Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет130/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

БАҚЫЛАУ:

Сұрақтар:
1.Травмалық шок дегеніміз не?
2.Травмалық шоктың даму себептері қандай?
3. Шок патогенезінің негізгі кезеңдері.
4.Травмалық шок синдромының негізгі клиникалық белгілері.
5.Альговер индексі нені білдіреді?
6.Шоктың эректильді фазасын сипаттаңыз.
7.Шоктың торпидті фазасын сипаттаңыз.
8.Шоктың торпидті фазасының клиникалық белгілерінің 4 дәрежесін атаңыз?
9.Шокқа қарсы комплекстің негізгі бөлімдерін атаңыз.
10Травмалық шок синдромымен науқасты күту кезінде мейірбикелік процестің ерекшелігі қандай?
11. Балаларда, егде адамдарда және жүкті әйелдерде шок ағымының ерекшелігін атаңыз.


Тесттер:
1. Сыртқы себептердің әсерінен туындалатын шоктың түрін атаңыз:

  1. септикалық;

  2. анафилактикалық;

  3. травмалық;

  4. күйіктік;

  5. кардиогенді.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,2; 2) 3,4; 3)1,3; 4)2,5; 5) 1,4.

2. Травмалық шок фазаларын атаңыз:



  1. бастапқы;

  2. эректильді;

  3. аралық;

  4. торпидті;

  5. қайтымды даму фазасы.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) 1,5; 2) 3,4; 3)1,3,5; 4)2,5; 5) 2,4.
3. Шоктың эректильді фазасы үшін тән емес:

  1. қимыл – қозғалысты қозу;

  2. жиі және беткейлі тынысалу;

  3. артериальді қан қысымның төмендеуі;

  4. пульстің жиіленуі;

  5. сөйлеу қозуы.

4. Шоктың торпидті фазасы үшін тән емес:

  1. дене қызуының төмен түсуі;

  2. жалпы әлсіздік;

  3. артериальді қан қысымның жоғарылауы;

  4. аяқ – қолдың мұздауы;

  5. пульстің жіп тәрізді сезілмеуі.

5. Шоктың эректильді фазасының ұзақтығы құрайды:

  1. 10 мин дейін;

  2. 30 – 40 мин дейін;

  3. 5 – 6 сағ дейін;

  4. 1 тәулікке дейін;

  5. 2 – 3 тәулікке дейін.

6. Альговердің шокты индексі білдіреді:

  1. Систолалық артериальді қысымға пульс жиілігінің қатынасы;

  2. Диастолалыққа систолалық артериальді қан қысымның қатысы;

  3. Пульс жиілігінің диастолалық қан қысымға қатынасы;

  4. Систолалық қысымның пульс көлеміне қатынасы;

  5. Диастолалық қысымның систолалық артериальді қысымға қатынасы.

7. Қантамырішілік инфузия орындалады:

  1. Алғашқы медициналық көмекті көрсету кезінде;

  2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету кезінде;

  3. Мамандандырылған көмекті көрсету кезінде;

  4. Алғашқы дәрігерлік көмекті көрсету кезінде;

  5. Білікті мамандық көмекті көрсету кезінде.

8. Ішке қан кетуге тән белгіні таңдаңыз:

  1. брадикардия;

  2. дене қызуының көтерілуі;

  3. тері беткейінің боз болуы;

  4. тері гиперемиясы;

  5. тола толымдылықтағы пульс.

9. Балаларда шоктың көрінісі қандай?

  1. Артериальді қан қысым ұзақ уақыт бір қалыпта тұрады;

  2. Тынысалу жеткіліксіздігінің жиі дамуы;

  3. Артериальді қан қысымның жоғары көтерілуі;

  4. Дене қызуының көтерілуі;

  5. Артериальді қан қысымның төмен түсуі

10. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсетудің тиімді мерзімі қандай?

  1. 30 мин асқанда;

  2. 45 мин асқанда;

  3. 60 мин асқанда;

  4. 1 сағ өткенде;

  5. 2 сағ өткенде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет