Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


Стоматит дамыған кезде ауыз қуысы қалай күтіледі?



бет63/263
Дата11.05.2020
өлшемі416,12 Kb.
#67056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   263
Байланысты:
med is neg 3k kz

Стоматит дамыған кезде ауыз қуысы қалай күтіледі?

Ауыр науқастарды жиі стоматит дамиды – ауыз қуысы шырыш қабатының қабынуы. Тамақтану кезінде ауырсыну, сілекей ағу, дене қызуының жоғарылауы орын алады.

Шырышты қабатқа медикаментозды ем ретінде шаю және аппликациялар қолдануға болады.

Стоматиттің емі зарарсыздандырушы ерітінділер қолданумен жүзеге асырылады. Осы ерітінділерді ауыз шаю мақсатында да қолдануға да болады.



Аппликациялар - марльды дәкелерді зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып ауыз қуысына қояды. Процедураны күніне бірнеше рет қайталайды.

Шаю алмұрт тәрізді баллонмен немесе Жане шприцімен жасалады. Науқастың кеудесі клеенкамен жабылып, баллонға немесе Жане шприціне антисептикалық ерітіндіні алады. Науқастың басын жанына бұрып, иегінің астына лоток қойылады. Протез тістері алынса, алып тастау керек. Ауыз бұрышын жоғары тартып, ұртына баллон немесе шприцтің ұшын енгізіп, шамалы қысыммен ауыз қуысын шаяды. Кейде науқастардың еріні кеберсіп, жаралар пайда болады. Ол кезде ерініне суға малынған марль дәке қойып, кез келген маймен майласа болады. Ауызды қатты ашып, пайда болған қабықтарды ашуға, тіс щеткесімен қолдануға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   263




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет