Оқытудың міндеттері: Әр түрлі жастағы өсінділердің дәнді дақылдар бөліктерін орната білу
Өсінділер типін анықтай білу
Тіндердің үш комплексін ажырата білу
Тамырдың біріншілік құрылысы. Тамырдың анатомиясы бойынша білімді толықтыру
Алынған білімді практикада қолдану барысында жетілдіру
Өткізілу түрі: Тақырып бойынша консультация. Тәжірибелік сабақты өз бетінше орындау және хаттамаларды толтыру.
Тақырып бойынша тапсырмалар: Айыр тамырының көлденең қимасынан препарат дайындау, тамырдың біріншілік құрылысын зерттеу. Кесіндіні флюроглюцинмен және тұз қышқылымен өңдеу, препаратты тамшы суда қарау. Суретін салу, орталық цилиндрді, алғашқы қабықты, эпиблеманы белгілеу. Дайын микропрепаратта өсінді тамырының ұшын табу, өңдеу және тамырлық чехликтің суретін салу. Бөліну, созылу аймақтары және сору аймақтары. Тамырдың суретін салу және оның аймақтарын белгілеу.