КЕЛІСІЛДІ
ФЖжӨ факультетінің деканы _________ Сарбалаев Ж.Т.
20_ж. «_____»________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А. 20_ ж. «____»_______
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
1 Пәннің мақсаты мен міндеті
«Қазақ диалектологиясы» пәні – аса қажетті лингвистикалық пәндердің бірі. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді байқай білу және өз байқағандарынан дұрыс қорытынды жасай білудің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да маңызы зор.
Пәнді оқыту мақсаты:
Халықтың ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін, кейінгі 45-50 жыл ішінде жүргізілген ғылыми зерттеулер барысында анықталған диалектілік ерекшеліктерді тиянақты меңгерту.
Пәннің міндеттері:
Қазақ тілі құрамындағы диалектілік ерекшеліктердің тілдік салаларын білу;
Фонетикалық ерекшеліктердің позицияларын білу;
Лексикалық ерекшеліктердің мағыналық, стильдік топтарын ажырату;
Грамматикалық ерекшеліктердің категория, тұлғасын ажырату.
Студенттер білуі тиіс:
диалектілік құбылыстардың пайда болу себебін білу;
диалектілік құбылыстардың таралған аймағын білу.
Студенттер істей білуі тиіс:
Қазақстанның барлық аймақтарының диалектілерін білу. Қазақ тілі құрамындағы диалектілік ерекшеліктердің тілдік салаларын білу.
2 Пререквезиттер:
фонетика;
лексика;
морфология;
синтаксис.
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№ р/с
|
Тақырыптардың атауы
|
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
дәріс-тер
|
практи-калық (сем)
|
зертханалық
|
студиялық
|
жеке
|
СӨЖ
|
1
|
Қазақтың халықтық тілінің қалыптасу тарихы
|
3
|
2
|
|
|
|
10
|
2
|
Қазақ халқының этникалық құрамы жайындағы материалдар мен зерттеулер
|
3
|
2
|
|
|
|
10
|
3
|
Түркітанушылар қазақ тіліндегі диалектілер туралы
|
3
|
2
|
|
|
|
10
|
4
|
Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы
|
3
|
2
|
|
|
|
10
|
5
|
Қазіргі кезеңде қазақ тілі диалектілерінің зерттелуі
|
4
|
2
|
|
|
|
10
|
6
|
Солтүстік-шығыс диалект – қазіргі қазақ әдеби тілінің негізі
|
4
|
2
|
|
|
|
10
|
7
|
Қазақ тілінің оңтүстік диалектісінің белгілері
|
4
|
1
|
|
|
|
10
|
8
|
Қазақ тілінің батыс диалектісінің белгілері
|
3
|
1
|
|
|
|
10
|
9
|
Қазақ тілінің көне тайпалық диалектілері
|
3
|
1
|
|
|
|
10
|
БАРЛЫҒЫ :
|
30
|
15
|
-
|
-
|
-
|
90
|
4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
1-тақырып. Қазақтың халықтық тілінің қалыптасу тарихы.
Қазақтың халықтық тілінің қалыптасу тарихы туралы мәселе қазақ халқының өзінің қалыптасу мәселесімен байланысты екендігі. Қазақ халқының шығу тегі, рулары мен тайпаларының құрамы, Орта Азия мен, Сібір және Қазақстан жерінде ежелгі тайпалық мемлекеттердің құрылуында жеке тайпалардың тарихи рөлі. Халықтық тілдің қалыптасу жолындағы екінші саты болып табылатын кейбір ежелгі тайпалық диалектілердің белгілерін анықтау. Сонымен қатар қазақтың халықтық тілінің қалыптасуы жолындағы үшінші немесе соңғы саты «халыққа аса ұқсас» тайпалық одақтардың тілдері немесе диалектілері.
Қазақ тілінің тура жолмен қалыптаспағанын қазақ тілінің өзінде және оның ерекшеліктерінде сақталып қалған дыбыстық элементтер мен грамматикалық тұлғалар.
2-тақырып. Қазақ халқының этникалық құрамы жайындағы материалдар мен зерттеулер.
Қазақ халқының этникалық, яғни ру-тайпалық құрамы туралы, неғұрлым ірі көне қазақ тайпаларының этникалық құрамға кіретіні туралы, кейбір көне тайпалардың тілі туралы, қазақ жүздерінің қалыптасуы туралы, халықтың қалыптасуымен байланысты қазақтың халық тілінің қалыптасу жайын түсіндіру туралы мәселелер. Қазақ тайпалары және олардың генетикалық туыстығы туралы жалпы мәліметтер. Қазақтың халықтық негізін құраған басты тайпалар мен тайпалық одақтардың тарихы. Үйсіндер. Дулаттар. Арғындар. Алшындар. Жалайырлар. Керейлер мен керейттер. Наймандар мен қытайлар. Қоңыраттар. Меркіттер, бекиндер, бекулдер және бекделдер. Қаңлылар. Қыпшақтар.
3-тақырып. Түркітанушылар қазақ тіліндегі диалектілер туралы.
Ұлы Қазан төңкерісіне дейін түркітанушылар мен миссионер-ғалымдар қазақ тілінің құрлысын зерттеуі. Н.И.Ильминскийдің қазақ диалектілері туралы зерттеулері. Оның пікірінің қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың көзқарастарымен үндес келуі.
В.В.Радловтың зерттеулері. В.В.Радловтың негізінен шығыс облыстардан жиналған материалдары. Оның қазақ тілінде диалектілер жоқ деген пікірінің шындыққа жанаспауы.
М.Терентьевтің грамматикасы. Н.И.Ильминский материалдары бойынша құрастырылған аталған грамматиканың сөйлеу тілімен салыстырылуы.
П.М.Мелиоранскийдің зерттеулері. Ы.Алтынсариннің зерттеулері және оның өзектілігі.
4-тақырып. Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы.
Төңкерістен бұрынғы кезде қазақ тілі қолданбалы тар мақсат үшін зерттелген, зерттеу нәтижесін тек шығыс тілдерінің жекелеген әуесқойлары пайдаланғаны туралы. Қазақ тілінің туысқан республикалардың біреуінің мемлекеттік тілі болуы және осы мақсатта зерттелуі туралы. Қазақ тілінің практикалық тұрғыдан ғана емес, теориялық тұрғыдан да зерттелуі қажеттігінің тууы.
Диалектілерді жан-жақты зерттеудің маңыздылығы әдеби тілді нормаландыру талабынан, газет-журнал, көркем және ғылыми әдебиет беттерінде сөз қолданудағы әр түрлі бұрмалаушылықпен күресу қажеттілігі.
Диалектілерді зерттеу мәселесі қай жағынан да әдеби тілдің дұрыс дамып жетілуімен байланысты екендігі.
5-тақырып. Қазіргі кезеңде қазақ тілі диалектілерінің зерттелуі.
Қазақ тілінің диалектілерінің зерттелуі 1934 жылға дейін дұрыс қолға алынбауы. Қазақ тілінің диалектілерін зерттеудің маңыздылығы жөнінде С.Е.Маловтың және Н.К.Дмитриевтің көзқарастары. Алматы қаласының маңынан жиналған материалдар. Оңтүстік Қазақстан облысының маңынан жиналған материалдар. Қостанай облысынан жиналған материалдар. Қызылорда облысынан жиналған материалдар. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданынан жиналған материалдар. Аталған материалдар негізінде зерттеулер жүргізудің маңыздылығы.
6-тақырып. Солтүстік-шығыс диалект – қазіргі қазақ әдеби тілінің негізі.
Алтай мен Тарбағатай шыңдарынан Оралдың оңтүстік-шығыс баурайларына, Ертіс, Есілдің екі жағалауы мен Тобылдың бас жағына дейін, Торғай мен Сарысу өзендері бойынан Қазалы мен Қызылордаға және Арыс өзенінің сағасына дейін қазақтың бес негізгі тайпасы: керей, найман, арғын, қоңырат және қыпшақ қоныстанғаны туралы. Осы күнгі әкімшілік болу бойынша аталған тайпалардың басым көпшілігіі Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жерін, Қостанай, Қызылорда және Талдықорған облыстарының көп жерін мекен еткені туралы. Шегаралары ортақ тайпалар ХІІІ-ХҮ ғасырлардан бастап өзара одақтасып, бірыңғай орталыққа бағынған. Бұл – біріккен туыс тайпалардың ортақ жергілікті диалектісінің қалыптасуына жағдай туғызуы. Жергілікті диалектілердің ерекшеліктерін тек қазақтың ауыз әдебиетінен немесе халық ақындарының шығармаларынан немесе төңкеріске дейінгі түркітанушылардың еңбектерінен ғана емес, қазіргі кейбір ақындар мен жазушылардың шығармаларынан, аудандық газеттердің тілі мен аударма шығармаларынан көруге болатыны туралы.
