Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау



бет158/263
Дата11.05.2020
өлшемі416,12 Kb.
#67056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   263
Байланысты:
med is neg 3k kz

Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау

тәсілі.

Пенициллин және басқа топтағы антибиотиктердің көпшілігін араластырып болғаннан кейін бірден енгізу қажет. Оларды мүлдем сақтауға болмайды. Кейбір антибиотиктерді аннотациясына қарай отырып араластырғаннан кейін 24 сағ ішінде мұздатқышта сақтауға болады.



Ескерту: Мұздатқышқа араластырылған ерітіндіні қояр алдын, антибиотиктің аннотациясымен жақсылап танысып алу қажет.

Инсулинді қолдану ерекшелігі.

Инсулин – ұйқы безінің гормоны болып табылады және көмірсу алмасуына айқын әсер етеді. Организм (бұлшық етті, майлы) тканінің клеткаларымен глюкозаның бірігуін, клеткалы мембрана арқылы глюкозаның тасымалдануын жақсартады, глюкозадан гликогеннің түзілуін және бауырда оның жиналуын қамтамасыз етеді.

Ескерту: Қант диабетінің орта және ауыр дәрежелі ауырлығын емдеу үшін қолданады.

Инсулин – түссіз сұйықтық, 1 мл 40, 80, және 100 ӘБ болады, жиі 5 мл флаконда шығарылады. Қант диабетінің терапиясы кезінде қарапайым инсулин (6-8 сағ) және ұзақ мерзім әсер ететін (12-36 сағ) инсулин қолданылады.

Инсулинді енгізу үшін 1-2 мл сыйымдылықты арнайы шприцті қолданады, онда препаратты нақты дозалау үшін қосымша бөліктері болады. Инсулинді шприцке 1-2 бөлігіне артық алады, енгізу алдында шприцтен ауаны шығарған кезінде шығады және қажетті инсулин мөлшерін енгізеді.

Инсулинді іштің алдыңғы-бүйір бөлігіне, жауырын асты аймағына, санның алдыңғы –сыртқы беткейіне және иықтың үштен бір сыртқы бөлігіне тері астына енгізеді. Теріні спиртпен сүртеді және кептіреді. Инъекция үшін ине өткір болу керек . <Жұлдызша> ережесі бойынша инсулин енгізген орынды сағаттың бағыты бойынша ауыстырып отырады.

Инсулинді аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-3 рет тамақтанудан 15-20 мин бұрын енгізеді. Диабетті кома кезінде ұзақ мерзім әсер ететін инсулинді енгізуге кері көрсетіледі.

Асқынуы: аллергиялық реакциялар (крапивница, Квинке ісігі, анафилактикалық шок ) липодистрофия ( бір енгізген жерге инсулинді тағы енгізу кезінде инъекция орнында атрофия аймақтары немесе тері асты май қабатының гипертрофиясы пайда болады), инсулинге резистенттілігі (сезбеуі) және гипогликемиялық кома (инсулиннің көп дозасын енгізген кезде )пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   263




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет