«Химия» оқу пәнін оқытудың мақсаты- қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту міндеттері:
1) әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;
2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;
3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;
4) заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;
5) заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;
6) өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
7) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту.
«Химия» оқу пәні: 9-сыныпта – 1 сағат апталық жүктеме берілген жағдайда (оқу жылында 34 сағат).
Химия пәні апталық және жылдық жүктеме саны:
Сынып
|
Пәні
|
Апталық сағат саны
|
Жылдық сағат саны
|
9 -сынып
|
Химия
|
1 сағат
|
34 сағат
|
«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
|
1тоқсан
|
2тоқсан
|
3тоқсан
|
4тоқсан
|
9-сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Достарыңызбен бөлісу: |