Жұмыс бағдарламасы Пән: Медициналық биология, генетика және радиобиология Пән коды: mbgr 1201



бет1/14
Дата29.01.2018
өлшемі4,81 Mb.
#35971
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік жұмысы және тәрбие ісі жөніндегі проректоры

м.ғ.д., Анартаева М.Ұ.

_________________________

«____»_________________2013 ж.


Жұмыс бағдарламасы
Пән: Медициналық биология, генетика және радиобиология

Пән коды: MBGR 1201

Мамандық: 5В110400 «Дәрігерлік емдеу ісі»

Оқу сағатының көлемі/кредит: 90сағат (2-кредит)

Оқытылатын курс пен семестр: 1 - I

Шымкент – 2013 ж

Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында 2006 жылғы МЖМБС және 5В110400 «Дәрігерлік емдеу ісі» мамандығының 2011 ж. типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.


Биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды, хаттама № « » 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі: Есіркепов М.М.

Фармацевтикалық пәндер бойынша желілік әдістемелік комиссиясында талқыланды, хаттама № « » 2013 ж.

Төрағасы: ______________Патсаев А.Қ.


Әдістемелік Кеңесте бекітілді, хаттама № « » 2013 ж.


2.Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Медициналық биология, генетика және радиобиология пәні медициналық білім беруде фундаментальді пәндердің бірі болып санадалы. Биология саласындағы жетістіктер мен жаңалықтар медициналық биологиялық және клиникалық пәндердің дамуы мен прогресінде үлкен маңызы бар.

Медициналық генетиканы оқып-зерттеу жасуша қызметі мен құрылысының молекулалық негізін, гендер экспрессиясының реттелуін, матрицалық синтезді, сигналдардың берілу механизімдерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұның өзі қалыпты тіршілік үдерісін ғана емес, олардың бұзылыстарын, гендік және хромосомалық мутациялармен байланысты көптеген тұқым қуалайтын ауруларды анықтауға қажет.

Радиобиология – жеке ғылым ретінде биологиялық объектілерге иондаушы сәулелердің әсер ету заңдылықтарын зерттейді. Қазақстан мен бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайды ескере отырып, қазіргі заманғы медициналық қызметкер тірі ағзалардың әртүрлі радиациялық әрекетке реакциясы туралы хабардар болуы қажет.



2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерге қазіргі заманғы ағзаның негізгі молекулалық – генетикалық және жасушалық механизмдері, генетика және радиобиология негіздері, ағзалардың биологиялық тіршілік негіздері және оны медициналық – биологиялық, клиникалық пәндерді игеруге және практикалық медицинада қолдануға үйрету.



    1. Оқытудың міндеттері:

  • Тіршіліктің түбегейлі қасиеттері мен құрылымдық деңгейлері туралы жүйелік түсінік қалыптастыру;

  • Бүтіндей ағза қызметінің жасушалық және молекулалық генетикалық механизмдерінің қалыпты және потологиялық жағдайдағы рөлі туралытүсінік қалыптастыру;

  • Адамның тұқым қуалайтын ауруларын алдын – алу және диагностикалау, ажырата білуді үйрету;

  • Паразитологиялық, экология биосфера және ноосфера туралы медициналық –биологиялық ұғым қалыптастыру;

  • Ғылыми әдебиетпен және электронды базамен жұмыс істей білуді үйрету;

  • Қазақстан Республикасындағы радиоэкологиялық жағдай, әртүрлі экожүйелердегі радионуклидтер ерекшелігі туралы білім беру.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білу қажет:

  • Тіршіліктің құрылымдық деңгейінің жасушалық және молекулалық –генетикалық айырмасы;

  • Тұқым қуалау материалының гендік, хромосомалық және геномдық деңгейі;

  • Жасушааралық әрекеттесуде биологиялық мембраналардың рөлі, мембраналық тасымалдау мен сигналдардың қалыпты және патологиялық жағдайдағы берілу механизмдері;

  • Адам ағзасына қоршаған ортаның зиянды факторларының молекулалық-генетикалық деңгейдегі әсер етуі;

  • Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болу механизмдері мен себептері және олардың адамдағы тұқым қуалайтын патологиясы мен дамудың туа біткен ақаулықтарының қалыптасуындағы рөлі;

  • Молекулалық-генетикалық әдістер мен технологиялардың медицинада қолдану принциптері;

  • Халықаралық тілде медициналық – биологиялық және генетикалық терминологияны білу;

  • Радиоизотоптармен жұмыс істеу барысында санитарлық – гигиеналық талаптарды орындау, қорғану әдістерін, радиацияға тап болған халыққа дозалық жүктемені азайта білу.

Студент істей білу қажет:

  • Молекулалық – генетикалық білім деңгейін денсаулықты қалыптастыру факторлар үдерісіне қолдана білу, қалыпты және патологиялық жағдайда қорғану - бейімделушіліктің реттелуін және өздігінен реттелуін түсіндіре білу;

  • Адамның негізгі тұқым қуалайтынауруларын ажырата білу;

  • Әртүрлі типті хромосомаларды жіктей білу, адамның қалыпты және патологиялық кариотипін ажырата білу;

  • Адамның қуалайтын ауруларын анықтауда генеологиялық әдісті қолдана білу;

  • Арнаулы анықтамаларды, молекулалық биологиялық және генетикалық терминологияны, электрондық базаны қолдана білу;

  • Экспозициялық, сіңірілген және эквивалентті дозаларды анықтауда есептер шығара білу.

2.5 Реквизитке дейінгі: мектеп бағдарламасының жалпы биология және химия курсы

2.6 Реквизиттен кейінгі: биохимия, микробиология, патологиялық физиология

2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, семинар, зертханалық, өзіндік жұмыс)
Дәрістің тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)




Кредит №1

1 семестр

1

Биологияға кіріспе, генетика және радиобиология. Пәннің тарихы, дамуы, мақсаты

Кіріспе дәріс

1

2

Жасушаның макромолекулалары. Ақуыздар және нуклеин қышқылдарының құрылысы, қызметтері.

Лекция, презентация

1

3

Транскрипция, трансляция және репликация механизмдері. Прокариоттардағы гендер экспрессиясының реттелу механизмдерінің оперондық теориясы. Эукариоттардығы гендер экспрессиясының реттелуі.

Дәріс презентация

1

4

Жасуша компоненттерінің молекулалық құрылысы және қызметтері.

Дәріс презентация

1

5

Жасуша циклі, бөлінуі және оның молекулалық реттелу механизмдері.

Дәріс презентация

1




Барлығы:




5с.




Кредит №2

1 семестр

1

Медициналық генетикаға кіріспе. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы.

Шолу дәрісі

1

2

Адамның тұқым қуалайтын аурулары. Тұқым қуалайтын аурулардың негізгі топтары. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу және диагностикалау негіздері.

Дәріс презентация

1

3

Онтогенез және даму генетикасы. Жеке дамудың генетикалық және жасушалық негіздері.

Шолу дәрісі

1

4

Популяциялар және экологиялық генетика негіздері.

Дәріс презентация

1

5

Радиобиология негіздері. Радиосезгіштік. Радиациялық синдромдар

Дәріс презентация

1




Барлығы




5с.


Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)




Кредит №1

1 семестр

1

Ақуыздың құрылысы және қызметі.

Семинар

1

2

Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. ДНҚ бөлімдері.

Семинар

1

3

Нуклеин қышқылдарының биосинтезі. ДНҚ репликациясы. Хромосома теломерасының бөлімдері

Семинар

1

4

Ақуыз биосинтезі. РНҚ трансляциясы. Генетикалық код.

Семинар

1

5

Жасушаның генетикалық аппараты. Гендер классификациясы

Семинар

1

6

Геном. Прокариоттар, эукариот және адам геномы.

Семинар

1

7

Биомембраналар. Молекулалық құрылысы және қызметтік компоненттері.

Семинар

1

8

Жасуша органеллаларының құрылысы мен қызметі.

Семинар

1

9

Жасуша циклі. Жасушаның бөлінуі.

Семинар

1

10

Жасуша полиферациясының молекулалық-генетикалық реттелу механизмдері.

Семинар

1




Барлығы:




10 с.




Кредит №2

1 семестр

1

Генетика негіздері. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары. Г.Мендель заңдары.

Тәжірибелік сабақ

1

2

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Тіркесті тұқым қуалау. Т.Морган заңы

Семинар

1

3

Генотип және фенотип. Фенотиптің қалыптасуындағы гендердің өзара әрекеттесуінің маңызы.

Тәжірибелік сабақ

1

4

Фенотиптің қалыптасуына орта әсері. Реакция нормасы. Генекопия және фенокопия.

Семинар

1

5

Өзгергіштік. Өзгергіштіктің түрлері.

Семинар

1

6

Тұқым қуалайтын аурулар және олардың адам патологиясындағы рөлі.

Семинар

1

7

Жеке даму генетикасы

Семинар

1

8

Онкогенетика.

Семинар

1

9

Популяциялар генетикасының негіздері. Популяциялардың генетикалық құрылымы. Харди-Вайнберг заңы..

Семинар

1

10

Радиобиология негіздері. Иондаушы сәулелердің түрлері. Радиосезгіштік.

Семинар

1




Барлығы




10с.




Барлығы:




20с


Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны




Кредит №1

1 семестр

1

Ауру және онтогенез кезінде ақуыз құрамының өзгеруі. Ақуыз фолдингі. Шаперондар, жасушадағы құрылымы

Презентация

Глоссарий

Буклет

Тест


Реферат

Ситуациялық есептер

Баяндама


4

2

Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшелігі. ДНҚ-лы және РНҚ-лы вирустар.

4

3

ДНҚ транскрипциясы. РНҚ-ның посттранскрипциялық модификация түрі. Процессинг, сплайсинг. Теломералар. Теломералық белсенділік.

4

4

Қазіргі заманғы ген туралы түсінік. Гендер классификациясы.

4

5

Гендік инженерия негіздері. Трансгенді ағзалар, медицина мен фармацияда қолданылуы.

4

6

Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметі. Цитоқаңқа және жасушаның қозғаушы органеллалары.




4

7

Қартаюдың молекулалық – генетикалық механизмі.

4

8

Аралық бақылау «Молекулалық биология» тақырыбы бойынша

Тест,кеспе сұрақ

2




Барлығы;




30




Кредит №2

1 семестр

1

Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары. Мендель заңдары. Тұқымқуалаушылықтың белгілері, түрлері.

Презентация

Глоссарий

Буклет

Тест


Реферат

Ситуациялық есептер



Баяндама


4

2

Хромосомалар. Хромосомалардың құрылымдық деңгейі. Адам кариотипі. Кариотиптердің жіктелуі. Генотип және фенотип. Гендердің өзара әрекеттесуі.

4

3

Гендік және хромосомалық аурулар. Тұқым қуалауға бейім аурулар – мультифакторлы аурулар. Тератогенез. Тератогенді факторлар.

4

4

Адам генетикасын зерттеу әдістері. Медико-генетикалық кеңес беру.

4

5

Радиобиология. Радиобиологияның физикалық негіздері. Радиосезгіштік. Сәулеленудің салдары

4

6

Популяциялардың экологиялық құрылымы. Экогенетика, биотрансформация және оның реттелуі.

4

7

Тұқым қуалайтын ауруларды лабораториялық диагностикалау әдістері. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу әдістері.

4

8

Аралық бақылау «Медициналық генетика» тақырыбы бойынша

Тест,кеспе сұрақ

2




Барлығы:




30




Барлығы:




60



2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

  • Дәрістер: шолу лекциялары, презентациялар

  • Тәжірибелік сабақтар: ситуациялық есептер шығару, мультимедиялық қормен жұмыс істеу, ситуацияларды модельдеу

  • Студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы: кеңес беру, дискуссиялар, реферат пен презентация дайындау, тәжірбиелік сабақтардың жеке және топтық тапсырмалардың орындалуын талдау, аралық бақылау өткізу.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы: әдебиеттермен, электрондық қор және компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу, ситуациялық есептер шығару; глоссарий құрастыру, тест тапсырмаларын шешу, ғылыми рефератты дайындау және қорғау.


2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері: тестілеу, генетикалық есептерді шығару, жағдайлық есептерді шығару, кеспе сұрақтарын толтыру, ауызша сұрау, жағдайлық модельдеу.

Студенттердің білімдерін бақылау түрлері мен формалары:

  • Ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шығару, генетикалық есептерді шығару, кеспе сұрақтарын толтыру.

  • Аралық бақылау: тест арқылы коллоквиум алу, ауызша сұрау, жағдайлық есептер шығару, генетикалық есептер шығару, кеспе сұрақтарын толтыру.

  • Қорытынды бақылау: емтихан, тестілеу.

2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

  1. Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006 ж.

  2. Медициналық радиобиология негіздері Абилаев С.А. 2005 ж.

  3. Акоев И.Г. Теоритические и количественные аспекты радиационного поражения организма М., 1976 ж.

  4. Булдаков Л.А. Радиоактивные вещества и человек М., 1990ж.

  5. Мироедова Э.П. Радиобиология, Астана 1999ж.

  6. Переслигин И.А.,Саркисян Ю.Х.Клиническая радиобиология М., 1973 ж.

  7. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004, 320 с.

  8. Генетика. Учебник для ВУЗов/ Под ред. академика РАМН В.И. Иванова. – М..: ИКЦ

  9. «Академкнига», 2006.– 638 с.

  10. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина, 2003.

  11. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

  12. Медицинская биология и генетика/Под. редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, 2004

  13. Ярмоненко С.П. «Радиобиология человека и животных», М., «Высшая школа», 2004 г.

Қосымша:

  1. Стамбеков С.Ж. , Генетика, Новосибирск, 2003 ж.

  2. Қазымбет П.К. Аманжолова Л.Нуртаева Қ. Медициналық биология. Алматы, 2002 ж.

  3. Абилаев С.А. Молекулалық биология және генетика 2009 ж.

  4. Иванов В.П., Гребенник Л.А. и др. Биология, Курск, 2003, 374 с.

  5. Пехов А.П. Биология и общая генетикаУчебник,Санкт-Петербург, Москва, 2006, 640 с.

  6. Вопросы и задачи по общей биологии и общей медицинской генетике. Под ред. Иткеса В.А.М.: Гоэтар-Мед., 2004, 444 с.

  7. Введение в молекулярную медицину./Под.ред. М.А.Пальцева, М. Медицина, 2004

  8. Общая вирусология. М. Медицина 1982

  9. Северин Е.С. Биохимия – М,: ГОЭТАР – Медиа,2007-784 с.

  10. Айала Ф. Современная генетика. В 3 томах, 1987

  11. Мяделец О.Д. Основы цитологий эмбриологий М. 2002.

  12. Алиханян С.И. Общая генетика – М, 1985

  13. Ратнер В.А. Молекулярная генетика – Новосиб. 1983

  14. Инге – Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции М. 1989

  15. Бочков В. Клиническая генетика, М, 2006

  16. Баранова Е. Код ДНК. М.: АСТ. Спб:Астрель, 2007-222 с.

  17. Л.И. Партрушев. Экспрессия генов.- М.,- Наука, 2000 г.

  18. Коничев А.С., Севастьянов Г.А. Молекулярная биология. -.М.: изд-во Центр «Академия», 2003-400 с.

  19. Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003, 544 с.

  20. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. М.: БИНОМ – Пресс, 2003.- 272 с.

  21. Кузин А.М. Идей радиационного гормезиса в атомном веке. М., 1935

  22. Мироедова Э.П. Радиобиология, Астана 1999

  23. Переслигин И.А. Саркисян Ю.Х. Клиническая радиобиология М.,1973

  24. Радиация Дозы, эффекты, риск. М., 1988




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет