Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет86/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

Ситуациялық сауалдар:

  1. Таңу бөлмесінің медбикесі операциядан кейінгі науқастарды келесі кезектілікте таңуға алды: операциядан кейінгі жарақаты іріңдеген науқасты, таза жарақатты науқастың жібін алуға, операциядан кейін екі тәулік өткен таза жарақатты науқасты таңуға алды. Таңу бөлмесі медбикесінің іс - әрекетін бағалаңыз.

  2. Хирургия бөлімшесі палаталарында қысқы уақытта палатадағы температура жылу берудің жақсы болуына байланысты 24° болды. Бұндай температура хирургиялық науқастарға сәйкес келеді ме? Осы жағдайда не істеуге болады?

  3. Таңу бөлмесінің медбикесі таңу бөлмесінде күрделі тазалау жүргізуінің кезектілігі:

беткейлерді 1% - ті гипохлорид ерітіндісімен 30 мин. өңдеді, кейін сабынды – содалы ерітіндімен сүртіп, бөлмені 1 сағатқа жауып, барлығын сумен шайып және кварц жарығын қосады. Медбикенің іс - әрекетін бағалаңыз. Бөлменің күрделі тазалығы қандай кезектілікте жүргізіледі?

  1. Медбике науқастың иық алды жарақатына айналмалы таңып байлауды қойды. 2 сағаттан соң науқас білек және саусақтардың ішкі жағының ұйып ісінуіне шағымдалды. Көрсетілген шағымдардың пайда болуы неге байланысты? Медбикенің қатесі неде? Осы жағдайда медбикенің іс - әрекеті.

  2. Медбике науқастың санындағы жараға қойылған таңғышты шешіп жатыр.Байламның астынғы қабаттары жараға қатты жабысып қалған, таңғышты шешуде науқаста ауырсыну сезімін азайту үшін не қолдануға болады?

  3. Науқаста шынтақ буын аумағындағы жарадан лейкопластірлі байлам іріңді бөлінділерімен суланып тұр. Осы жағдайда медбикенің іс - әрекеті. Осы науқасқа қандай байлам салған қолайлы.

  4. Науқаста алдыңғы қарын қабырғасына қойылған лейкопластір байламға аллергиялық реакция пайда болды. Лейкопластірді әрі қарай қолдануға бола ма? Болмайтын болса, оны немен алмастыруға болады?

  5. Науқастың иек асты кесілген жарақат бар, жарақатқа алғашқы хирургиялық өңдеу жасалып, тігіс салында. Таңу материалын фиксациялау үшін қандай байлам жасау қажет.

  6. Науқасқа тік ішек ракына операция жасалуы. Бұл аумаққа таңу материалын қандай таңумен фиксациялау қажет.

  7. Медбике таңғышты науқастың сан аймағында жараның үстінен байлады. Осыдан кейін жара аймағында ауырсыну сезімі көбейіп кетті. Мейірбике дұрыс іс- әрекет жасағанба? Оны қалай түзетуге болады?

  8. Хирург көкірек безінің іріңді жарасына ота жасады. Бұл науқасқа қандай байлам қоюға болады?

  9. Науқасқа қойылған Дезо байламы жылжып кетті оны қайта байлау тәртібін түсінтіріңіз?

  10. Спорт жарысы кезінде жігіт тізе аймағында жарақат алды. Қарағанда: тізе аймағында ісік, 3,0х7,0 см жара бар.Жәбірленушіге қандай таңғыш қою керек?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет