9 Тақырып - Асбестцементтік материалдар мен бұйымдар
Жоспар
1 Асбестцемент туралы жалпы түсініктері.
2 Асбестцемент бұйымдардың қолдануы.
Асбестцемент деп – цемент, асбест және су араласпасының қатаюы нәтижесінде алынатын күйдірілмеген жасанды тас материалдарын атайды. Асбестцемент негізінде жамылтқыш толқынды плиталар, құбырлар, қабырғалық панельдер және декоративтік бұйымдар шығарылады.
Асбесцементтік бұйымдар қасиеттері мынандай факторларға тәуелді: цемент сапасына, асбест маркасына, бұлардың массадағы мөлшерлік арақатынасына, асбесттің талшыққа тарқатылу дәрежесіне, массаның тығыздалу дәрежесіне, бұйымдардың қатаю жағдайы мен ұзақтығына, сондай-ақ, асбестцементтің ылғалдылығына.
Асбестцементтік жазық табақтар мен плиталар екі типте шығарылады престелінген және престелінбеген. Олардың бет жағы тегіс немесе кедір-бұдырлы сұр түсті, боялған немесе фактурланған болуы мүмкін.
Едендерді төсеу үшін түрлі түске боялған мөлшері 150х150х10 мм плиталар шығарылады. Осындай әрленген плиткалармен санитарлық түйіндерде, асханаларда, дүкендерде түрлі түсті композициядағы едендерді жасауға қолданады.
Асбестцементтік қысымдық құбырларды су-, мұнай-, және газ жүргізетін тізбектерді, канализацияларды салу үшін пайдаланады, ал қысымсыз құбырларды дренаждарды төсеуге, желдеткіш және қоқыстық каналдарын орналастыруға, телефондық кабельдерді жүргізуге қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |