Жұмыс бағдарламасы Пән: Зертханалық диагноcтика Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»



бет17/148
Дата21.12.2022
өлшемі1,66 Mb.
#163596
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі
















№ 1 дәріс

Тақырыбы: Клиникалық лаборатория диагностикасының басты тенденциялары мен жетістіктері. Зертханалық диагностика саласындағы директив құжаттар мен бұйрықтар.

Мақсаты: Медициналық жоғары оқу орындарында клиникалық лаборатория диагностикасын оқытудың мақсаты – адам ағзасының барлық жуйелерінің физиологиялық қызметтерінің молекулярлық механизмдерін оқып білу, патологиялық процестің қалыптасуына әкелетін метаболизмнің бұзылыстарының механизмдерін үйрену және бұл саладағы директив құжаттар мен бұйрықтарды білу.

Дәрістің жоспары:

1. Клиникалық лаборатория диагностикасының негізі – биологиялық химия.

2. Емдеу - алдын алу мекемелерінің зертханалық қызметтерінің

ұйымдасуының негіздері.

3. Емдеу-алдын алу мекемелерінің қызмет түрлері

Көрнекі құралдар: кестелер және мультимедиялық құралдар.

Клиникалық лабораториялық диагностикасы бұл клиникалық медицина, биология, химия, физика және т.с.с. пәндер негізінде түзілген ғылыми пән болып табылады. Бұл пәннің мақсаты ауру дәрігерінің науқасқа диагноз қоюы, оны емдеу және аурудың алдын алу жолдарын табуға көмектеседі. Клиникалық лаборатория диагностикасының объекті адам организмінің физиологиялық және патологиялық жағдайларының байланысты заңдылығын білу бір жағынан болса, екінші жағынан ұлпалардағы құрамдық компонентерінің өзгеруін және биологиялық сұйықтарды зерттеу; олардың құрамының қалыпты жағдайдағыдан ауытқандығын анықтау, себебтерін іздеу, оларға прогноз жасау, аурудың келіп шығу себебтерін іздеу, дәрігердің науқасты емдеуіндегі эффектілігін байқау, дәрі-дәрмектердің денсаулығына әсерін қадағалау болып табылады. Клиникалық лаборатория диагностикасының зерттеуіне биохимиялық, морфологиялық(циталогиялық), микробиологиялық, генетикалық т.с.с. зерттеулер енеді. Сондықтан лабораторияның зерттеуі көп профилді болып есептеледі; зерттеулер көптеген клиникалық пәндермен, яғни гематология, трансфузиология, нефралогия, гастроэнтерология, жұқпалы аурулар т.с.с.мен байланыста болады. Сол себепті маман биохимияны жақсы игерген болуға тиісті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет