10 ДӘРІС. Бірінші ЖӘНЕ ЕКІНШІ типті беттік интегралДАРЫ
Үзінді тегіс контурмен қоршалған кейбір екі жақты тегіс S бетің нүктелірінде f(M) функциясы анықталған болсын. S бетті қалауымызша жүргізілген қисықтыр торы арқылы бөліктерге бөлеміз. Әрбір бөліктен қалауымызша нүктесін алып,сол нүктедегі функцияның f(M) мәнін есептейміз және оны беттің сәйкес бөлігінің ауданына көбейтіп, барлық осындай көбейтінділердің қосындысын құрамыз Бұл қосынды бұдан бұрын қарастырылған көп қосындыларға ұқсас болғандықтын, біз оны интегралдық қосынды деп атайтын боламыз.