Оқытудың міндеттері:
1. Сарғалдақтар және бөріқарақат, раушангүлділер, шатырша және бұршақ тұқымдастың гүлінің, жемісінің және тұқымының құрылым ерекшеліктерімен танысу.
2. Тұқымның сипаттамасын білу. Формула және диаграммасын жаза білу.
Өткізілу түрі: Оқытушы студенттермен сабақ тақырыбын, СӨЖ нәтижесін талқылайды. Анатомиялық суреттің безендірілуін және дәптердегі жұмыстардың дұрыстығын тексереді, қателерді түзейді, оқып жатқан материалдардың дәйектілігіне көңіл бөледі.
Тақырып бойынша тапсырма: Сарғалдақтар, бұршақ тұқымдасына тән морфологиялық белгілерін альбомға жазу.
А) Осы тұқымдастардың жалпы формуласын құру және жазу.
Б) Осы тұқымдастардың маңызды өкілдерін атау.
Бөріқарақат, раушангүлділер, шатырша тұқымдастарына тән морфологиялық белгілерін жазу және үйрену. Гүлдерді бөлшектеу, барлық бөліктерін шыныда бөлу. Құрылысымен танысу, гүл серігінің құрылысымен, оның түйінімен, тычинкасымен, аталық құрылысымен танысу. Гүлдің формуласымен диаграммасын жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |