Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет101/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

Ситуациялық сауалдар:

  1. Науқаста несепағар жолдарының операция жасалынбайтын қатерлі ісігі қойылды, қуыққа тұрақты катетер қойылған, оны іш құрсағының қуық үсті маңайына шығарып, тігіп қойған. Науқасқа қойылған катетерді қалай күту керек, қуыққа төменнен жоғары қарай инфекция түспес үшін.

  2. Науқастың оң жақ жамбас аймағының инъекциядан кейінгі флегмонасын кескеннен кейін келесі тәулікте таңғыш қойылды. Жараның көлемі 7х7х3 см. жара айналасындағы тері қызарған, ісіңкі, жарадан іріңді бөлінулері бар, жара шеттері некрозданған және фибрин жабынымен қапталған. Т 37,7. Жара процессінің фазасын және жергілікті емді көрсетіңіз.

  3. Таза операциядан кейінгі (жарықты кесу) науқаста жара аймағының іріңдеуі дамыды. Жұмыс банкеден алынған кетгутты, егу жасаған кезде микрофлораның өсуі анықталды. Хирургиялық инфекцияның қандай түрі және кетгутпен не істеу қажет?

  4. С атты науқас 60 жаста (бойы 188см, салмағы 70 кг), жайылған іріңді перитонит бойынша лапаротомия жасалған. Температурасының 40°-қа көтерілуіне ерекше көңіл бөледі. Инфузионды – трансфузионды емдеудің көлемін және толық парентеральді тамақтану көлемін есептеу қажет.

  5. Көк тамырға ине егу кезінде ине орнында гематома пайда болды. Бұл асқынуда медбикенің іс - әрекеті?

  6. Медбике науқасқа көк тамырына ерітінді енгізуде. Енгізуден 15 минут өткен соң науқас жаурап – қалтырауға шағымданды. Бұл неге байланысты болуы мүмкін? Осы жағдайдағы медбикенің іс - әрекеті?

  7. Дәрігер науқасқа абактал антибиотигін көк тамырға енгізуін тағайындады. Науқас алдында бұл антибиотикті қабылдамаған. Медбике науқасқа жүйе енгізіп тамызуды бастады. 3 минут өткенденауқаста терісінің жалпы қызаруы, мазасыздануы, тыныс алудың бұзылуы, АҚ-ның кенеттен түсіп кетуі, аритмия пайда болды. Науқасқа не болды? Медбикенің қателігі. Науқасқа жедел жәрдемді қалай көрсету керек?

  8. Дәріні тамшылатып енгізу кезінде жүйедегі сұйықтық тоқтап қалды және жүйе жұмысын тоқтатты. Бұл немен байланысты? Медбикенің іс - әрекеті?

  9. Медбике науқасқа ақуызды дәріні минутына 60 тамшы жылдамдықпен тамшылатты. Біраз уақыт өткенде науқас бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына, ыстықтау сезіміне шағымданды. Медбикенің қателігін атаңыз? Оның кейінгі

іс - әрекеті?
10. Р атты 75 жастағы науқас реанимация бөлімшесіне бүйрек тас ауруына жасалған операциядан кейін келіп түсті. Анамнезінде науқас жүрек ишимия ауруымен, инфаркттан кейінгі кардиосклероз ауруымен ауырады. Операция кезінде науқасқа 2,5 литр көлемінде инфузионды терапия және 400 мл полиглюкин енгізілді. Реанимацияға өкпе ісігімен келіп түсті. Өкпе ісігінің пайда болуының диагностика әдістерін және терапиясын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет