Радиоизотопты диагностикада екі әдісті қолданады:
1.мүше және ұлпаларда әр түрлі мөлшерде немесе оның қимыл қозғалысын тексеруді іске асыру үшін радиофармацевтикалық препараттарды науқасқа енгізу.
2.олардың бір-бірімен (өзара сәйкестігін) өзара әсерлесуін бағалай отырып, белгілі затты тексерілетін қаны бар пробиркаға қосу арқылы жүргізіледі. Бұл шектелмеген контингентті тұлғалардағы әр түрлі ауруларды ерте диагностикалау үшін скрининг-тест болып табылады.
Ішкі секреция бездерінің, асқорыту мүшелерінің, сүйек-буын, жүрек-қан тамырлар жүйелерінің, лимфа жүйесінің, жұлын және бас миларының, тыныс алу және зәр шығару жүйелерінің ауруларын радиоизатопты тексерулерден өткізу көрсетілімі болып табылады. Тексеруді тек қандайда-бір патологиялық аурулардың бар екендігіне күмәнданғанда немесе белгілі аурулардың бар кезінде ғана жүргізіп қоймай, зақымдалудың дәрежесін және нәтижеленген емдердің қорытындысын бағалау үшін қолданылады.
Тек жүктілік кезіндегі кейбір шектеулер ғана болмаса, радиоизатопты тексерулерді жүргізуге қарсы көрсеткіштер жоқ. Рентгенологиялық және ультра дыбысты тексерулердің нәтижесін, радиоизатопты тексерулердің нәтижелерімен сәйкестендіре білудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |