7. Бақылау (тесттер, есептер) Жағдайлық есептер: Созылмалы стафилококты инфекциямен ауыратын науқастың, ұзақ уақыт химиотерапиялық препараттармен емделгеннен кейін, ЖСА-да колония түрінде алтындатылған стафилококк дақылы бөлініп алынды. Стафилококтардың колониясын, колониясында ауысуын қалай түсіндіруге болады?
Ультракүлгін сәулелермен сәулелендіргенде капсула түзуші клебсиелла дақылдары капсула түзу қабілеттілігін жоғалтады. Сондай-ақ тышқандардың аурушаңдық қасиеті де жоғалады. Аурушаңдықтың жоғалуы мен капсула синтездеу қабілеттілігін қалай түсіндіруге болады?
Тесттер: 1.Прокариоттардың тұқым қуалаушылық негізі:
Ферменттер
Рибосомалар
ДНҚ
РНҚ
Ақуыздар
2. Вирустарды рибовирустар мен дезоксоривирустар патшалық астына бөлетін...
нуклеин қышқылы типі
антигендері
капсидтерінің саны құрлымы:
симметрия типі
өлшемдері
3. Резистенттіліктің генетикалық негізін қамтамасыз ететін плазмидалар:
R –плазмида
F–плазмида
Ent–плазмида
патогенділік плазмида
биодеградациялық плазмида
4. Эксперимент кезінде қандай да бір мутаген әсерінен пайда болған мутация:
индуцирленген
шартты-летальды
спонтанды
генді
хромосомды
5.Өздігінен пайда болған мутация:
шартты-летальдық
хромосомдық
индуцирленген
гендік
спонтандық
6. Кірпікшелер мен пилилер … катысады.
коньюгацияға
бөлінуге
мутацияға
трансдукцияға
трансформацияға
7. Вирустардың генетикалық ерекшелігі:
ақпарат ДНҚ да жазылған
ақпарат плазмидаларда жазылған
ақпараты жоқ
ақпарат РНҚ да жазылған
ақпарат РНҚ мен ДНҚ да жазылған
8.Плазмидалардың, транспозондардың, Іs-тізбектілігінің құрылымдық элементтері:
полипептидтер
ДНҚ
РНҚ
ферменттер
белоктар
9. Генетикалык материалдың донордан реципиентке тікелей берілуі:
трансформация
репарация
трансдукция
конъюгация
диссоциация
10. Генетикалық материалдың бір бактериядан басқа бактерияларға фаг арқылы берілуі:
диссоциация
трансформация
конъюгация
репарация
трансдукция
№8 1. Тақырыбы: Антибиотиктер. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау. Қанда, несепте, тінде антибиотиктерді анықтау. Антибиотиктермен емдеудегі асқынулар.
2. Мақсаты: Антибиотиктер терапиясының эффективтілігін анықтау әдісін игеру. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
Стерилизация және дезинфекция эффективтілігін анықтау әдістерін меңгеру.