Ситуациялық есептер: 1.Тері астына инъекция жасау кезінде мейірбике өзінің мәселелерін ойланды және дәріні өте тез енгізді. Науқас кешке қарай инъекция жасалған орында ауырсыну мен тығыздалуды сезінді. Сіздің іс- әрекетіңіз қандай?
2. Антибиотик егілгеннен кейін науқас өзінде мұрынның бітелгенін және терінің бөрткенін байқады. Бұл антибиотикті алғаш рет қабылдаған. Мейірбикенің іс- әрекеті.
3. Мейірбике өте асықты және бөксенің төменгі ішкі төрттен бір бөлігіне бұлшықет ішіне егу жасады. Науқас бұл кезде қатты ауырсыну болғанын сезінді. Келесі күні ол оң аяғындағы ауырсыну сезімімен шағымданды. Мейірбикенің іс –әрекеті.