7-тақырып. Қазақ тілінің оңтүстік диалектісінің белгілері.
Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы халық ауыз әдебиетінің тілімен, халық ақындарының, жазушылары мен ақындары шығармаларының тілімен, сол сияқты жергілікті газеттер тілімен байланысты фактілер бұл территорияда батыс және солтүстік-шығыс облыстардағы қазақ диалектілерінен өзгеше диалектіні жасайтын жергілікті говорлар бар екенін көрсететіні туралы. Оңтүстік диалектінің фонетикалық ерекшеліктері туралы. Ондағы дауыссыздардың өзгеруі. Кейбір қатаң және ұяң дыбыстардың «у» және «й» сонорларына қатынасы. Дауыстылардың өзгеру кестесі. Оңтүстік диалектілердің грамматикалық ерекшеліктері. Септік жалғауларымен, етістік тұлғаларымен, демеуліктермен т.б. байланысты сөз тіркестерінің ерекшеліктері. Идиомалық және фразеологиялық тіркестер. Оңтүстік диалектілердің лексикалық ерекшеліктері. Оңтүстік диалектінің этимологиялық ерекшеліктерінің материалдары.
8-тақырып. Қазақ тілінің батыс диалектісінің белгілері.
Қазақ тілінің батыс диалектісінің дыбыстық, грамматикалық және лексикалық белгілері. Батыс диалектінің фонетикалық ерекшеліктері. Дауыссыздардың өзгеру кестесі. Кейбір дауыссыздардың сонор «у» және «й» дыбыстарына қатысы.дифтонгілердің өзгеру кестесі. Дауыстылардың өзгеру кестесі. Қатаң және ұяң дыбыстардың өзгерістері туралы. Кейбір қатаң және ұяң дауыссыздардың сонор «у» және «й» дыбыстарына қатысы. Дифтонгілердің өзгерістері. Батыс диалектілердің грамматикалық ерекшеліктері. Септік жалғауларымен, етістік тұлғаларымен, демеуліктермен т.б. байланысты сөз тіркестерінің ерекшеліктері. Идиомалық және фразеологиялық тіркестер. Батыс диалектілердің лексикалық ерекшеліктері. Батыс диалектінің этимологиялық ерекшеліктерінің материалдары.
9-тақырып. Қазақ тілінің көне тайпалық диалектілері.
Ұлы жүздің Дулат және басқа тайпалық одақтарының диалектісі немесе тілі туралы. Керейлер мен наймандардың диалектісі туралы. Арғындардың диалектісі туралы. Алшындардың диалектісі туралы. Кіші жүздің кердері диалектісі туралы. Көне замандағы Қазақстан жерінде өз бастауын ежелгі түркі тілі негізінен алатын бірнеше тайпалық тілдер немесе диалектілер болғаны туралы. Олардың кейбірі Орхон-Енисей, Селенге-Талас жазба ескерткіштері тіліне, екіншілері – ежелгі ұйғыр жазуына, үшіншілері – қомандардың тіліне, төртіншілері – Қожа Ахмет Ясауидың тіліне өте жақын болғандығы туралы.
4.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып.
Диалектология – тіл туралы ғылымның дербес саласы. Оның зерттеу нысаны – қандай да болмасын бір тілдегі жергілікті ерекшеліктер. Халықтың басым көпшілігіне тән сөйлеу тұрғысынан келсек, жергілікті диалектикалық ерекшеліктер деп жалпы халықтық сипат ала алмаған, қолданылуы жағынан белгілі бір аймақпен шектеліп келетін тілдік құбылыстарды танитынымыз белгілі. Сөйленіс, сөйленіс тобы, наречилердің арасындағы маңызды айырмашылық – олардың әрқайсысының қаншалықты жанды, сіңірлі тұстарын, іргелі, сүйекті элементтерін қамтитындығында, оларды әрқайсысының сипаттайтын тілдік құбылыстардың қаншалықты күрделілігінде, ұлттық тілдік бірлігіне, тұтастығына тиізетін әсерінде екендігі. «Диалект» терминін кең мағынасында ( әйтеуір бір тілдің қолданылуы жағынан шектелмеген аймақтық түрі деген ұғымды білдіру үшін) қолданылудың орындылығы, тиімділігі. Ауыспалы сөйленіс ұғымы.
