Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет108/263
Дата11.05.2020
өлшемі416,12 Kb.
#67056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   263
Байланысты:
med is neg 3k kz
Тест МІН 2курс каз, Арайлым Гаусс есеп
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • Тамыр соғуының анықтамасы. Тамыр соғуын анықтау орындары мен әдістері

  • тамыр соғуының сипаттамасы: ырғығы, жиілігі, толықтығы, күші, биіктігі, жылдамдығы

  • артериалдық қысымды өлшеу әдісі

  • артериалдық қысымының өзгеруіне әсер етуші факторлар

  • тыныс алу сипаттамасы: жиілігі, тереңділігі, ырғағы

  • тыныс алудың патологиялық бұзылыстары: ентігу, тұншығу

  • тыныс алу түрлері: қалыпты (кеуделік, құрсақтық, аралас), патологиялық тыныс алу (Куссмауль, Биотт, Чейн-Стокс)

Тамыр соғуын анықтау және оның сипаттамасы:

Артериалды тамыр соғуы – қанның артериалды жүйеге атқылауы кезінде пайда болатын, тамыр қабырғаларының ырғақты тебіренуі. Тамыр соғуының сипаты, оның қабырғаларының жағдайына, әсіресе созылуына байланысты.

Тамыр соғуының ырғақтығы – пульс толқыны аралығындағы үзіліс бойынша анықталады. Егер пульстік тебіренуі артерия қабырғасының пульстік тебіренуі тең уақыт аралығында пайда болса пульс ырғақты (дұрыс). Ырғақтылық бұзылған кезде тамыр соғу толқыны дұрсы ауыспайды – артериалдық пульс.

Тамыр соғуының жиілігі – 1 минутта анықталады. Дені сау адамның тыныш жиілігін минутына 60-80. Жүрек жиырылуы тез болғанда (тахикардия), тамыр соғуының толқыны асады, пульс жиілейді. Ал жүрек соғуы төмендегенде (брадикардия) – пульс сиректейді. Егер пульс ырғақты болса, оның жиілігін 30 минутта анықтап, 2-ге көбейту керек. Егер пульс ырғақсыз болса, оның жиілігін 2 қолда бірдей 1 минуттан анықталып, шыққан санды қосып, 2-ге бөледі.

Тамыр соғуының күші – тамырдың соғу тербелісінің таралуын түгел тоқтатуға қажетті күшпен анықталады. Тамырдың қатты соғу дәрежесін шамамен ең жоғарғы қан қысымының мөлшерімен шамалауға болады. Қан қысымы неғұрлым жоғары болған сайын, тамыр соғұрлым қатты соғады. Артериалды қысым көтерілгендегі тамырдың соғуы қатты болады.

Тамыр соғуының толықтығы – тамыр соғуының жылдамдығы – тамырдың соғу толқынының көтеріліп, түсуімен анықталады.

Тамыр соғуының биіктігі – тамыр соғуының толықтығымен байланысты. Тамыр жақсы соғуы кезінде саусақтың астынан тамырдың қатты толқынып, ал нашар кезінде тамырдың әлсіз соғуын, тамыр соғуының толқыны аз білінер – білінбес сипап білуге болады. Бұл жүрек бұлшық еті жұмысының нашарлағанын көрсетеді. Әсіресе білінер – білінбес соғуы тамырдың білінбей соғуы деп аталады. Тамыр соғуын анықтаудың мақсаты: жүрек – қан тамыр жүйесін қызметіг бағалау. Тамыр соғуын анықтау орындары: кәрі – жілік артериясы, ұйқы, самай, ұршық сан, тізенің асты, тобық артериялары.

Кәрі – жілік артериясында тамырдың соғуын анықтау

Керекті заттар:


  • секундомер немесе секундомерлі сағат

  • ауру тарихы, температура парағы

  1. Науқастың еркін жағдайда болуын қадағалау

  2. науқасты отырғызып немесе жатқызып тамырдың соғуын екі қолда бірден анықтайды

  3. науқастың білегінен ұстағанда мейірбикенің бас бармағы білектің астынғы жағында, қалған 4 саусағы білектің жоғарғы бетінде болуы тиіс.

  4. мейірбике ІІ, ІІІ IV саусақтармен тамырдың соғу орнын анықтап, тамырды жайлап басып, оның соғуын анықтайды.

  5. тамыр соғуының барлық көрсеткіштерін анықтау

  6. тексеру нәтижелерін жазба түрде медициналық немесе амбулаториялық картаға тіркеу керек

  7. нәтижелер температура парағына жазылуы керек

Тыныс алудың патологиялық түрлері мидың және оның қабығының аурулары (миға қан құйылуы, мидың ісігі, менингит), ауыр интоксикцияларды (уремиялық кома, диабетик кома) кездеседі.

  1. Чейн-Стокс тынысы – дем алу қимылдарының оқтын – оқтындығымен сипатталады, дем алу қимыладырының арасында біртіндеп және тыныс толық тоқтап қалғанша үзілістер болады (опноэ).

  2. Биота тынысы – қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутке дейін созылатын ұзақ үзілістермен отырады.

  3. Куссмауль тынысы – қалыпты сирек тыныс алу циклдерімен, шум дем алу және дем шығаруы күшеюімен сипатталады (диабет комасы).

Асфиксия – оттегі тапшылығынан келіп шығатын тыныс алудың тоқтауы.

Астма – тұншығу ұстамасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   263




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет