Ауыз қуысын күту
Белсенді науқастар әр күні азанда және кешке ауыз қуысын тұзды сумен (1 стакан суға ¼ шәй қасық тұз) шайып, тісін жуып тұруы керек.
Ауыр науқастарға мейірбике әр тамақтанған соң ауызын сүртіп тұруы керек. Ол үшін мақтаны бор қышқылының 5% ерітіндісіне, немесе натрий гидрокарбонатының 2% ер-е, калий перманганатына, жылы суға батырып алады.
Құралдар мен материалдар
Қолғап, шпатель, мақта, пинцет немесе қысқыш, зарарсыздандырушы ер-і немесе жылы су;
Орындалуы: науқасты жартылай отырғызып немесе басын жанына бұрып, мейірбике пинцетпен мақтаны алып, зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып алған соң, науқастың тілі мен тісін сүртеді. Сонан соң науқас ауызын шаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |