Тақырыбы №13: Жабық тұқымдылар бөлімі. Гүл құрылымының жалпы сипаттамасы. Мақсаты: Құрылысының ерекшеліктерімен және өмір сүру ерекшеліктерімен, сонымен қатар жоғары сатылы өсімдіктер топтарының жіктелу принциптерімен таныстыру.
Дәріс тезисі: Жабық тұқымдылар бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Гүлдің құрылымы. Гүлдің бөліктері, формуласы, диаграммасы. Гүл бөліктерінің сипаттамасы. Микро- және мегаспорогенез. Тозаңның қалыптасуы және өсуі. Тұқымбүршіктің түзілуі және тұқымның дамуы. Қос ұрықтану. Жемістер мен тұқымдар. Тұқымдардың типтері. Жемістердің жіктелуі мен эволюциясы. Гүлдердің жіктелуіндегі прогрессивтік және жабайы белгілер. Кластарға бөлу: біржарнақтылар мен қосжарнақтылар. Гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша, күлте жапырақшалар. Гүлсерік. Гүлдің атқаратын қызметі.Сабақтан және жапырақтан пайда болған гүлдер. Жыныс мүшелеріне қарай гүлдердің жіктелуі.
Бірүйлік және екіүйлік өсімдіктер. Қосарланған және қарапайым гүлсерігінің типтері. Қосарланған және қарапайым гүлсерігінің айырмашылығы.
Аталықтың құрлысы. Андроцейлердің, гинецейдің типтері. Көбею. Тозаңдану түрлері. Ұрықтану. Қосарланып ұрықтану. Тұқымның түрлері.
Актиноморфты және зигоморфты күлтежапырақшалардың негізгі типтері. Асциметриялы күлтежапырақшалар.Қосарланып ұрықтану. Тұқымбүршігінің құрлысы. Гүл құрлысының формуласы және диаграммасы.