Керамикалық бұйымдардың қасиеттері. Су сіңіргіштігі – керамикалық бұйымдардың кеуектігін сипаттайды. Кеуекті керамикалық бұйымдардың су сіңіргіштіктері ылғал массасы бойынша 6-20%, ал көлемі бойынша 12-40%. Сондай-ақ тығыз керамикалық бұйымдардікі массасы бойынша 2-10% аралығында.
Жылу өткізгіштігі – керамикалық бұйымдардың кеуектігі мен қуыстығына байланысты. Нағыз тығыз керамикалық бұйымның жылу өткізгіштігі – 1,6 Вт/(м*°С). Кеуектігі мен қуыстығы ұлғайған сайын, керамикалық бұйымдардың тығыздығы мен жылу өткізгіштігі төмендейді.
Мықтылығы (беріктігі) – керамикалық бұйымның фазалық құрамына, кеуектілігіне және жарықсыздығына байланысты. Қабырғалық бұйымдардың мықтылығы бойынша маркасы олардың қысқандағы мықтылық шектерін сипаттайды, бірақ конструкциялық бұйымдардың маркасын анықтарда қысқандағы мықтылық шегін де ескереді.
Аязға тұрақтылығы – керамикалық бұйымдардың сумен қаныққан күйінде көрінетін бұзылу белгісінсіз ауыспалы мұздау және еру циклдер әсерінің нақтылы рет қайталану санына шыдамдылығымен сипатталады. Ауыспалы мұздату және еру циклдерінің саны бойынша керамикалық бұйымдардың структураларына байланысты мынандай маркалары болады: 15, 25, 35, 50, 75, 100.
Термиялық төзімділігі – керамикалық бұйымдардың, әсіресе қаптаушы плиткалардың немесе санитарлық бұйымдардың температураның күрт өзгеруіне бұзылу нышанынсыз шыдай беруінде. Қабырғаны іштей қаптауға арналған глазурланған керамикалық плиткалар 125°С температурасына дейін қыздырғанда және температурасы 18-20°С суға батырып, кенет суытқанда ешбір жарықсыз, шетінеусіз, сынықсыз төзімдік білдіруі керек.
Химиялық төзімділігі – керамикалық бұйымдардың агрессивті ортада тұрақтылығы. Бұл қасиеті бойынша қышқылға төзімді және сілтіге төзімді бұйымдар деп бөлінеді. Керамикалық бұйымдардың химиялық тұрақтылығы белгілі мөлшердегі майдаланған бұйымның 1 сағ. бойы күкірт қышқылында немесе 20% тұз қышқылы ерітіндісінде қайнатқаннан кейінгі массаның, оның қайнатқанға дейінгі массасына қатынасымен сипатталынады.
Үйкелістігі – үйкеліс кұші әсерімен материал өзінің көлемін және массасын азайту қабілетімен сипатталады.