Жұмыс бағдарламасы «өсімдіктер және микроағзалар экологиясы»



бет94/107
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#79267
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107
(М.Китинг бойынша)

Мәселе

Мәселенің қысқаша мәні

1

2

Кедейлікпен күрес



Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 млрд-тан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму: білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық көмек.

Тұтынудың құрылымын өзгерту

Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себебі болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.

Халық және тұрақтылық

1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 млрд-дан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы 8 млрд-қа жетеді.

Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту.

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:
1) СПИД пен күреске жұмылдыру;
2) туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;
3) бала өлімін кеміту;
4) халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;
5) еркектер мен әйелдердің өздерінің балаларының санымен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;
6) халықты ауыз су, таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;
7) балалардың денсаулығын қорғау;
8) қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан қорғау.



Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)

2000 жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұрады. Қоғамның урбанизациясы экономикалық даму процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60 –ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны өндіру мен тұтыну.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану.

Топырақтардың құнарлылығы су және жер эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауыл шаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес

Ормандар топырақ пен суды атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкіметтерге орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, жүзеге асыру қажет.

Шөлденумен құрғақшылықпен күрес.

Шөлдену- бұл ауа-райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайлымдарының деградиясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылықпен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану

Теңіз суының ластануының шамамен 70 -ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрлыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып отыр, 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
1) қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40 литр ауыз суымен қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;
3) барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10 000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-нің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 90 келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтармен шайынды суларды жою

Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 52 млн. адам, оның ішінде 4 млн. балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды жою

Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасмалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200 мың м3 төмен, ал 10 мың м3 жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі.

Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға, жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3 –не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде – жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру.

Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың арттуы, демографиялық тенденциялар, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция – климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.


Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірілді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигон жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйытқысы болды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестірілуде. Олар:

  • Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

  • Суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

  • Жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


1. Қазақтан Республикасының тұрақты даму концепциясы дегеніміз не?
2. Экологиялық білім берудегеніміз не?
3. Экологиялық құқық?
4.Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты не?
5.Әкологиялық білім беруге деген қажеттілігі қандай?
6.ҚР-ның Үкіметі ұсынған «ҚР-ның тұрақты дамуға көшу концепциясы» қай уақытта бекітілді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет