7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б) Жағдайлық есептер: Сізге топырақтың бактериологиялық зерттеу нәтижесінің қортындысын алып келді, микробтың жалпы саны 1 мл – 120, коли-индексі – 4. осы көрсеткіштер бойынша қорытынды жасаңыз, қандай шаралар жүргізу керек?
Оқу бөлмесінде 60 минутқа бетін ашып, агар құйылған екі Петри табақшасы қойылды. Термостатта 37°С инкубирленді. Келесі күні екі табақшада өскен колониялардың саны 200 ден асты. Бұл әдісті қалай атайды? Берілген нәтиже бізге қандай мәлімет береді?
Тесттер: 1. Топырақтың перфрингенс-титрін анықтау үшін қолданатын қоректік ортасы:
Эйкман
Вильсон-Блер
Ет пептонды агар
Сабуро
Эндо
2. Адамға топырақ арқылы жұғатын ауру:
тұмау
гепатит
туберкулез
газды гангрена
дифтерия
3. Топырақта тіпті қысқа мерзімге де сақталмайтын микроорганизмдер:
спора түзбейтін анаэробтар
плазмидалар
вирустар
клеткалық қабырғасы жоқ микрорганизмдер
сәулелі саңырауқұлақтар
4. Тотықтырғыш дезинфекциялық зат:
формалин
ароматты қосылыстар
натрий метаксилаты
ауыр металл тұздары
хлорлы қосылыстар
5. Топырақтың коли-титрін анықтау үшін оның 1 грамын … ортасына тікелей себу жасайды.
Кесслер
Левенштейн-Иенсен
Плоскирев
Борде-Жангу
Леффлер
6. Топырақтың нәжіспен ертеректе ластануын анықтайтын санитарлы-гигиеналық көрсеткіші ретіндегі бактериялар:
цитобактериялар, ішек таякшалары
клостридиум перфрингенс
гемолитикалық стрептококк, алтын түстес стафилококк
ішек таякшасы, энтерококк
цитобактериялар, энтеробактериялар
7. 1 г. топырақтағы немесе 1л. судағы ішек таяқшасының санының аталуы:
жалпы микробтық сан
колифаг
коли-титр
перфрингенс-титр
коли-индекс
8. Топырақтың санитарлық- бактериологиялық жағдайын … бағалайды.
гемолитикалык стрептококпен, алтын түстес стафилококпен