: «түр», «штамм», «клон», «колония», «таза дақыл».
11. Қоректік орталардың жіктелуі.
12. Қоректік орталарға қойылатын талаптар. Қоректік орталарды стерилизациялау түрлері.
13. Бактерияларды дақылдау тәсілдері.
14. Аэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу әдісі.
15. Анаэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу әдісі.
16. Идентификация немесе диагностика мақсатында зертханалық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиеттерін анықтау.
17. Идентификациялау мақсатында бактериялардың биохимиялық қасиеттерін анықтау.
18. Микроорганизмдердің генетикалық ерекшеліктері.
19. Бактериядағы рекомбинация.
20. Бактериядағы генетикалық ақпаратының ерекшеліктері.
21. Хромосомадан тыс тұқым қуалау
22. Модификациялық өзгергіштіктің ерекшеліктері.
23. Мутациялар және олардың жіктелуі.
24. Бактериялардың диссоциациялық және биологиялық маңызы.
25. Бактериялдық жасушадағы репарациялық процестер.
26. Биотехнология жайлы түсінік, мақсаты және маңызы.
27. Медициналық микробиологиядағы биотехнология аймағында гендік инженерияның қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |