Асқынулары: кейде буынның қабынуы мүмкін.
Лапароскопия-құрсақ қуысын зерттеу. Құрсақ қусындағы мүшелердің, бауырының ісік ауруларын және құрсақ қуысындағы лимфа түйіндердің ұлғаюын анықтайды.
Ауруды анықтау қиын болған да және басқа тексеру әдістері нақты дәлел бермеген жағдайда лапароскопияны ең жиі қолданады. Бауыр ұлғаюының себебін анықтау үшін, бауыр және өт қабатының, кіші жамбастағы аналық без және жатырдың ісігіне күдіктену кезінде ең жиі лапароскопиялық тексеру жүргізілуі қажет. Сарғаюдың кейбір түрлерінде лапароскопия оның себебін анықтауға көмектесуі мүмкін. Өкпе және жүрек ауруларының ауыр ағымында, құрсақ қуысының қабынуында, қанның ұйығыштығы бұзылған кезінде лапароскопияны жүргізбейді. Лапароскопия ауруды емдеу үшін үлкен мүмкіншіліктерді туғызады, бұл мүмкіншіліктер кең таралуда. Кәзіргі кезде хирургия аймағында жаңа мақсат алға қойылды-ол лапароскопиялық хирургия, лапароскопқа миниатюрлі бейне камера орнатылған, құрсақ қуысының мүшелерін теледидар экранынан көруге мүмкіндік туғызады. Кәзіргі кезде хирургиялық инструменттерді лапароскоппен бірге құрсақ қуысына қосымша кішкентай кесіндісі арқылы енгізіледі және операциялар жасалады. Мысалы:өт қабынан өт тастарын алып тастау. Осындай операциялардың саны күннен күнге өсуде.
Достарыңызбен бөлісу: |