Күтілетін нәтиже:
Оқушылар есептерге талдау жасай білу, шығару жоспарын құра білу, қорытынды жасай білуге үйрену керек.
Байқағыштыққа,тапқырлыққа берілген есептерді шеше білу.
Логикалық есептерді шеше білу.
Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білу.
Математикалық ой-өрісін кеңейту.
Математикалық білімін толықтыру.
Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білу.
Үйірме сабағының құрылымы:
Баяндама 5-10минут (математика тарихы бойынша, математик-ғалымдар туралы,қазіргі заманғы математиканың даму тарихы туралы, адам өміріндегі математиканың орны туралы және т.б..).
Қиындығы жоғары есептер шығару.
Қызықты есептерді шешу.
Олимпиадалық есептерді шешу.
Үйірме жұмысын жүргізудің негізгі формалары:
Тақырыптық аралас сабақтар:
Мұғалімнің немесе оқушының баяндамасы;
Белгілі бір тақырыптағы есептерді өздігінен шешу;
Есептерге талдау жасау;
Қызықты есептер,тапқырлыққа берілген есептерді,математикалық софизмдерді шешу,математикалық ойындар ойнату;
Үй тапсырмасы.
2. Түрлі конкурстар ұйымдастыру:
Математикалық турнир, эстафеталар.
Математикалық викториналар.
Ауызша немесе жазбаша олимпиадалар.
3.Оқушылардың рефераттарын тыңдау;
4.Топпен математикалық газет шығару:
5. Аудандық ,аймақтық олимпиада тапсырмаларын талдау, қатемен жұмыс жасату.
6. Әртүрлі тақырыптағы есептер шығару.
7.Үй тапсырмасына талдау жасау.
8.Математикалық модельдер жасау.
9. Есептер құрастыружәне оны шешу
10. Математикамен байланысты көркем шығармалардан үзінді оқу.
11. Математикадан видеофильмдер, кинофильмдер, диафильмдер көру.
Достарыңызбен бөлісу: |