Жұмыс бағдарламасы мамандығы «5В110300»



бет57/125
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#89538
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   125
Байланысты:
УМК ботаника каз.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімінің ерекшеліктері қандай?

  2. Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімінің маңызы қандай?

  3. Жабықтұқымды өсімдіктер классификациясы, қанша класқа бөлінеді?

  4. Қосжарнақтылар мен даражарнақтыларға салыстырмалы сипаттама беріңіз?

  5. Қосжарнақтылар класына жататын негізгі тұқымдастарды атаңыз?

  6. Гүл құрылысы қандай?

  7. Гүл сағағы, гүл табаны дегеніміз не?

  8. Тостағанша, күлте, гүлсерік, аталық, аналық дегеніміз не?

  9. Қосжынысты және дара жынысты гүлдердің сипаттамасы.

  10. Қосжарнақтылардың өсімдіктердің отандары.



Тақырыбы №14: Гүл шоғырларының жіктелуі.
Мақсаты: Құрлысы және өмірсүру жағдайымен танысу, сонымен қатар жоғары сатылы гүлді өсімдіктердің маңызды топтарының жіктелу принципімен танысу.
Дәріс тезисі:
Гүл бөлігі, формуласы және диаграммасы. Гүл бөлігінің сипаты. Микро- және мегаспорогенез. Тозаңдардың түзілуі және өсуі. Тұқым бүрінің түзілуі және жетілуі. Қосарланған ұрықтану. Жемісі және тұқымы. Тұқым түрлері.
Гүлділердің жіктелуіндегі прогрессивті және қолайлы белгілері. Класқа бөліну: даражарнақтылар және қосжарнақтылар.
Магнолия, лавр, сарғалдақтар және бөріқарақаттар тұқымдастарының морфологиялық және анатомиялық сипаттамасы. Даражарнақтылар құрлысының қолайлы белгілері.
Раушангүділер, Бұршақтұқымдастар, Шатыршагүлділер қатарының сипаттамасы. Вегетативті және генеративті мүшелерінің морфологиясы, құрылым ерекшеліктері және итмұрын, алма, өрік, көкнәр, крестгүлділер, шатыршагүлділер тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері. Негізгі өкілдерінің қолданылуы.
Қосарланған жапырақты және Бірқабатты қатарлардың сипаттамасы.
Алқалылар, ерінгүлділер, үйеңкі, шамшат, аққайың, кәмшат тұқымдастарының вегетативті және генеративті мүшелерінің морфологиясы. Негізгі өкілдерінің қолданылуы.
Астрагүлділер, Сыпыртқытәрізділер, Лалагүлділер қатарының сипаттамасы. Астрагүлділер, сыпыртқытәрізділер, лалагүлділер, ирис тұқымдастарының вегетативті және генеративті мүшелерінің морфологиясы.
Сыпыртқытәрізділер, лалагүлділердің аномофиллиясына және энтомофиллиясына байланысты құрылым ерекшеліктері. Негізгі өкілдерінің қолданылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет