3. Пәннің мазмұны:
3.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
|
№
р/с
|
Тақырыптың атауы
|
Сағаттар саны
|
|
Дәріс
|
Тәж.
|
Зерт.
|
СӨЖ
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
7
|
|
1
|
Қазіргі география
|
2
|
2
|
-
|
8
|
|
2
|
Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері
|
2
|
2
|
4
|
10
|
|
3
|
Жердің даму тарихында геосфералардың байланысы
|
2
|
2
|
4
|
12
|
|
4
|
Географиялық қабықшаға ғарыштық және жалпы планеталық әсері
|
2
|
2
|
4
|
12
|
|
5
|
Географиялық қабықшаның құрамы
|
2
|
-
|
6
|
12
|
|
6
|
Эндогенді факторлар қалыптастыратын құрылымдар
|
2
|
2
|
6
|
12
|
|
7
|
Географиялық қабықшаның дамуы
|
2
|
2
|
4
|
12
|
|
8
|
Адам және географиялық орта
|
1
|
3
|
2
|
12
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
15
|
15
|
30 (15)
|
90
|
|
|
Пән бойынша барлығы
|
135 сағат
|
135 часов
|
3.2 Теориялық курсының мазмұны
№ 1 Тақырып. Қазіргі география
Географиялық ғылымдар жүйесі. Жалпы жертану физикалық географияның бір бөлігі ретінде: мақсаты, мәні, ғылыми және қолданбалы мақсатта алатын орны. Географиялық қабықша түсінігі. Негізгі идеялардың даму тарихы: сипаттау, түсініктеме беру және болжау кезеңдері. Физикалық географиялық маңызды мәселелері. Географияның даму кезеңдері. Алғашқы халықтардың географиялық орналасуы туралы мәліметтер. Көне қоғамдық құрылыс географиясы. Орта ғасырлар. Ұлы географиялық ашылымдар кезеңі. ХVII-XIX ғғ. Ресей мен Батыс Еуропадағы география. Қазіргі отандық және шетелдік географиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы. Кеңес өкіметі кезеңіндегі географияның даму бағыты (1917-1991 жж.). Университеттердегі географиялық мектептер. Д.Н. Анучин, А.И.Войеков, В.В. Докучаев, Л.С. Берг, Н.А. Солнцев, Ю.Г. Саушкин, ХХ ғ. шетелдік география.
№ 2 Тақырып. Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері
Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері құрылымындағы ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары, энергия көздері, қозғалу мен даму заңдылықтары. Күн жүйесіндегі Жер планетасының алатын орны. Жер планетасы құрылымындағы ерекшеліктер, қоршаған кеңістікпен қарым-қатынаста болуы, ішкі құрылымы туралы мәліметтер. Оның пайда болуы мен дамуын нақтылы мәліметтер арқылы дәлелдеу. Жердің гравитациялық, магниттік және басқа өрістері. Планетаға дейінгі материядан Жер мен Күн жүйесінің пайда болуы туралы гипотезалар. Ыстық және суық бұлттар, заттардың гетерогендік және гомогендік құрамы. Күн мен планеталардың бір уақытта және әртүрлі уақытта пайда болуы. Шағын аспан денелері туралы мәліметтер.
Жер қыртысы пайда болуының бастамасы – планетаның тас денесінің қалыптасу: бастапқы кезеңдегі ерекшелігі, еруі немесе ырғақты күйде болу мүмкіншілігі, толығымен қатаю уақыты, қатты қыртыстың пайда болуы, жер қыртысы құрамының әртүрлі болу себептері. Метаморфизм мәселелері, әртүрлі жастағы тау жыныстарының сақталуы, алғашқы күйі туралы мәліметтер, жаңару жолдары. Эффузивті, интрузивті және шөгінді тау жыныстарының таралу аймақтары мен құрамының өзгеруінің жалпы ерекшеліктері.
Жер планетасының эволюциялық дамуы – массасы мен көлемінің сақталу, сығылу немесе керісінше ұлғаюы, планетаның дамуы. Тектоникалық қозғалыс түрлері. Болжауды мәліметтерге сүйене дәлелдеу, гипотеза салдары.
Газ қабықшасының пайда болуы, планетаның әртүрлі даму кезеңдерінде атмосфера құрамының өзгеруі, осы өзгерістерді дәлелдеу және оның салдары. Жер қойнауы дегазациясы. Ауа құрамының және оның жекелеген компонеттерінің өзгеруінің қоршаған ортаға тигізер әсері, литосфера мен гидросферамен байланысы.
Сулардың пайда болуы: теңіз, жер беті және жер асты сулары; тұзды және тұшы сулардың, гидратацияға ұшыраған тау жыныстарындағы ювенильді сулар, дегазация сулары; Дүниежүзілік мұхит сулары, мұхиттардың пайда болу уақыты. Мұздану мәселелері.
Жердің жер бедері, Жердің даму тарихында құрлықтар мен мұхиттардың таралу ерекшеліктері; мегарельефтің негізгі пішіндері мен ерекшеліктері; өзгеру себептері, рифтогенез.
№ 3 Тақырып. Жердің даму тарихында геосфералардың байланысы
Географиялық қабықтың пайда болуы, маңызы, ерекшелігі, дамуы. Өткен және қазіргі кезеңдегі зат айналымы. Жер мен Ғарыш кеңістігіндегі зат айналымының эволюциясы мен оның тұйық еместігін дәлелдеу, реконструкция әдістері, реконструкция бағыттары. Табиғи құбылыстар мен үрдістердің ритмикалық өзгерістері, олардың зоналылық ерекшеліктері, географиялық қабықшаның біртұтастығы.
Қоршаған табиғи ортада адамның алатын орны. Антропогендік мәселелер. Географиялық қабықшаға тигізер әсері, оның себеп-салдары. Физикалық географиядағы ізденіс әдістері. Физикалық географиядағы жалпы және пән аралық әдістер: салыстырмалы, аналог әдістері, жүйелеу, математикалық, геохимиялық, геофизикалық. Физикалық географиядағы салыстырмалы – сипаттау, экспедициялық, картографиялық, аэроғарыштық, палеогеографиялық т.б.
Географиялық қабықша түсінігі. Физикалық-географиялық қабықша, эпигеосфера, жер құрылымының қабықшалары, оның төменгі және жоғарғы шекаралары. Ландшафттық сфера. Географиялық қабықшаның сапалық ерекшеліктері мен негізгі заңдылықтары: біртұтастығы, заттардың әртүрлі агрегаттық күйде болуы, екі энергия көздерінің болуы (эндогенді және экзогенді), зоналылығы, ырғақтылығы.
№ 4 Тақырып. Географиялық қабықшаға ғарыштық және жалпы планеталық әсері
Географиялық кеңістік түсінігі. Географиялық қабықшаның энергия көздері. Галактика, Күн жүйесі және олардың пайда болуы. Жердің Күн жүйесіндегі орны: пайда болу гипотезасы және алғашқы дамуы. Күн мен Жердің байланысы. Магниттік өрісінің әсері. Жердің пішіні мен өлшемдері, Жердің қозғалысы мен оның географиялық салдары.
№ 5 Тақырып. Географиялық қабықшаның құрамы
Заттық құрамы, көлемі және литосфераның, атмосфераның, биосфераның негізгі бөліктері. Олардың пайда болуы, негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері. Географиялық қабықшада заттар мен энергияның таралуы. Географиялық қабықшаның тік бағыттағы және ландшафттық (көлденең) бағыттағы құрылымы.
№ 6 Тақырып. Эндогенді факторлар қалыптастыратын құрылымдар
Географиялық қабықшаның ландшафттық құрылымы. Географиялық құрылымдардың ұйымдасуының әртүрлі деңгейлері. Географиялық қабықшаның дамуы мен динамикалық ерекшелігі. Географиялық қабықшаның құрамдас бөліктері және компонент аралық зат алмасуы. Компонент аралық айналымдар. Географиялық қабықшаның құрамдас өліктерінің бір-бірімен байланысы. Құрылым аралық зат пен энергия айналымы. Айналымдар – географиялық қабықшаның динамикалық күйі мен оның тұтастығының негізгі көрсеткіші.
№ 7 Тақырып. Географиялық қабықшаның дамуы
Даму – қозғалыстың ең жоғарғы сатысы, бір сапалық күйден екіншісіне ауысуы. Географиялық қабықшаның даму формасы. Эндогенді және экзогенді күштердің бір-біріне әсері. Географиялық қабықшаның дамуындағы негізгі кезеңдер: геологиялық кезеңге дейінгі, биологиялық кезеңге дейінгі, биологиялық, антропогендік. Жер беті табиғатының даму заңдылықтары: циклдық, ырғақты формалар, өзгері бағыты т.с.с.
№ 7 Тақырып. Адам және географиялық орта.
Адамның, қоғамның, материалдық мәдениеттерің негізгі даму кезеңдері. Адамның пайда болуы мен дамуы. Саналы адамның пайда болу және оның табиғатқа әсері. Географиялық орта түсінігі және оның географиялық қабықшаға тигізетін әсері. Ноосфера. Табиғи ортаны қорғау мен тиімді пайдалану мәселелері. Ғаламдық географиялық үрдістерді басқару негіздері. Физикалық-географиялық болжау. Қайтымды байланыстар. Ландшафттық сфераға адамның тигізетін әсері.
3.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны:
№ 1 Тақырып. Қазіргі география. География ғылымының қалыптасу кезеңдері. Физикалық географияның қазіргі мәселелері мен географиялық зерттеулер әдістері. География пәнінің даму тарихы. Ежелгі замандағы географиялық білімдердің жинақталуы. Орта ғасырлардағы географияның даму деңгейі. Ұлы географиялық ашылымдар кезеңі. Жаңа замандағы география ғылымы. Қазіргі кездегі география ғылымының жетістіктері мен негізгі мәселелері. Географиялық зерттеулер әдістерінің жаңа түрлері.
№ 2 Тақырып. Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері. Күн жүйесі мен ғаламшарлардың пайда болуы. Жердің жасы. Жердің ішкі құрылысы. Кеплердің заңдары. Жер мен Күннің қатынастары. Жер және Ай жүйесі.
№ 3 Тақырып. Жердің даму тарихында геосфералардың байланысы. Географиялық қабықтың негізгі заңдылықтары. Жер геосфераларының сипаттамасы. Географиялық қабықшаның даму кезеңдерін сипаттап, географиялық қабықшаның заңдылықтарын айқындау.
№ 4 Тақырып. Географиялық қабықшаға ғарыштық және жалпы планеталық әсері. Географиялық қабықтың қалыптасу факторлары мен олардың географиялық салдары. Жердің орбиталық және өз білігінен айналудың нәтижесіндегі салдарды айқындап түсіндіру. Жердің геофизикалық (гравитациялық, магниттік) өрістеріне сипаттама беру
№ 5 Тақырып. Эндогенді факторлар қалыптастыратын құрылымдар Жер шарындағы геологиялық, биогендік айналымдар мен олардың географиялық қабықтың дамуындағы орны. Экзогенді және эндогенді геологиялық үрдістердің заңдылықтарын анықтау және олардың әсерінен пайда болатын жер бедерінің пішіндеріне сипаттама беру.
№ 6 Тақырып. Географиялық қабықшаның дамуы. Қалыптасудың әртүрлі кезеңдеріндегі географиялық қабық дамуының ерекшеліктері. Гидросфераның құрылымы. Гидросфераны зерттейтін ғылым салалары. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері мен оның тік құрылысы. Атмосфераның құрылысын сипаттау, құрамына кіретін заттардың мөлшерін диаграмма түрінде көрсету. Атмосфераның маңыздылығын (қызметтерін) көрсету.
№ 7 Тақырып. Адам және географиялық орта. Географиялық қабық және географиялық орта ұғымдарының ара-қатынасы. Антропогендік факторлардың географиялық қабыққа тигізетін әсері. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Биосфераның құрылымы. Тірі затының ұйымдастырылу деңгейлері. Ерекше ноосфера қабатының пайда болуы.
3.4 Зертханалық жұмыстардың мазмұны:
№ 1 Тақырып. Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері. Галактикалар құрылысының, Күн жүйесі мен ғаламшар аралық кеңістіктің құрылысының сипаттамасы.
№ 2 Тақырып. Жердің даму тарихында геосфералардың байланысы. Жердің даму тарихының әртүрлі кезеңдеріндегі геосфералардың өзгеруін талдау.
№ 3 Тақырып. Географиялық қабықшаға ғарыштық және жалпы планеталық әсері. Жердің осьтік және орбиталық қозғалыстары мен олардың географиялық салдары. Көкжиектің көріну шегін анықтау.
№ 4 Тақырып. Географиялық қабықшаның құрамы. Әртүрлі геосфералардың даму заңдылықтарын анықтау, атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфераның қалыптасу және даму факторларын анықтау
№ 5 Тақырып. Эндогенді факторлар қалыптастыратын құрылымдар. Эндогенді үрдістердің жіктемесін жасау және олардың географиялық қабықтың дамуына тигізетін әсерін анықтау.
№ 6 Тақырып. Географиялық қабықшаның дамуы. Географиялық белдеулер мен табиғи зоналарға сипаттама беру.
№ 7 Тақырып. Адам және географиялық орта. Халықтардың таралуы мен тығыздық картасына талдау жасау, оларға әсер ететін факторларды бағалау
3.5 СӨЖ мазмұны
№
|
СӨЖМ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындық
|
|
Сабаққа қатысуы
|
15
|
2
|
Тәжірибе сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысуы
|
20
|
3
|
Зертханалық сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысуы
|
20
|
4
|
Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру
|
Конспект
(және басқалар)
|
Коллоквиум
(және басқалар)
|
20
|
5
|
Семестрлік тапсырмаларды орындау
|
Доклад
(және басқалар)
|
СТ қорғау
|
10
|
6
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
МБ 1, МБ 2, коллоквиум (тестілеу және басқалар)
|
5
|
Барлығы:
|
90
|
Студенттердің өздік жұмысының мазмұны:
Өздік жұмыс № 1 Қазіргі география
Қоршаған табиғи ортада адамның алатын орны. Антропогендік мәселелер. Географиялық қабықшаға тигізер әсері, оның себеп-салдары. Физикалық географиядағы жалпы және пән аралық әдістер: салыстырмалы, аналог әдістері, жүйелеу, математикалық, геохимиялық, геофизикалық. Физикалық географиядағы салыстырмалы – сипаттау, экспедициялық, картографиялық, аэроғарыштық, палеогеографиялық т.б. Қазіргі заманымыздағы географиялық зерттеу әдістері: геоақпараттық жүйелер, модельдеу, спутниктік және космостық географиялық зерттеулер және т.б. Қазақстандағы географиялық зерттеулер: отандық зерттеушілер және олардың ғылыми тұжырымдамалары.
Өздік жұмыс № 2 Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері.
Глоссарий құрастыру: ғарыш, Құс жолы, Күн жүйесі, ғаламшарлар жүйесі, үлкен ғаламшарлар, жұлдыз, астероид, комета, метеорит. Биосферадағы мәселелер. Тірі заттар мен ағзалардың маңызы. Жердің даму тарихының кезеңдеріндегі ерекшеліктері. Алғашқы органикалық заттардың пайда болу уақыты мен пайда болған аймақтары. Тірі және өлі заттардың байланысы. Ғарыштың рөлі. Қазіргі қоршаған ортаның ерекшеліктерін танып білуде В.И Вернадскийдің «биосфера» ілімінің маңызы.
Өздік жұмыс № 3 Жердің даму тарихында геосфералардың байланысы.
Географиялық атауларды (номенклатураны) өз бетімен жаттау. Геохронологиялық кестенің түзілу кезеңдері. Жатқаа білу.
Өздік жұмыс № 4 Географиялық қабықшаға ғарыштық және жалпы планеталық әсері.
Жердің жылдық және өз осінен айналуы. Жердің жылдық айналымының географиялық салдары. Жарықтылық белдеулері. Жердің магниттік өрісі.
Өздік жұмыс № 5 Эндогенді факторлар қалыптастыратын құрылымдар.
Базификациялық процесс. Холмстың концепциясы. Литосфералық плиталар тектоникасы. Жер қыртысы туралы жалпы түсінік. Вулканогенді-шөгінді, гранитті және базальт қабаттары. Көне платформалар мен геосинклинальдар.
Өздік жұмыс № 6 Географиялық қабықшаның құрамы.
Атмосфера. Литосфера. Гидросфера. Биосфера.Олардың құрамы мен құрылысы. Олардың пайда болуы, негізгі қасиеттері, ерекшеліктері мен заңдылықтары. Физикалық-географиялық қабықша, эпигеосфера, жер құрылымының қабықшалары, оның төменгі және жоғарғы шекаралары.
Өздік жұмыс № 7 Географиялық қабықшаның дамуы.
Эндогенді және экзогенді үрдістер. Географиялық қабықшаның даму кезендері. Мұхиттардың пайда болуы мен қалыптасуы. Құрлықтардың пайда болуы мен қалыптасуы. Платформалар мен геосинклинальдар. Жазықтар мен таулар. Қазіргі неотектоникалық үрдістер. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Адамның пайда болуы.
Өздік жұмыс № 8. Адам және географиялық орта.
Адамның іс-әрекетінен қоршаған ортаның өзгеруі. Адам және табиғат. Ғаламдық мәселелер. Бейбітшілікті сақтау мәселесі. Демографиялық проблема. Экологиялық проблема. Азық-түлік мәселесі. Отын-энергетикалық проблема. Дүниежүзілік мұхиттың проблемасы және т.б.
Мамандықтың
жұмыс бабындағы оқу ПМУ ҰС Н 7.18.1/10
жоспарынан үзінді көшірме
Мамандықтың жұмыс бабындағы оқу жоспарынан үзінді көшірме
050609 – География
Пәннің атауы Жалпы жертану
Оқу
формасы
|
Бақылау формасы
|
Білім алушылардың жұмыс көлемі, сағатпен
|
Курс және семестр (сағаттарды) бойынша сағаттарды бөлу
|
емт.
|
сын.
|
КЖ
|
КЖ
|
ЕКЖ
|
Бақыл.
жұм.
|
барлығы
|
дәр
|
пр.
|
зер
|
СӨЖ
|
дәр
|
пр.
|
зер
|
СӨЖ
|
жал
|
ауд
|
СӨЖ
|
Күндізгі ЖОБ негізінде
|
1
|
|
|
|
|
|
135
|
45
|
90
|
1 семестр
|
2 семестр
|
15
|
15
|
15(30)
|
90
|
|
|
|
|
Әдебиет
Негізгі:
1 Галант Т. Г., Гурвич Е. М. Практические занятия по землеведению и краеведению.- М.: Просвещение, 1988.
2 Мильков Ф. Н. Общее землеведение. – М.: Высшая школа, 1990.
3 Мұқашева Ж.Н. Жалпы жертану. – Алматы: Қазақ университеті, 2002.
4 Неклюкова Н. П. Общее землеведение. М.: Высшая школа, 1976.
5 Неклюкова Н. П. Задания для лабораторных занятий по общему землеведению. М.: Высшая школа, 1976.
6 Савцова Т.М. Общее землеведение. – М., 2004
7 Шубаев Л. П. Общее землеведение. - М.: Высшая школа, 1977.
Қосымша:
8 Будыко М.И. Изменение климата. – Л.,1974.
9 Кан С. С. Океан и атмосфера. – Н.,1986.
10 Котляков В. М. Круговорот вещества в природе и его изменение хозяйственной деятельностью человека. – М.: МГУ, 1980.
11 Құрманов Қ. Физикалық география терминдері мен ұғымдарының орыс-қазақша анықтамалық сөздігі. – Алматы: Рауан,1993.
12 Леонтьев О.К., Рычаков Г. И. Общая геоморфология. М.,1982.
Достарыңызбен бөлісу: |