Ұлттық тіл және диалектілер. Әлеуметтік және жергілікті диалектілердің ұқсастығы мен айырмасы.
Тайпалық және территориялық диалектілердің пайда болу, қалыптасу, даму, жойылу заңдылықтары.
Әдеби тәл мен диалектілердің ара қатынасы.
Қазақ әдеби тілінің қандай негізінде қалыптасқандығы жөнінде екі көзқарас болғандығы.
Қазақ тілі – тұтастығын сақтаған, диалектілік құрылымы әлсіз, болмашы дамыған тіл.
Диалектілік ерекшеліктердің таралу шегін лингвистикалық география әдісімен зерттеу арқылы анықтау қажеттілігі. Лингвистикалық карта, атлас жасау тәжірибесі.
Сөйленіс тобын ажыратудың ғылыми ұстанымдары және изоглостар шоғырының рөлі.
Қазақ тілі сөйленістерін төрт топқа (батыс, шығыс, оңтүстік және орталық солтүстік) бөліп қарастыру мүмкіндігі. Әр топтың құрамы. Сөйленістер тобының әрқайсысына тән (сол топтағы сөйленістердің бәріне ортақ) негізгі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер, сипатты белгілер.
2-тақырып
Қазақ тілі сөйленістерінің қай-қайсысы да ұлттық әдеби тілдің дыбыстық жүйесімен түгелдей пайдаланады, ондаңы дыбыстарды түгелдей қолданады. Сөйленістерде әдеби тілдегіден мүлдем өзгеше жаңа фонема бар дегенді ешкім айтпайды. Кейбір өңірдегі халық тілінде ш орнына ч. Ж орнына дж аффрикаттары түркі тілдеріндегі дыбыстық жүйесінде ертеден тіпті көне замандардан бар дыбыстар. Олардың біздің сөйленістерімізде кездесуі – көненің көзіндей тарихи қалдықтардың халық тілінде сақталуы.
Қазақ тілі сөйленістеріндегі фонетикалық ерекшеліктер зерттеушілердің есту арқылы қабылдаулары негізінде сипатталып келеді. Оларға фонологиялық лаборатория жағдайында эксперименталдық жолмен зерттеу әлі жүргізілген жоқ. Сондықтан бір дыбыстың екінші бір дыбысқа жуықтап (мыс. а-ның о-ға бейімделуі) айтылуы немесе кейбір дауыстылардың (мыс: о, ө, е) дифтонг түрінде айтылуы сияқты тағы басқа жорамалдардың ақиқаттығына көз жеткізу үшін әлі де нақты зерттеу, деректі дәлелдер қажет-ақ.
Бір-бірімен сәйкесті екі дыбыстың (мыс: ы мен і, қ мен ғ) бірінің орнына бірі жұмсалуын бір құбылыс ретінде біріктіріп қарастырудан гөрі бөлек-бөлек (бірінші буындағы ы-і және і-ы, сөз басындағы қ-ғ және сөз ортасындағы ғ-қ) қарастырып сипаттаған жөн. Себебі олардың қамтитын сөздері әр түрлі.
3-тақырып
Лексикалық диелектизмдер қазақ тіліндегі жергілікті ерешеліктердің ең мол саласы.
Пайда болу жолдары алуан түрлі болңанмен, білдіретін мағынасы бірдей, бір-бірімен сәйкестәгі болатындықтан, лексикалық ерекшеліктердің дені өзара дублет сөздер қатарын құрайды. Олар әлденеше сыңарлы болып келе береді. Дублеттік қатарлардың арасында әдеби варианты анықталғаны да, анықталмағаны да бар екенін ескерген жөн.
Аттың жалында, атанның қомында туып өскен ат тұяғына қарыздар қазақтың қоныс тепкен жері ұлан-ғайыр. Әр өңірдің жер бедері, табиғаты, ауа-райы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі, адамдардың кәсібі мен тыныс тіршілігі, кейде әдет-ғұрпы арасындағы айырмашылықтарға байланысты туып, жеке сөйленістерде қолданылып жүрген сөздердің бр парасы әдеби тілге әлі еніп үлгермегені белгілі.
4-тақырып
Қазақ тіл сөйленістеріндегі грамматикалық ерекшеліер аса көп емес. Әдеби тіл мен сөйленістердің грамматикалық құрылысы негізі де бір. Сөйленістерде әдеби тіл де жоқ, жаңа грамматикалық категрия кездеспейді. Грамматика саласындағы жергілікті ерекшеліктер дегеніміз грамматикалық категория ішіндегі кейбір тұлғалардың түрленуіне байланысты ұсақ ерекшеліктер дегеніміз грамматикалық категориялар ішіндегі кейбір тұлғалардың түрленуіне байланысты ұсақ ерекшеліктер.
Грамматикалық ерекшеліктердің дені морфология саласына қатысты. Олардың сөз таптары ыңғайында топтастырсақ, ең көбі және күрделісі – етістіктің рай, шақ категориялары ішіндегі кейбір қзгерістер мен есімше, көсемше формаларына байланысы ерекшеліктер. Одан кейін зат есім, оның негізгі категорияары, атап айтқанда, септік, тәуелдік, белгілі дережеде көптік жалғауларына байланысты ерекшеліктер. Осы іспеттес ауытқулар аз да болса есімдік пен сан есімге және шылау сөздерге де қатысты болып келеді.
5-тақырып
Морфологиялық тұлғаларға байланысты ерекшеліктер, шамамен алғанда, осы аталғандар.
Морфологиялық атаулардың екінші тобын диалектикалық туынды сөздер мен күрделі сөздер құрайды.
Бұларға қарағанда синтаксистік ерекшеліктер өте аз.
Морфология
Бұйрық райдың тұлғалануына қатысты ерекшеліктер:
ғын, (-гін, -қын, -кін) қосымшалы тұлға;
ң, (-ың, -ің) қосымшалы тұлға.
Қалау райға байланысты ерекшеліктер:
лы, (-лі, - алы, -елі) қосымшалы тұлға;
Ерікті қалау рай мағынасының «бар», «жоқ» сөздері арқылы берілуі.
–шы, (-ші) қосымшасы жалғанған шартты райдың ІІ-жағына байланысты ерекшелік.
Тұйық райдың тұлғалануына байланысты ерекшеліктері.
Ашық рай тұлғаларына байланысты ерекшеліктер
улы, (-улі) қосымшалы тұлғаның бұрынғы өткен шақ білдіру және т.б
жақ қосымшалы тұлғаның мақсатты келер шақ мағынасын білдіру
-малы (-мелі, -палы, -пелі) қосымшалы тұлға және т.б
- жіктік жалғауының –сыңыз/сіңіз және –ман қосымшалары.
6. Етіс категориясына байланысты ерекшеліктер.
7. Есімшенің тұлғалануына байланысты ерекшеліктер.
8. Көсемшенің тұлғалануына байланысты ерекшеліктер.
9.Зат есімнің септік, тәуелдік, көптік жалғауына байланысты ерекшеліктер.
10. Сын есім, сан есім, есімдік, шылау сөздерге байланысты ерекшеліктер.
6-тақырып
Септік жалғауларының бірінің орнына бірі жұмсалуы.
Синтаксистік еркін сөз тіркестері.
Морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктер арасында сақталған көне дәуір қалдықтары.
7-тақырып.
Ашық және қысаң дауыстылар сәйкестігі.
а) Езулік ашық, езулік қысаң дауыстылар сәйкестігі.
а-ы және ы-а
е-і және і-е
ә) Еріндік ашық пен еріндік қысаң дауыстылар сәйкестгі
о-ұ (о-ү) және ұ-о (ү-ө)
2. Жуан және жіңішке дауыстылар сәйкестігі (бірінші буында).
- а) Езулік жуан, езулік жіңішке дауыстылар сәйкестігі.
- а-ә және ә-а
- ы-і және і-ы
- а-е мен е-а
- ә) Еріндік жуан, еріндік жіңішке дауыстылар сәйкестігі.
- о-ө мен ө-о
- ұ-ү мен ү-ұ
8-тақырып.
Еріндік және езулік дауыстылар сәйкестігі.
- а) Еріндік ашық пен езулік ашық дауытылар сәйкестілігі.
- б) Еріндік қысаңдардың езулік қысаңдарға ауысуы
- (ұ-ы, ү-і)
4. Жіңішке е мен ә дыбыстарыны бірінің орнына бірі жұмсалуы.
5. Дауысты дыбыстар тұрақсыздығы.
6. Дауысты дыбыстар арасындағы тарихи сәйкестіктерді (ашық, қысаң және жуан, жіңішке сәйкестіктері) бейнелейтін кейбір сөздердің дыбыстық көне тұрпатын сақтауы немесе көне дәуір қалдықтары.
9-тақырып.
Дауыссыз дыбыстар жүйесі.
Қатаң және ұяң дауыссыздар сәйкестігі.
а) б-п (сөз басында, ортасында) және
п-б (сөз басында, ортасында);
ә) д-т (сөз басында, ортасында) және т-д (сөз басында);
б) ғ-қ мен г-қ (сөз ортасында);
в) қ-ғ мен к-г (сөз басында);
г) з-с (түбірде, қосымшаның соңында) және с-з;
ғ) ж-ш мен ш-ж.
Ұяң дауыссыздардың өзара сәйкестігі.
- а) ж-д және д-ж
- ә) ж-з мен з-ж және т.б.
Қатаң дауыссздардың өзара сәйкестігі.
- а) с-ш (үш позицияда) және ш-с
- ә) т-с, с-т, п-т, қ,к-т және т.б.
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағатқа шаққандағы көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындалу
|
|
Сабаққа қатысу
|
30 (1х30)
|
2
|
Тәжірибешілік сабақтарға қатысу, дайындалу
|
|
Сабаққа қатысу
|
15(1х15)
|
2
|
Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген қосымша материалды меңгеру
|
Конспект
(және т.б.)
|
Коллоквиум
(және т.б.)
|
30
|
3
|
Бақылау шараларына дайындалу
|
|
1 МБ, 2 МБ , коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.
|
15
|
Барлығы:
|
90
|
4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
Оңтүстік өңірдің киім-кешекке байланысты диалектісі
Ұсынылатын әдебиет: [10 ] 58-бет, [4 ] 46-бет
Оңтүстік өңірдің ыдыс-аяғына қатысты диалектісі
Ұсынылатын әдебиет: [ 4]50-бет, [10 ] 60-бет,
3. Оңтүстік өңірдің кәсіби диалектісі
Ұсынылатын әдебиет: [4 ] 55-бет,[2 ] 20-бет
4. Батыс Қазақстанның киім-кешекке қатысты диалектісі
Ұсынылатын әдебиет: [4 ] 60-бет
5. Батыс Қазақстанның ыдыс- аяққа қатысты диалектісі
Ұсынылатын әдебиет: [2 ] 10-бет
6. Батыс Қазақстанның кәсіби диалектісі
Ұсынылатын әдебиет: [ 2] 15-бет
5 Әдебиеттер тізімі
Қолданылатын әдебиеттер
Негізгі:
Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алма-Ата, 2006.
Досқараев Ж. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. 2-бөлім. Лексика. Алматы: Ғылым, 2004.
Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне арналған көмекші құрал). Алматы, 2005.
Қалиев Ғ. Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Оқулық. Алматы, 2002.
Қосымша:
5. Айдаров Т. Лингвистикалық география (Өзбекстандағы қазақ говорларының лексикасы). Алматы, Мектеп, 1977.
6. Базылхан Б. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатор-Өлүй, 1980.
7. Бекетов Б. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы, Рауан, 1992. 80-122 бб.
8. Жүнісов Н. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы, Мектеп, 1981.
9.Нақысбеков О. Қарағанды экспедициясының материалдарынан қазақ диалектологиясы (жинақ), 1-шығуы, Алматы, 1965.
Сауранбаев Н.Т. Қазіргі қазақ тілінің диалектілері. Тіл білімінің мәселелері, 1955. N 5.
Тасымов А. Туған тілдің бір бұтағы, Алматы, 1995.
Мамандықтың (тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме
|
|
ПМУ ҰС Н 7.18.3/32
|
5В020500– «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының (тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пән атауы - Қазақ диалектологиясы
Оқу нысаны
|
Пәннің еңбек сыйымдылығы
|
Семестр бойынша бақылау түрлері
|
Семестр
|
Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі
|
кре-дит-тер
|
академиялық сағат
|
кре
дит
тер
|
аудиториялық сабақ
(ак. сағат)
|
СӨЖ
(ак. сағат)
|
бар-лығы
|
ауд
|
СӨЖ
|
емт
|
сын
|
КЖ-а
|
КЖ-с
|
бар-
лығы
|
дәр
|
пр.
|
зертх
|
бар
лы
ғы
|
СОӨЖ
|
ЖОБ негі-зіндегі сырттай
|
3
|
135
|
45
|
90
|
3
|
-
|
-
|
-
|
3
|
3
|
45
|
30
|
15
|
-
|
60
|
30
|
Кафедра меңгерушісі ______ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «___» ________
(қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |