ЖҰмыс бағдарламасы «5В072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»



бет3/3
Дата28.06.2017
өлшемі435,2 Kb.
#20418
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 3.08.323 – 2006 және РОӘК-ң 22.06.2006ж. бекітілген типтік бағдарламасы негізінде әзірленген


20__ж. «___»__________ кафедра отырысында ұсынылған № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________________________ К.Х. Жапаргазинова

ХТжЖ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20___ж. «____»_________ №_____ хаттама

ОӘК төрайымы ______________ У.Д. Буркитбаева




КЕЛІСІЛГЕН
Факультет деканы ___________ Қ.Қ. Ахметов «___»_______20 __ж.



ЖжӘҚБ құпталған

ЖжӘҚБ бастығы _______________ А.В. Варакута «___» ______ 20__ж
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «___»______________ №____ хаттама


1. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Пәнді оқытудың мақсаты "Бейорганикалык химия" курсы студенттердін творчествалық ой-өрісінің дамуына, олардын ғылыми көзкарастарының калыптасуына, болашақ инженер мамандарды профильді сабактарды еркін игеруге дайындаута жағдай жасайды.

Пәнді оқытудың міндеті – химия ғылымының аранайы тараулары мен түйінді негізін студенттердің жетік меңгеруі және окулық арнайы әдебиеттермен өз бетімен жүмыс істеу дағдысын жетілдіру; химиялық тәжірибелерді жүргізу дағдысын дамыту; теориялық материалдарды және лабораториялык тәжірибелер жүргізу арқылы, алынған мәліметтерді, сондай-ақ, байкалған кұбылыстарды қарастыру арқылы қорыту дағдысын қалыптастыру.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуге тиісті:

білуі керек: келесі пәндерді жетік мегеру үшін кажетті химиядан жан-жақты білім алу; жаңа химиялык материалдарды қазіргі техникада дүрыс пайдалану; химиялык тәжірибе техникасьшын негіздерімен таныстыру; қолданбалы химиямен байланысты сүрактардын мәні мен мағынасыы игеру; өндірістің экологиялык проблемаларымен таныстыру.

істей білуі керек: теориялық және есептемелік сипатты химиялык есептерді шешу; анықтамалык және арнайы әдебиеттерді пайдалану; тәжірибе жүзінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, химиялык есеп
шығару техникалық меңгеру; ерітінділер теориясы, массалар әрекеттесу заңы, атом күрылысымен өлшемі, және периодтық заңға сүйене отырып, теориялық көзкарастан химиялық реакцияны жүріп - өту жағдайларымен элементтер касиеттерін талдап карастыру.
2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:



  1. Мектептегі химия курсы

  2. Математика.

  3. Физика


3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:



  1. Аналитикалық химия

  2. Органикалық химия



4. Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары



р/с


Тақырыптар атауы

Сағат саны

Дәр.

Прак

Зерт.

СОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары

2

1,5

1

28,5

2

Химияның теориялық негіздері

3

1

2

28,5

3

Химиялык процестердің жалпы заңдылықтары

4

2

2

28,5

4

Ерітіндідегі химиялық процестер

3

2

1,5

28,5

5

Химияның арнаулы тараулары

3

1

1

28,5

Барлығы:

15

7,5

7,5(15)

142,5


4.2 Пәннің тақырыптық мазмұны

1 Тақырып. Кіріспе. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары.

Химия - жаратылыстану пәні. Химия пәні, оның басқа ғылымдармен байланысы. Тамақ және өңдеу өндірісіндегі технологиялык дамудағы, көзқарасты қалыптастырудағы химияның маңызы. Атом, молекула, салыстырмалы атомдық масса, моль. Атомдық және молекулалық массаларды анықтау. Химиялық таңбалар, формулалар, химиялық теңдеулер. Химияның стехиометриялық заңдары: зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылығы заңы, еселік қатынас заңы, эквиваленттер заңы, Авогадро заңы. Химия және қоршаған орта.



2 Тақырып. Химияның теориялық негіздері .

Атом құрылысының кванттық механикалық моделі. Квант сандары. Атомдық орбитальдар. Паули принципі. Атомдық орбитальдарды толтыру реті мен Клечковский және Хунда ережесі. Көп электронды атомдардың құрылысы. Элементтердің периодтық жүйесі мен атом құрылысы. Элемент атомдарының электрондық және электрондық - графикалық формулалары. Атомның қалыпты және қозған күйі. Кейбір атомдардың, элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодтық өзугеруінің сипаттамасы. Д.И. Менделеевтің периодтық заңының маңызы. Химиялық байланыстың пайда болу себептері. Химиялық байланыстың негізгі түрлері: ковалентні, иондық және металдық. Валенті байланыстар әдісі. Молекулярлы орбитальдар әдісі туралы түсінік. Химиялық байланыстың сипаттамалары: энергия, ұзындық және химиялық байланыстар арасындағы бұрыш. Атомдық орбитальдардың гибридтелінуі және молекуланың геометриясы. Химиялық байланыстың және жалпы молекуланың полярлығы. Комплексті қосылыстар. Молекула ішіндегі және молекулааралық әрекеттесу. Сутектікті байланысты косылыстар және олардың қасиеттері. Молекулалардың донорлы-акцепторлы орекеттесуі. Комплексті қосылыстар, олардың номенклатурасы мен жіктелуі. Комплексті қосылыстардың түзілу теориясы. Комплексті қосылыстардын кұрылысы: сыртқы және ішкі сфералар, комплекстүзушілер, лигандтар, заряд және комплекстүзушінің координациялық саны. Комплексті қосылыстардың алынуы, қасиеттері және практикалық қолданылуы. Бейорганикалық гидроксидтердің қышкылдық негіздік сипаты және олардың кейбір қасиеттері. Бейорганикалық қосылыстардың кластары және олардын генетикалық байланысы. Бейорганикалық гидроксидтердін қышкылдық-негіздік сипаттамасы және кейбір қасиеттері. Полярлы байланыс және атом кұрылысы теориясы тұрғысынан бейорганикалық гидроксидтердін күші мен термиялық тұрақтылығы. Қышкылдар және негіздер теориясы. Тұздардың типтері, оларды алу және касиеттері.

3 Тақырып. Химиялык процестердің жалпы заңдылықтары

Термодинамикадағы негізгі түсініктер (жүйе, процесс, параметрлер, функциялар, заңдар). Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Термохимия. Гесс заңы және одан шығатын салдары. Термодинамикалық функциялар: энтропия, энтальпия, ішкі энергия, Гиббс энергиясы мен Гельмгольц энергиясы және оның химиялық процестерде өзгеруі. Химиялық реакциялардын өздігінен жүру шарттары және бағыты. Термодинамикалық функиияларды есептеу және олардын өзара байланысы. Бөлшектердің өзара әрекеттесу шарттары. Реакцияның типтері. Химиялық реакцияның кинетикалық параметрлері: молекулярлығы, реттігі, реакциянын жылдамдығы мен константасы, активтену энериясы. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар: концентрация, температура, қысым, әрекетесуші заттардың табиғаты және т.б. Активті соқтығысу теориясы. Гомогенді, гетерогенді және ферментативті катализ. Химиялық тепе-тендіктің шарттары. Тепе - теңдіқ константасы және оның

термодинамикалық функцияларының байланысы. Химиялык тепе-тендіктің ығысуы - Ле - Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар: концентрация, температура және қысым.



4 Тақырып. Ерітіндідегі химиялық процестер.

Ерітінділердің түрлері және жіктелінуі. Идеалды ерітінділер заңдары. Еру процесінің физика-химиялық сипаты. Ерігіштік. Ерігіштікке әсер ететін факторлар: еріткіштің және еріген заттың табиғатының, температура және қысым. Еру процесінің термодинамикасы. Суда аз еритін электролиттің ерігіштік көбейтіндісі туралы түсінік.Тұнбаның тұнбаға түсу және еруінің шарттары мен жолдары. Ерітіндінің сандық мелшерін өрнектеу әдістері. Сулы ерітінділердің азык-түлік өнімдерінің технологиясындағы маңызы. Электролиттер ерітінділері және электролиттік диссоциация. Электролиттік диссоциация процесінің сандық сипаттары: диссоциация дәрежесі және диссоциация константасы. Электролиттік диссоциация процесінің теориялары мен механизмі (Аррениус, Дебай-Гюккель, Менделеев, Каблуков және т.б.). Активті және аналитикалық концентрациялар, активтілік коэффициенті және электролиттердің иондык күші. Электролиттік диссоциация процесінің тереңділігіне әсер ететін факторлар. Бейорганикалық қосылыстардың электролиттік диссоциациясы. Иондық реакциялар, олардың бағыты. Тұздардың гидролизі. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік және гидроксильдік көрсеткіштер, олардың әртүрлі сулы ерітінділердің ортасындағы мәні. Тұздың гидролизінің дәрежесі және константасы. Гидролиз тереңдігіне әсер ететін факторлар. Тұздардың гидролизі. Тұздар гидролизінің механизмі, рН мәнінің шкаласы. Қайтымды және қайтымсыз гидролиз. Тотығу — тотықсыздану реакцияларының (ТТР) негізгі түсініктері: тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, тотығу, тотықсыздану, электронды баланс. Типті тотықтырғыштыр мен тотықсыздандырғыштар. ТТР-ға әсер ететін факторлар. ТТР-ді теңестіру: электронды баланс және ион-электронды әдістер. ТТР-дің типтері. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштың эквивалент массасы. Электрохимиялық процестердің жіктелуі, анықтамасы. Электродтық процестердің термодинамикасы. Электродтық потенциал туралы түсінік. Гальваникалық элементтер. Электр қозғаушы күш және оны өлшеу. Стандартты сутектік электрод және потенциалдың сутектік шкаласы. Электролиз. Электродтық процестердің тізбегі. Фарадей зандары. Тоқ бойынша шығымы. Еритін және ерімейтін анодтар мен жүретін электролиз. Электролизді іс жүзінде пайдалану. Коррозияның негізгі түрлері. Химиялық коррозия. Электрохимиялық коррозия. Коррозиядан қорғау әдістері: легирлеу, электрохимиялық қорғау, қорғайтын қаптаулар. Коррозиялық ортаның қасиетінің өзгеруі. Коррозия ингибиторлары.

5 Тақырып. Химияньщ арнаулы тараулары.

Металдардың Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орнына қарай қасиеттерінің өзгеру тәуелділігі. Интерметалдық қосылыстар және металдардың қатты ерітінділері. Металдарды алудың негізгі әдістері, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Тамақ өндірісінде металдардың қосылыстарың іс жүзінде қолдануы. Бейметалдар және жартылай металдар. Бейметалдардың қасиеттерінің Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орнына тәуелділігі. Бейметалдарды алудың негізгі әдістері, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Тамақ өндірісінде бейметалдардың қосылыстарын іс жүзінде қолдануы. Судың касиеттері мен молекулалық кұрылысы. Су күйінің диаграммасы. Су - түз жүйесінің еру диаграммасы. Судың химиялық қасиеттері. Судың жай заттармен және кұрделі қосылыстармен әрекеттесуі. Табиғи су және онын құрамы. Судың кермектілігі. Суды жүмсарту және тұзсыздандыру. Адам тіршілігіндегі судың рөлі мен маңызы. Техникалық прогресс және экологиялық проблемалар. Экологияның проблемаларын шешудегі химияның ролі. Ауа және су бассейінін ластанудан қорғау. Ағын судың сипаттары. Ағын суды тазалаудың әдістері.
3.3 Лабораториялық жұмыстардың мазмұны


1 Тақырып. Кіріспе. Техника қаупсіздігі.

2 Тақырып. Эквивалент заңы.

3 Тақырып. Мырыштың эквиваленттік массасын анықтау.


4 Тақырып. Периодтық жүйедегі элементтердің қасиеттерінің өзгеруі

5 Тақырып. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі.

6 Тақырып. Ерітінділер.

7 Тақырып. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

8 Тақырып. Тұздар гидролизі.

9 Тақырып. Тұздар электролизі.



3.4 Практикалық сабақтардың мазмұны

1 Тақырып. Кіріспе. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары.

Атом, молекула, салыстырмалы атомдық масса, моль. Атомдық және молекулалық массаларды анықтау. Химиялық таңбалар, формулалар, химиялық теңдеулер. Химияның стехиометриялық заңдары: зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылығы заңы, еселік қатынас заңы, эквиваленттер заңы, Авогадро заңы. Химия және қоршаған орта.



2 Тақырып. Химияның теориялық негіздері .

Атом құрылысының кванттық механикалық моделі. Квант сандары. Атомдық орбитальдар. Кейбір атомдардың, элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодтық өзугеруінің сипаттамасы. Д.И. Менделеевтің периодтық заңының маңызы. Химиялық байланыстың негізгі түрлері: ковалентні, иондық және металдық. Химиялык байланыстың және жалпы молекуланың полярлығы. Комплексті қосылыстар. Молекула ішіндегі және молекулааралық әрекеттесу. Комплексті қосылыстардын кұрылысы: сыртқы және ішкі сфералар, комплекстүзушілер, лигандтар, заряд және комплекстүзушінің координациялық саны.

3 Тақырып. Химиялык процестердің жалпы заңдылықтары

Термодинамикадағы негізгі түсініктер (жүйе, процесс, параметрлер, функциялар, заңдар). Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Термохимия. Гесс заңы және одан шығатын салдары. Термодинамикалық функциялар: энтропия, энтальпия, ішкі энергия, Гиббс энергиясы мен Гельмгольц энергиясы және оның химиялық процестерде өзгеруі. Химиялық реакциялардын өздігінен жүру шарттары және бағыты. Химиялық тепе-тендік.

4 Тақырып. Ерітіндідегі химиялық процестер.

Ерітінділердің түрлері және жіктелінуі. Еру процесінің термодинамикасы. Суда ерігіштік көбейтіндісі туралы түсінік. Электролиттер ерітінділері және электролиттік диссоциация. Электролиттік диссоциация процесінің сандық сипаттары: диссоциация дәрежесі және диссоциация константасы. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Тұздардың гидролизі. Тотығу — тотықсыздану реакцияларының (ТТР) негізгі түсініктері. ТТР-ді теңестіру: электронды баланс және ион-электронды әдістер. Электролиз. Коррозияның негізгі түрлері. Химиялық коррозия. Электрохимиялық коррозия. Коррозия ингибиторлары.

5 Тақырып. Химияньщ арнаулы тараулары.

Металдарды алудың негізгі әдістері, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Бейметалдардың қасиеттерінің Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орнына тәуелділігі. Бейметалдарды алудың негізгі әдістері, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Судың касиеттері мен молекулалық кұрылысы. Су күйінің диаграммасы. Экологияның проблемаларын шешудегі химияның ролі.
3.5 СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі сағатпен

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысу

20

2

Практикалық сабақтарға дайындық

Тәжірибелік жұмыстарды орындау әдістемелерін үйрену

ТЖ орындау

20

3

Есеп дайындау мен лабораториялық жұмыстарды қорғау

Есеп

ТЖ қорғау

40

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Реферат, доклад және т.б.

СЖ қорғау

42,5

5

Бақылау жұмыстарына дайындық




МБ 1, МБ 2, коллеквиум және т.б.

20

Барлығы

142,5



3.5.1 Студенттерге өз бетінше оқуға арнайы ұсынылатын тақырыптар

  1. Атом қүрылысының кванттық механикалык моделі. Квант сандары. Атомдық орбитальдар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]

2. Химиялық байланыстың сипаттамалары: энергия, ұзындық және химиялық байланыстар арасындағы бұрыш. Атомдық орбитальдардың гибридтелінуі және молекуланың геометриясы. Химиялық байланыстың және жалпы молекуланың полярлығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [11,2,3 ]

3. Химиялык реакциялардын өздігінен жүру шарттары және бағыты. Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3,8]

4. Активтену энериясы. Гомогенді, гетерогенді және ферментативті

катализ. Каталитикалық реакцияның механизмі туралы түсінік. Ингибиторлар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3,8]

5. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Тұздар гидролизі.



Судың ерігіштік көбейтіндісі. Тотығу - тотықсыздану реакциялары

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3,8]



6. Тамақ өндірісінде металдардың қосылыстарын іс жүзінде қолдануы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5,6,7,8]

7. Тамақ өндірісінде бейметалдардың қосылыстарын іс жүзінде қолдануы.

Рекомендуемая литература: [5,6,7]

8. Судың кермектілігі. Суды жүмсарту және түзсыздандыру. Адам

тіршілігіндегі судың рөлі мен маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,4,5,6,7]


9.
Ағын судың сипаттары. Ағын суды тазалаудың әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5,6,7,13]

10.Түнбаның түнбаға түсу және еруінің шарттары мен жолдары.

Ерітіндінің сандық мелшерін өрнектеу әдістері. Сулы ерітінділердің

азык-түлік өнімдерінің технологиясындағы маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5,6,7,13,14,15]



11. Электролитгік диссоциация процесінің тереңділігіне әсер ететін

факторлар. Бейорганикалық қосылыстардың электролиттік

диссоциациясы. Иондық реакциялар, олардың бағыты.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5,6,7,12,13,15]

12. Гомогенді, гетерогенді және ферментативті

катализ. Рекомендуемая литература: [4,5,6,7,12,13]

13. Химиялык реакциялардын өздігінен жүру шарттары және бағыты.

Термодинамикалық функиияларды есептеу және олардын өзара

байланысы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4,5,6,7,11,13]

14. Табиғи судың химиялық жіктелуі. Табиғи сулардағы химиялық процестер (қышқылды-негізді тепе-теңдік, тотығу-тотықсыздану реакциялары, комплекстүзілу).

Ұсынылатын әдебиеттер: [5,6,7,11,12,13]




«5В072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/10




«5В072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Бейорганикалық химия пәні

Оқу түрі

Пәннің жалпы көлемі

Семестрлер бойынша бақылау түрі

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

Академиялық сағаттар

кредиттер

Аудиториялық сағаттар

(ак.сағаттар)



СӨЖ

(ак. сағаттар)



барлығы

ауд

СӨЖ

емт.

сын.

КЖ

КЖ

барлығы

дәр

пр.

лаб

барлығы

Арнайы кәсіптік білім базасындағы күндізгі

4

180

37,5

142,5

+































1

4

37,5

15

7,5

15

142,5


























Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер :

1. Аханбаев К.А. Химия. – Алматы.: Білім, 1994

2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 2000.

3. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы.: Анна тілі, 1992.

4. Глинка Н.Л. Общая химия. – М.: Высшая школа, 1999.

5. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии. – М.: Астрель, 2004.

6. Коровин Н.В., Масленникова Г.Н., Мингулина Э.И., Филиппов Э.Л. Курс общей химии. – М.: Высшая школа, 2000.

7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. – Алматы.: Бiлiм, 2003.



8. Шоқыбаев Ж. Анорганикалық және аналитикалық химия Алматы,
Санат,1992
Қосымша әдебиеттер:

9. Задач и упражнений по общей химии /Под ред. Коровина Н.В. – М.: Высшая школа, 2004.

10. Фролов В.В. Химия. – М.: Высшая школа, 1999.

11. Угай Я. Общая химия. – М.: Химия, 1994.

12. Карапетьянц М.Х., Дракин С.Н. Общая и неорганическая химия. – М.: Химия, 2000.

13. Лилин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.Л. Задачи по неорганической химии. – М.: Высшая школа, 1990.



14. Яшкарова Г., Омарова Н. М., Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстары әдiстемелiк тұралы. – Семей.: Шәкәрiм атындағы Семей мем. ун-тi, 2007.

15. Насиров Р. Жалпы және анорганикалық химия. - Алматы.: Ғылым, 2002

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет