Пәнді оқып білу нәтижесінде білім алушы:
Біледі:
Медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау негіздерін;
Ағзаға дәрілік заттарды енгізу әдістері және ерекшеліктерін;
Инвазивті манипуляцияларды орындау ерекшеліктері
Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кезде медбикелік процессті ұйымдастыру және іске асыру;
Медициналық реабилитация негіздерін;
Пациенттерді аспаптық зерттеу әдістеріне дайындаужәне пациент еміндегі диагностика маңызын;
Қарт және егде жастағы пациенттерді бақылау және күтімін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Паллиативті көмек көрсетудің ерекшеліктері,
Шұғыл жағдайларда көмек көрсету принциптері;
Қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу .
Істей білуі:
Постық, емшаралық медбикенің жұмыс процессін ұйымдастыру, кезекшілікті тапсыру және қабылдау, пациент демалыстарын ұйымдастыру, медициналық құжаттармен жұмысын және санитарлық- ағарту жұмыстарын жүргізу;
Дәрілік заттарды қолдану туралы пациенттерді ақпараттандыру;
Инфузия мен қан алуы, иньекция, венепункцияны дәрілік затты енгізу мақсатында қолдану;
венозды катетрлармен жұмыс жасау;
иньекциядан кейінгі асқынуларда пациенттерге көмек көрсету;
тыныс алу, жүрек қан-тамыр, асқорыту, эндокриндік, зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылғанда пациенттер күтімі.
пациент мәселесін анықтау және медбикелік картаны жүргізу;
асқазанды шаю, клизмаларды қою, стомалар күтімі, уретральді катетрлерді қою;
аспапты зерттеу әдістеріне пациенттерді дайындау;
гериатриялық пациенттер күтімі;
паллиативті көмек көрсету;
шұғыл жағдайларда көмек көрсету;
қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу .
|