Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»


Өте ластанған кұрал-сайманмен қол саусақтарын



бет98/136
Дата23.04.2022
өлшемі303,85 Kb.
#140590
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   136
Байланысты:
med is neg 2k kz
биология тест дұрыс жауаптары (1)
Өте ластанған кұрал-сайманмен қол саусақтарын жарақаттау.
Өте ластанған құралдармен қол саусақтарын жарақаттау кезінде істеу қажет:

  1. Апатта қолданылатын аптечканы, стерильді биксті, 2 лотокты, стерильді корнцангты дайындау.

  2. Резеңке қолғапты шешпей тұрып, жарақаттанған жердің қанын шығару, сосын резеңке қолғапты шешіп, хлораминнін 3% ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  3. Таңу материалдары бар крафт-пакетті аптечкадан алып, лотокқа қою.

  4. Аптечкадан 70° этил спиртін, йодтың 5% ерітіндісін ал.

  5. Жарақаттың бетін 70° этил спиртіне батырылған стерильді шарикпен өндеп, қолданылған материалдарға арналған лотокқа тастау.

  6. Сабынды сумен жуу.

  7. Жарақат бетін стерильді шарикпен құрғатып, шарикті лотокқа тастау.

  8. Жарақат бетін 70° этил спиртімен қайта сүртіп, йодтың 5% ерітіндісімен өңдеу.

9. Жарақат бетіне бактерицидті к пластырь қою.
10. Кейін резеңке саусаққап, одан кейін резеңке қолғап кию.
11 Ұсынылған инструкцияға сәйкес қолданылған заттар және таңу материалды дезинфекциялау.
12.Стерильді резеңке қолғап кию.
ІЗ. Резеңке қолғаптарды ыдысқа салып, дез. ерітіндімен (хлораминнің 3% ерітіндісі) құйып, 6Омин қою.
Ескерту: Қолданылған таңу материалдарын хлорлы әктің 3% ерітіндісі бар ыдысқа І сағ салып қою. Жуынды сулары бар ыдысқа құрғақ хлорлы әкті І сағ қою. Лотокты дез. ерітіндісі бар ыдысқа салу. Экспозицияны таңдалған дез. ерітіндіге байланысты.
АИТВ (адамның иммунтапшылық вирусы) жуқтырған немесе ЖИТС-мен (жүре пайда болған иммунтапшылық синдром) ауыратын науқасқа көмек көрсеткеннен кейінгі инфекциялық қауіпсіздік.
АИТВ-ын жұқтырған немесе ЖИТС-мен ауыратын науқасқа көмек көрсеткеннен кейін мед.қызметкерлері:

  1. Хлораминнің 3% ерітіндісі бар ыдыста резеңке қолғапты шешпей жатып қолын өңдеу;

  2. Резеңке қолғаптарды шншіп, осындай ерітіндісі бар басқа ыдысқа салып, дез. ерітіндімен толтыру;

  3. Таза резеңке қолғап кию;

  4. Қолданылған резеңке қолғаптарды дез. ерітіндімен толтыру;

  5. Халатты шешіп, сыртын ішке қаратып орау;

  6. Халатты ластанған киімдерге арналған қапқа салу;

  7. Резеңке қолғапты шешу;

  8. Масканы шешу;

  9. Аяқ киімді ауыстыру;

10. Ағынды су астында қолын 2 рет сабынмен жуып сүлгімен сүрту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет