Жұмыс бағдарламасы балалар аурулары пән бойынша (пәннің аты) 051102



бет46/64
Дата24.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#175303
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64
Байланысты:
det bol det xir kz
сессия химия А, 129678, 176997
Патогенезі. Пневмонияда инфекцияның өкпеге түсуінің негізгі жолы тыныс жолдары мен бронхтар арқылы екені анық. Инфекцияның гематогендік жолмен таралуы өте сирек, бұл тек септикалық және құрсақішілік пневмонияларға тән.
Бактериялар пневмония туғызу үшін, әдетте, мұрын, кеңірдек арқылы шырышқа түседі, шырыш бронхтардан бөлінетін бактериостатикалық және бактериоцидтік әсері бар секреттен қорғайды, сөйтіп олардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасалады.
Пневмония кезінде өкпедегі алғашқы қабыну өзгерістері респираторлық бронхиолдарда басым болады. Инфекция респираторлық бронхиолдардан әрі қарай таралып, өкпе паренхимасында қабыну үдерісін, яғни пневмония дамытады.
Клиникасы. Балаларда ошақтық пневмонияның клиникасы «өкпелік» шағымдар мен интоксикация белгілері, тыныс тапшылығы көріністері жәнелокалдық өзгерістерден құралады.
Ауру біртіндеп басталып, айқын белгілері бірінші аптаның соңында шығады, немесе кенет көрініп, алғашқы үш күнде-ақ дамып болады.Баланың қызуы көтеріледі, басы ауырады, хал-жағдайы, тәбеті төмендейді, енжарлық немесе мазасыздық, ұйқының бұзылуы, тахикардия байқалады. «Өкпелік» шағымдар көбейе түседі, ылғалды жөтел пайда болады немесе күшейеді: ентігу, кейде кеудеде ауырсыну сезімі байқалады. Ентігу салмақ түскенде, мазасызданғанда, кейде баланың тыныш кезінде де көрінуі мүмкін. Тері түсі қуқылданып, ерін-ауыз төңірегінде цианоз, ал тыныс алуда қосымша еттердің қатысы байқалады: мұрын желбезегі кеңейеді, бұғанаүсті, қабырғааралық ойыстар ішке қарай кіреді.
Перкуссияда қабыну ошағы үстінен перкуторлық дыбыстың қысқаруы (тұйықтығы) байқалады. Аускультацияда: қатаң дыбыс, тұрақты ұсақ көпіршікті ылғалды және крепитациялық сырылдар есітіледі.
Жалпы қан сынағында: лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы, ЭТЖ- ның жоғарылауы байқалады.
Рентген түсіргенде ошақты және инфильтратты көлеңкелер өкпенің бір жағынан көрінеді.
Ошақты пневмонияның ағымы әдетте сәтті, антибиотиктер жақсы әсер береді. Клиникалық және рентгендік айығу мерзімі 3-4 апта.
Емі. Емдеу ауруханада жүргізіледі. Режим ұйымдастыру қажет. Ауруханада басқа инфекциядан сақтау үшін баланы бөлек боксқа орналастырады. Төсектің бас жағын көтеріңкі ұстау керек. Бокс уақтылы ультракүлгін сәулесімен тазатылып, желдетіліп тұруы қажет.
Тамақтану. Емізу санын 1-2 ретке көбейткен жөн. Балаларда лоқсу, құсу болғанда, іші өткенде 12 сағатқа оралит беріледі. Қанға сұйықтық құю тек эксикозда ғана қолданылады (тәуліктік мөлшері 1/3-2/3 есебінен).5-10% глюкозаны, Рингер ерітіндісін зәр айдайтын дәрі қосып, қанға жібереді.
Тыныс тапшылығының негізі орайлы микроклимат құру және тыныс жолдарының ашылуына мүмкіндік туғызу. Демек, таза, оттегіне бай, ылғалды ауамен қамтамасыз ету, бронхолитиктер мен антисептиктер қолдану. Екінші не одан жоғары тыныс тапшылығын емдеуге—оксигендік емнің түрлі тәсілдері жүргізіледі.
Қақырық шығару мақсатында натрий гидрокарбонат, натрий хлоридінің изотоникалық ерітінділерімен, сілтілі, сілтілі-тұзды ингаляция жасалады, протеолитикалық ферменттермен де ингаляция жасалады.
Ауыр пневмонияларда гиповитаминоздарға байланысты тіндердің оттегіні сіңіруі кемиді.Сондықтан витаминдер паоентералдық жолмен енгізілуі керек. Токсикалық пневмонияда витаминдер қанға глюкозды-витаминді-энергетикалық комплекс түрінде тағайындалады:10-20% глюкоза С витаминімен—5-10мл, ККБ—50-100мг.
Антибиотиктермен емдеу—емнің еі негізгісі. Препаратты қоздырушы бактерия түріне қарай таңдап, төмендегі тәртіпке арқа сүйеген жөн:

  1. үйде ауырған, асқынулары жоқ, 6 айдан асқан балаларға пенициллин тәуліктік мөлшері 100-150м.б./кг есебінен тағайындалады.

  2. Пенициллинге аллергиясы бар не оны жақында алған балаларға цефалоспориндер не макролид берілгені жөн.

  3. Үйде және бірінші рет ауырған 6 айға дейінгі сәбилерді емдеуді ампиокс не цефалоспориндерден бастаған жөн.

4) әлсіз, әрі қосымша аурулары бар балаларға госпиталдық
пневмонияның емін ампициллин не ампиоксты гентамицинмен
қатар беріп жүргізеді.

  1. көлемді инфильтраттар, «іріңді аурулар», деструктивті өзгерістер болса кемінде 2 антибиотик тағайындалуы тиіс. Антибактериалдық курстың ұзақтығы шамамен 10 күн.

Физиотерапия-- міндетті түрде тағайындалуы тиіс. Дене қызуы бар кезде УВЧ-дан бастайды, 5-6 сеанс. Алоэ, кальций хлориді, магниймен электрофорез жүргізіледі. Дене қызуы түсіп токсикоз кеткенде емдік физкультура және массаж бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет