ЖҰмыс бағдарламасы пән: Диетология Пән коды: Diet 2201 Мамандығы: 5B110100 «Мейірбике ісі»



Дата23.08.2017
өлшемі262,69 Kb.
#24755
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Терапия бакалавриат кафедрасы



044 -47/15-( )

10 беттің -беті



«Диетология» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы




Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Терапия бакалавриат кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»

ОӘЖ жөніндегі проректор,

м.ғ.д., доцент Анартаева М.У.

______________________

«_____ »__________2014 ж


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән: Диетология
Пән коды: Diet 2201
Мамандығы: 5B110100 «Мейірбике ісі»
Сағат көлемі: 2 кредит (90 сағат)
Курс: 2
Семестр: 3

Шымкент-2014 ж

Жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша ҚР ғылыми және білім министрлігінің «Емдік тамақтану» типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылған.

Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды
Каф мең., проф. Бекмурзаева Э.К.

Протокол № _________


«__________»_______________2014 г.

Клиникалық пәндер бойынша жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды


Төрағасы, доцент Туртаева А.Е.
Хаттама № ___

«___» ___________2014ж.



Әдістемелік Кеңесте бекітілді
Хаттама № ___
«___» ___________2014ж.
2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Диетологиябұл сырқат науқасты әртүрлі диета, тамақтану азық-түлігі мен тамақ қоспалары арқылы емдеу әдісі туралы ғылым.

Жалпыға мәлім болғандай, көптеген аурулардың кешенді терапиясы кезінде аурудың ауырлығына және ағымына сәйкес тағайындалатын міндетті және алмастырылмайтын құрамы болып емдік тамақтану табылады. Диетотерапия, әйгілі емдеу әдістерінің ішіндегі физиологиялық түріне ең жақыны бола тұра, ауру даамуының негізгі патогенетикалық факторларына, метаболикалық үдерістерге, олардың нейрогуморалдық реттеу механизмдеріне, жеке мүшелер мен жүйелердің және т.б. қызметтеріне тікелей әсер ете алады.

2.2 Пәннің мақсаты:

  • Аурудың алдын алуға кешенді түрде жақындау үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру және әсер етуші қауіп факторларына бақылауды күшейту;

  • Тұрғындарды салауатты тамақтанумен қамтамасыз ету және тамаққа қатысты туындайтын ауруларды алдын алу;

  • Диетология негіздерін білетін және әртүрлі аурулардың дифференциалдық диетотерапиясын жүргізе алатын студенттерді дайындау.


2.3 Оқыту тапсырмалары:


  • Студенттерге ұтымды және емдік тамақтану негіздері туралы теориялық білімін меңгерту;

  • әртүрлі нозологиялық формадағы патологиялары бар науқастарға арналған арнайы мақсаттағы тамақтану рационын оқыту;

  • студенттерге адам ағзасының тағамдық статусын бағалауды, метаболикалық бұзылыстарды, тамақтану бұзылыстары синдромын диагностикалауды үйрету;

  • студенттерді кардиологиялық, пульмонологиялық, гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, эндокринологиялық патологиялар кезінде, тағамдық аллергияларда және кейбір хирургиялық ауруларда диетотерапияның әдістерін үйрету.

2.4 Оқытудың қорытынды нәтижелері:

Студент білуі тиіс:


  • дені сау және ауру адамның ұтымды тамақтануының теориялық негіздерін, теңестірілген тамақтану формуласын, қазіргі таңдағы диетологияның негізгі концепцияларын;

  • нутриенттердің дефициті және көбеюі салдарынан болатын ағза бұзылыстарының негізгі синдромдарын, тамақтанудың зат алмасуға, иммундық статусқа, ағзадағы әртүрлі мүшелерінің және жүйелерінің функционалдық жағдайы;

  • тағамның негізгі химиялық, биологиялық, тағамдық, фармакологиялық және тағы басқа сипаттары ;

  • әртүрлі патологиялық жағдайлардағы арнайы мақсаттағы емдік тамақ рациондары (жеке диетология);


Игеруі қажет:


  • тамақтану бұзылыстары синдромдарын диагностикалауды, жеткіліксіз немесе шектен тыс тамақтану кезіндегі клинико–лабораторлық көрсеткіштерді бағалауды;

  • ақуыздық, липидтік, көмірсулық, дәрумендік, су-тұздық, микроэлементтік және т.б зат алмасу түрлерінде диеталық коррекциялау әдістерін меңгеруді;

  • әртүрлі аурулар кезінде емдік тамақтануды жүргізу, кең таралған ауруларда, соның ішінде жүкті әйелдерде, егде жастағы және қарт адамдарда тамақтанудың диеталық рационы;

  • тұрғындарды салауатты тамақтану туралы мәліметтендіру, ішімдікке салынудың, активті және пассивті темекі шегу және есірткілерді қолданудың зияндылықтары туралы санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

2.4 ДИЕТОЛОГИЯ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ СОҢҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ




Дублин дескрипторлар

ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі



Пәнді оқытудың нәтижесі


Тұжырымдама бойынша оқытудың нәтижелері

А

Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу.

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік


Дені сау және ауру адамның ұтымды тамақтануының теориялық негіздерін біледі

Теңестірілген тамақтану формуласын біледі

Қазіргі таңдағы диетологияның негізгі концепцияларын біледі

Нутриенттердің дефициті және көбеюі салдарынан болатын ағза бұзылыстарының негізгі синдромдарын біледі

Тағамның негізгі химиялық, биологиялық, тағамдық, фармакологиялық және тағы басқа сипаттарын біледі


Р14

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі)


Кәсіптік мейірбикелік әрекеттің деонтологиялық негіздерін біледі



Р4

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Әртүрлі патологиялық жағдайлардағы арнайы мақсаттағы емдік тамақ рациондарын (жеке диетология) біледі

Адам ағзаның тағамдық статусын қалай бағалау керектігін біледі

Метаболизмдік бұзылыстар дәрежесін қалай бағалау керектігін біледі


Р2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Сырқатнаманы толтыру кезінде әртүрлі аурулардағы емдәмдік үстелдерді дұрыс таңдауды біледі

Р6

«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Студенттік үйірмелер мен студенттік ғылыми конференциялар жұмысына қатысып, студенттік аудиторияларда ортаға шығып ой бөлісуге қажетті рефераттар мен презентацияларды рәсімдеуді біледі

Р17

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Дені сау және науқас адамның ұтымды тамақтануы бойынша ақпаратты интернеттен іздеуді біледі


Р2

В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу.

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік


Тамақтанудың зат алмасуға әсерінің ерекшеліктері жайындағы білімін қолданады

Тамақтанудың иммундық статусқа әсерінің ерекшеліктері жайындағы білімін қолданады

Тамақтанудың түрлі мүшелер мен жүйелердің функциональды жағдайына әсерінің ерекшеліктері жайындағы білімін қолданады

Әртүрлі аурулар кезіндегі емдік тамақтануды дұрыс таңдауды қолданады

Тамақтанудың бұзылыстары синдромдарын диагностикалайды


Р15

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі)

Кәсіптік мейірбикелік әрекеттің деонтологиялық негіздерін қолданады

Топтық жұмыста кеңінен таралған ішкі мүшелер ауруларында арнайы нысаналық емдік рационды пайдаланады





Р8

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Әртүрлі патологиялық жағдайларда арнайы нысаналық емдік рациондарды пайдаланады

Адам ағзасының тағамдық статусын бағалайды

Метаболизмдік бұзылыстардың дәрежесін бағалайды


Р2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Сырқатнаманы толтыру кезінде әртүрлі аурулардағы емдәмдік үстелдерді дұрыс таңдауды қолданады

Р6

«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Орташа тәуліктік тамақтану рационын 24 сағат бойына тексеру әдісі арқылы нақтылай тамақтануды зерттейді

Р3

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Диетология бойынша ақпаратты интернеттен дұрыс іздейді

Р10

С

Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу.

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік


Тамақтанудың жетіспеушілігінде немесе артық болуында клиникалық-зертханалық көрсеткіштерді бағалайды

Зат алмасудың негізгі түрлерін емдәмдік коррекциялау нәтижелерін бағалайды және интерпретациялайды

Тамақтану статусының негізгі түрлерін диагностикалауды негіздейді


Р14

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі)


Терапиялық, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, эндокринологиялық тәжірибеде кеңінен таралған аурулардағы тамақтанудың емдәмдік рационы бойынша критикалық ойлауды пайдаланады



Р21

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Терапиялық, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, эндокринологиялық тәжірибеде кеңінен таралған аурулардағы тамақтанудың емдәмдік рационы бойынша

өзіндік түйіндемені тұжырымдайды




Р2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Сырқатнаманы толтыру кезінде әртүрлі аурулардағы емдәмдік үстелдерді дұрыс таңдауды проблемаларды шешеді

Р6

«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Тағамдық өнімдердің бір апталық мәзірлік таратылымына талдау жасап, нақтылай тамақтануға зерттеу жүргізеді

Студенттік үйірмелер мен студенттік ғылыми конференциялар жұмысына қатысып, студенттік аудиторияларда ортаға шығып ой бөлісуге қажетті алынған дәйектемелерді тұжырымдайды



Р17

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Әртүрлі патологиялық жағдайларда арнайы нысаналық емдік рациондарды таңдаудағы проблемаларды шешеді

Р10

Д

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі)


Диетология бойынша тәжірибелік сабақтардағы рөлдік және іскерлік ойындарға қажетті ақпаратты жинақтауда креативті ойлауды қолданады


Р21

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік


Ішкі аурулардың алдын алу жайындағы мәліметтерді іздейді және өңдейді

Студенттік үйірмелер мен студенттік ғылыми конференциялар жұмысына қатысып, студенттік аудиторияларда ортаға шығып ой бөлісуге қажетті нутрициология бойынша ақпаратты жинайды




Р14

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Тәжірибелік сабақтарда нутриенттердің жетіспеушілігі немесе артық болуын анытаудағы студенттердің қорытындылауларын бағалайды

Р2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Ішкі мүшелер ауруларының алдын алудағы қазіргі заманғы нутрициологияның концепцияларын қолдана алады

Р6

«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Алынған мәліметтерді студенттік үйірмелер отырысында мен студенттік ғылыми конференцияларда т.б. ұсынады


Р3

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Нутрициологиядан диаграммалар мен кестелерді құрастыруға қажетті ақпаратты жинауды жүзеге асырады

Р10

Е

Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі)


Әртүрлі аурулар кезіндегі ұтымды және емдік тамақтануды жоспарлау және жүзеге асыру туралы өзінің білімін, талдауларын және дағдыларын студенттерге, оқытушыларға, медициналық қызметкерлерге, емтихан қабылдаушыларға демонстрациялайды және айтып береді

Р11

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік

Студенттермен, оқытушылармен, мейірбикелермен тамақтанудың мүшелер мен жүйелердің функциональды жағдайына әсерінің ерекшеліктері туралы пайда болған ақпараттармен алмасады


Р1

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Әртүрлі патологиялық жағдайлардағы арнайы мақсаттағы емдік тамақ рациондарын (жеке диетология) таңдаудағы проблемаларды шешудің жолдарын айтып береді

Р2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын ұстануда ұтымды тамақтануды пайдалану жайындағы ақпаратты студенттерге, оқытушыларға, медициналық қызметкерлерге хабарлайды

Р14

«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Зерттеп жатқан сала бойынша өзіндік талдауларды, ақпаратты жинақтау жайында студенттер, оқытушылар, дәрігерлерге көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын демонстрация жасайды

Р3

Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратпен (қағаз және электрондық тасымалдаушылардағы оқу, ақпараттық, ғылыми әдебиеттер) жұмыс жасау бойынша білімі мен дағдыларын айтып береді

Р10




Білім алуды өз бетінше жалғастыра алу қабілеті




Геронтология және гериатрия, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, акушерия және гинекология, жұқпалы аурулар, тамақтану гигиенасы







2.5 Реквизитке дейінгі: анатомия, физиология, жалпы патология негіздері, психология негіздері және коммуникативтік машықтар.
2.6 Реквизиттен кейінгі: мейіргер ісіндегі менеджмент, мейіргер ісі негіздері
2.7 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары

Өткізу түрі

Сағ

1

Диетология, анықтамасы. Емдік тамақтанудың қағидалары. Рационалды және емдік тамақтанудың негіздері.

кіші топта жұмыс

2

2

Қышқылды-сілтілі жағдайдың бұзылысы.

Tbl

2

3

Рациондағы көмірсулардың маңызы. Емдік тамақтанудағы тағамдық талшықтардың маңызы.

кіші топта жұмыс

2

4

Су-электролиттік алмасу бұзылыстары.

Tbl

2

5

Алмасу заттарының туа біткен ақаулары. Фенилкетонурия. Порфириялар.

кіші топта жұмыс

2

6

Алиментарлы семіздік, емі.

Pbl

2

7

Арықтау, себептері, түрлері.

Sbl

2

8

Теңдестірілмеген тамақтанудың тері ауруларының туындауы мен ағымына әсері.

кіші топта жұмыс

2

9

Радиациялық қолайсыз аймақтарда тұратын науқастардың емдік тамақтануы.

Pbl

2

10

Рациондағы ақуыздардың маңызы. Емдік тамақтанулардағы ақуызды шектеу және жоғарылату, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.

кіші топта жұмыс Pbl

2

11

Витаминдердің маңызы, полигиповитаминоздар, авитаминоздарды тудыратын факторлар.

кіші топта жұмыс Pbl

2

12

Қарт және егде жастағы адамдарға арналған емдік тамақтану.

кіші топта жұмыс Sbl

2

13

Жасанды тамақтандыру (зондтық және парентералдық).

кіші топта жұмыс

2

14

Емдік ашығу.

кіші топта жұмыс

2

15

Тағамдық биологиялық белсенді қоспалар.

кіші топта жұмыс

2




Барлығы:




30 с


Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) сабақтарының тақырыптық жоспары



Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) сабақтарының тақырыптары

Өткізу түрі

Сағ

1

Емдік-профилактикалық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру. Асқазан және ұлтабардың жара ауруы, өңештің ауруларындағы емдік тамақтану (емдәм №1). Секреторлы жеткіліксіздігімен созылмалы гастриттегі емдік тамақтану (емдәм №2).

Мәзір толтыру

4

2

Тағамдық аллергия кезіндегі емдік тамақтану.

Pbl, Тbl

4

3

Гипомоторлы дискинезиямен жүретін, ішектің созылмалы ауруларындағы емдік тамақтану (емдәм №3). Ішектің жіті және созылмалы ауруларындағы емдік тамақтану(емдәм №4).

Pbl

4

4

Вегетарианшылдық, бөліктік тамақтану. Дәнекер тіні ауруларындағы емдік тамақтану. Остеопороздағы емдік тамақтану.

Мәзір толтыру Тbl

4

5

Ұйқы безі, гепатобилиарлы жүйе ауруларындағы емдік тамақтану (емдәм №5). Гепатит А кезіндегі емдік тамақтану. Гепатобилиарлы жеткіліксіздік кезіндегі емдік тамақтану.

Pbl , Мәзір толтыру

4

6

Подаградағы және несеп-тас ауруларындағы (уратурия) емдік тамақтану (емдәм №6).

Мәзір толтыру

4

7

Бүйрек және зәр шығару жүйелері ауруларындағы емдік тамақтану (емдәм №7).

Тbl

4

8

Зат алмасу ауруларындағы (семіздік) емдік тамақтану (емдәм №8). Аралық бақылау.

Pblbl

4

9

Қант диабетіндегі емдік тамақтану (емдәм №9). Қалқанша безінің гипо-, гиперфункциясындағы емдік тамақтану.

Pbl

4

10

Жүрек-тамыр жүйесі ауруларындағы емдік тамақтану (емдәм №10). Жүректің ишемиялық ауруларындағы емдік тамақтану. Артериалды гипертониядағы емдік тамақтану.

Тbl

4

11

Туберкулез, жүдеу, қаназдық кезіндегі емдік тамақтану (емдәм №11).

Мәзір толтыру

4

12


Орталық жүйке жүйесі ауруларындағы емдік тамақтану (емдәм №12). Көлемді операциялардан кейінгі жағдайлардағы, жіті жұқпалы аурулардағы емдік тамақтану (емдәм №13).

Pblbl

4

13


Несеп-тас ауруларындағы (фосфатурия) емдік тамақтану (емдәм №14). Диализге тәуелді созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіндегі емдік тамақтану.

Pbl

4

14

Асқорыту жүйесі қызметінің бұзылысы байқалмаған ауруларындағы емдік тамақтану (емдәм №15).

Тbl

4

15

Жүкті және емізетін әйелдің емдік тамақтануы. Аралық бақылау.

Тестілеу

4




Барлығы:




60


2.8 Оқыту және сабақ беру әдістері:


  • Тәжірибелік сабақ: ауызша сұрау, тақырыпқа байланысты науқастарға арналған біркүндік ас мәзірін құрастыру, жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс жасау,

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ): студенттердің оқу және қосымша, электрондық әдебиеттермен жұмыс жасауы, тестілік тапсырмаларды дайындау және шешу, жағдайлық есептерді дайындау және шешу, конференцияларға қатысу.
2.9 Үйренушілердің білімін және дағдыларын бағалау әдістері:


  • Ағымдық бақылау: тестілеу, жазбаша/ ауызша сұрастыру, жағдайлық есептерді шешу, кіші топтармен жұмыс жасағанда өзін-өзі және топты бағалау, тәжірибелік дағдыларды біркүндік ас мәзірін құрастыру түрінде бағалау.

  • Аралық бақылау: тестілеу.

  • Қорытынды бақылау: тестілеу.


2.10 Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі :


  1. Лечебное питание (Учебно – методическое пособие). / Под ред.

Шарманова Т.Ш.-1999 год.

  1. Руководстово по диетологии. / Под ред. Барановского А.Ю.- Санкт-Петербург, 2001 год.

  2. Лечебное питание. / Под ред. Губергриц А.Я., Линевский Ю.А. Киев; Высшая школа.-1989 год.

  3. Немедикаментозное лечение в клинике внутренних болезней. Под ред. Серебриной Л.А. и др. Киев: Здоровья, 1995 год.

  4. Профилактика и лечение ожирения. / Под ред.: Шарманова Т.Ш., Муминова Т.А. – Алматы: 2001 год.

6. Лечебное питание. (Учебно – методическое пособие). / С.П. Терехин,

С.В.Ахметова. Караганда, 2005 год.

7. Сырқаттың жалпы күтімі. Л.С.Заликина. – Алматы, 1992 жыл

қосымша:


  1. Питание и здоровье. Воробьев В.И. – М.: Медицина, 1990 год.

  2. Организация лечебно-профилактического питания. Доценко В.А., Бондарев Г.И., Мартинчик А.Н.. М.: Медицина, 1987 год.

  3. Питание и здоровье. Школенко Р.Л.. - Ставрополь: 1988 год.

  4. Питание больных язвенной болезнью. Строев К.И..-М.: Медицина, 1981 год.

  5. Лечение больных аллергией. Либерман Ф., Кроуфорд Л. Глава 12.- М.: Медицина, 1986 год.

  6. Питание при пищевой аллергии. Гурвич М.М. Диетология для всех.-М.Медицина, 1992 год.

  7. Национальная политика питания. Шарманов Т.Ш..- Алматы: 1996 год.

  8. Медицинская реабилитация больных с заболеваниями внутренних органов. Клячкин Л.М., Руководство для врачей. – М.: Медицина, 2000год. – 328 с.

  9. Лечебная физкультура в системе медицинской реабилитации: Руководство для врачей. / Под ред. Каптелина А.Ф., Лебедевой И.П. – М.: Медицина, 1995. – 400 с.

2.11 Қосымша:

- № 1 үлгі «Реквизитке дейінгі, реквизиттен кейінгі және бір-бірімен шектес пәндермен білім берудің келісу хаттамасы»

2014-2019 оқу жылдарына жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы


Келісілетін пәндер

Материалдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмері және күндері

Реквизитке дейінгі:







Анатомия

Остеология, синдесмология, миология, тері жабынының, ішкі секрециялық бездерінің, нерв жүйесінің, сезім ағзаларының морфофункциялы сипаты, спланхнология, ангиология.


Хаттама №
«___»________20 ж

Физиология


Гомеостаз, физиологиялық үрдістерді реттеу механизмі, қан жүйесінің,тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу, бүйрек және терінің, қозғыш тіндердің, орталық нерв жүйесінің физиологиясы. Зат алмасу және қуат, жылу реттегіш қызметі.

Хаттама №


«___»________20 ж

Жалпы патология негіздері

Дерт туралы, дерттің себептері, организмнің зақымдалу, сауығу механизмдері туралы ілім. Тұқымқуалау ролі, типтік патологиялық үрдістер, зат алмасу бұзылыстарының патологиялық физиологиясы, гипоксия. Негізгі ішкі ауруларында патологиялық процесстің структуралық негіздері ұлпа және жасушалардығы өзгерістер. Цитологиялық және морфологиялық зерттеулердің маңызы.

Хаттама №
«___»________20 ж


Психология негіздері және коммуникативтік машықтар

Денсаулық сақтау менеджері мен гигиена эпидемиология мамандарының мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалаудың нысаны болып табылатын емдік – профилактикалық мекеме басшыларымен, медицина қызметкерлерімен, ұйымдар мен мекеме қызметкерлерімен өзара тиімді қарым – қатынасының жалпы принципі.

Хаттама №

«___»________20 ж



Реквизиттен кейінгі:






Мейіргер ісіндегі менеджмент


Науқастың медициналық проблемалары, жедел жағдайлардағы іс-шаралардың принциптері, денсаулық сақтау сұрақтары.

Хаттама №

«___»________20 ж



мейіргер ісі негіздері


Саламатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру. Медицина ұйымдарында емдік тамақтануды ұйымдастыру.

Хаттама №

«___»________20 ж



Терапия бакалавриат кафедрасының

меңгерушісі, профессор Бекмурзаева Э.К.
Морфологиялық пәндер кафедрасының

меңгерушісі, профессор Сисабеков К.Е.


Қалыпты және патологиялық физиология

кафедрасының меңгерушісі, доцент Жолымбекова Л.Д.

Неврология кафедрасының

меңгерушісі, профессор м.а. Дущанова Г.А.

Қоғамдық денсаулық сақтау 2

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Жақсыбергенов А.М.



Мейірбике ісі кафедрасының

меңгерушісі, доцент Альдешев А.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет