Онтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
«Бекітемін»
ТжКББФ-нің деканы
___________ М.Ә. Отыншиев
«____»______________2010ж
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәні: Патологиялық физиология
Мамандығы: 0306000 «Фармация»
Біліктілігі: 0306013 «Фармацевт»
Курс: 2
Семестр: 3
Сағат саны: 50
Шымкент 2010 ж
Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы № 604 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Кафедра мәжілісінде қаралды
Хаттама № ____ «___» _______ 2010ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор __________ Әділбекова Д.А.
Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.
Ә.К. Төрайымы ______________________ Джуманкулова Н.Р.
Хаттама № ____ «___» _______ 2010ж.
Дайындаған оқытушы Оразбаева Ж.Т.
Бағдарлама
1. Алғыз сөз
«Патологиялық физиология» пәні бойынша жаңа үлгілі оқу бағдарламасын дайындау қажетілігі туды.
Пәннің мақсаты: патологиялық процесстердің пайда болу, даму және аяқтау негізгі заңдылықтарын зерттеу, білім алушыларды аурудың себептерін, патогенезін, клиникалық коріністерін, алдын алу принциптері мен емдеу негіздерін терең ұғынуға дайындау.
Пәннің міндеті: білім алушылар біртектес дерттік үрдістердің даму себебін, даму жолдары мен негізгі белгілерін, әртүрлі ауралардың пайда болуы мен жалпы даму заңдылықтарын, ағзаның қорғаныстық-бейімделу тетіктерін, алдын алу шараларын және емдеу әдістерін негізгі бағытын білуі қажет.
Медицинаның қазіргі заманғы даму кезеңінде студенттердің күрделі, көп салалы дайындығын талап етеді.
МЖМБС-на сәйкес базалық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған модульдік оқудың құрылымы енгізілген. Оқу жұмыс бағдарламасына құрастырғанда білім беру ұйымы жаңа оқу технологиясын қолдана отырып пәнді оқыту бойынша үлгілі оқу бағдарламасында бөлінген оқу уақытының көлемін қазіргі заманға сәйкес оқу технологиясын қолданған болса 15-25% -ға өзгертуге құқылы (ҚР МЖМБС 4.05.2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелер»).
2.Тақырыптық жоспар
№
|
Тақырыптардың атауы
|
Сағат саны
|
Оның ішінде
|
Теориялық сабақ
|
Тәжірибелік сабақ
|
1
|
Кіріспе. Жалпы нозология. Этиология және патогенез. Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы.
|
|
2
|
2
|
2
|
Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы
|
|
|
2
|
3
|
Қабыну
|
|
|
2
|
4
|
Қабыну.Шеткерідегі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары Қабыну.
|
|
2
|
2
|
5
|
Шеткерідегі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары Қабыну.
|
|
|
2
|
6
|
Гипоксия. Қызба.
|
|
2
|
2
|
7
|
Өспе
|
|
2
|
2
|
8
|
Қан жүйесінің патофизиологиясы-1
|
|
2
|
2
|
9
|
Қан жүйесінің патофизиологиясы-2
|
|
|
2
|
10
|
Жүрек-қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы-1
|
|
2
|
2
|
11
|
Жүрек-қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы-2
|
|
|
2
|
12
|
Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы-1
|
|
2
|
2
|
13
|
Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы-2
|
|
|
2
|
14
|
Ас қорыту жүйесінің патофизиологиясы-1
|
|
2
|
2
|
15
|
Ас қорыту жүйесінің патофизиологиясы-2
|
|
|
2
|
16
|
Бүйрек патофизиологиясы
|
|
2
|
2
|
|
Барлығы:
|
|
18
|
32
|
|
Барлығы:
|
|
50
|
Пәннің негізігі мазмұны
Тарау 1. Кіріспе. Жалпы нозология.
Патологиялық физиология негізгі ғылым және оқу пәні. Патофизиология пәні және міндеттері, оның орта медициналық білім беру жүйесіндегі орны, дамыған, клиникалық медицинаның теориялық негізі. Ауруды емдеуде, диагностиканың жаңа әдістері мен тәсілдерін және денсаулық сақтаудың алдын ала сақтандыру бағытының дамуы үшін патофизиологиялық зерттеулердің маңызы. Нозология туралы жалпы түсінік. Денсаулық, ауру және ағзаның денсаулық пен аурудың ортасындағы жағдайы немесе ауру алды жағдай. Ауру критерийі, нышаны, жіктелуінің ұстанымдары. Ауру сатылары, аяқталуы. Терминалдық жағдай. Ағзаны қайта жандандарудың ұстанымдары мен әдістері. Аурудың алдын-алу және емдеудің жалпы ұстанымдары.
Тарау 2. Этиология және патогенез.
Этиология және патогенез туралы түсінік. Ауру туындататын және туындауына қолайлы жағдайдың орны. Этиологиялық ықпалдардың жіктелуі. Патогенездің негізгі тізбегі «тізбек принципі». Ауруды емдеудің патогенездік ұстанымдары.
Тарау 3. Ағза реактивтілігнің дерттегі маңызы.
Ағзаның реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. Рактивтіліктің және төзімділіктің түрлері. Аурудың пайда болуы, дамуы және аяқталуындағы реактивтіліктің маңызы.
Тарау 4. Қабыну.
Біртектес дерттік үрдістердің себебі мен даму мханизмін зерттейді. Этиологиялық ықпалдар, флогенді ықпалдардың жіктелуі. Қабынудың даму механизмі. Қабыну үрдісінің негізгі компоненттері. Біріншілік және екіншілік альтерация. Қабынудың негізгі медиаторлары, шығу тегі, қабынудың даму барысындағы және аяқталуындағы оның маңызы. Қабыну ошағындағы қанайналымның және микроциркуляцияның өзгерістері, олардың сатылары, патогенезі, маңызы. Экссудация, патогенезі және маңызы. Пролиферация, даму жолдары, оны күшейтетін және тежейтін ықпалдар, маңызы. Қабынудың биологиялықмаңызы. Қабыну үрдістерінің алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық ұстанымдары.
Тарау 5.Шеткерідегі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары.
Шеткерідегі қанайналым бұзылыстарының негізгі түрлері: артериялық толақандылық, веналық толақандылық,ишемия стаз; олардың түрлері, себептері және даму жолдары, сыртқы көріністері. Артериялық толақандылық, веналық толақандылық, ишемия, стаз кезеңдеріндегі микроциркуляция жағдайының, ағзадағы жалпы және жергілікті өзгерістер, олардың мүмкіндік салдарлары. Тромбоз, эмболия және олардың салдарлары.
Тарау 6. Гипоксия, қызба, өспе.
Гипоксия, қызба, өспе туралы түсінік және олардың жалпы сипаттамасы. Гипоксиялық жағдайларды жіктеудің негізгі ұстанымдары. Гипоксия түрлері. Гипоксияның негізгі түрлерінің этиологиясы мен патогенезі. Қызба этиологиясы. Қызбаның әр сатыларында жылу реттелуінің өзгерістері. Қызбаның биологиялық маңызы. Қызу түсіретін терапия. Пиротерапия туралы түсінік. Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы. Өспе өсуінің биологиялық ерекшеліктері, атипизм түрлері. Қатерлі және қатерсіз өспелер. өспе этиологиясы. Физикалық, химиялық, бластомогендік ықпалдар. Онкогендік вирустар. Канцерогендер. Өспе өсуінің патогенезі. Өспе пайда болуы мен дамуында ағзаның тұқым қуалаушылық ерекшелігі, эндокриндік, иммундық жағдайының, жасы мен жынысының маңызы. Өспе алды жағдайлар. Өспелерді алдын алу мен емдеудің негізгі жолдары туралы түсінік.
Тарау 7. Зат алмасудың біртектес бұзылыстары.
Көмірсу алмасуының бұзылыстары. Көмірсулардың ыдырауының және түзілуінің бұзылыстары. Көмірсу алмасуының типтік бұзылыстары. Гипогликемия, түрлері, себебі, даму механизмі. Гипергликемия, түрлері, себебі, даму механизм. Қант диабеті, жіктелуі. Қант диабетінің жіктелуі. Инсулинге тәуелді диабет пен инсулинге тәулсіз диабеттің айырмашылығы. Қант диебеті, гликемия, гипер гликемия кезіндегі теориялық ұстанымдар.
Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Ақуыз түзілуінің және ыдырау үрдістерінің бұзылыстары, себебі, патогенезі, салдары. Оң және теріс азоттық баланс.
Қан сарысуының ақуыз құрамының өзгеруі: гипер-, гипо-, диспротеинемия.
Май алмасуының бұзылыстары. Майдың ағзаға жеткіліксіз немесе артық түсуі. Майдың сорылуы мен тасымалдануының бұзылыстары. Холестерин алмасуының бұзылыстары. Жалпы семіздік: түрлері, себебі және даму механизмі.
Су алмасуының бұзылыстары. Сусыздану, себебі, сусызданудың салдары. Бейімделу үрдістері. Ағзаға судың артық мөлшерде жиналуы. Көзге көрінетін және жасырын ісінудің даму механизмі. Жүректік, бүйректік, бауырлық, кахексиялық, қабынулық ісінулердің патогенезі.
Тарау 8. Қан жүйесінің патофизиологиясы
Анемия туралы түсінік. Анемияның этиологиясы мен патогенезі, жіктелу ұстанымдары және негізгі гематологиялық көріністері. Постгеморргиялық, гемолиздік, дизэритропоэздік анемияның сипаттамасы. Анемия кезінде болатын ағзадағы бұзылыстар. Лейкоцитарлық өрнектің өзгеруі, себебі, даму механизмі. Лейкоциттің сандық және сапалық өзгерістерінің ағза үшін маңызы. Лейкоз. Жіктелу ұстанымдары және лейкоз кезіндегі қан түзілуінің ерекшеліктері. Геморрагиялық синдром, эитологиясы және патогенезі.
Анемияның, лейкопениялық жағдайлардың, лейкоз және гемостаз бұзылыстарының алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық ұстанымдары.
Тарау 9. Жүрек-қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы
Қанайналым бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Қанайналым жеткіліксіздігі туралы түсінік. Жүрек жеткілксіздігі. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түр, зорығуға жүректің жедел және ұзақ мерзімдік бейімделуінің жолдары. Гипертрофияға ұшыраған жүректің ерекшеліктері, негізгі гемодинимикалық көрсеткіштер және жүрек жетіспеушілігінің клиникалық көріністері. Миокардтың коронарогендік зақымдануының себептері мен даму жолдары. Артериалды гипертензия. Біріншілік артериалды гипертензия (гипертониялық ауру), этиологиясы, патогенезі және даму жолдары. Артериалды гипотензия. Резистивті тамырлардың патологиясы. Этиологиялық факторлары мен даму жолдарын ескере отырып, шоктың түрлерін ажырату.
Тарау 10. Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы :
Сыртқы тыныс алу жүйесінің бұзылысының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Тыныс алу жеткіліксіздігі турады түсінік. Өспенің гипер- және гиповентиляциясы, газдар диффузиясының және өкпе перфузиясының бұзылыстары, себептері, даму жолдары және салдарлары. Алқыну, асфиксия, негізгі даму жолдары. Периодикалық тыныс алу туралы түсінік, түрлері, патогенезі.
Тарау 11. Ас қорыту жүйесінің патофизиологиясы
Асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Тәбеттің бұзылыстары. Асқазанның секреторлық және моторлық қызметінің бұзылыстары, себептері және салдары. Ойық жара ауруының этиологиясы мен патогенезі. Ішектің мембраналық және қуыстық ас қорытуының бұзылыстары. Дисбактериоз туралы түсінік. Бауыр қызметтері бұзылыстарының себебі. Бауыр ауруларының негізгі түрлері: гепатит, цирроз. Сарғыштану туралы түсінік. Сарғыштанудың түрлері: гепатоцеллюлярлық, механикалық, гемолиздік, даму жолдары және көрінісі. Ас қорыту жүйесінің аурулары мен бауыр ауруларының алдын алу және емдеудің патофизиологиялық ұстанымдары.
Тарау 12. Бүйрек патофизиологиясы
Бүйректің негізгі қызметінің бұзылуы. Бүйректің белгілері мен синдромдары: тәулік дируез көлемінің өзгеруі, зәрдің тығыздылығының, рН-ың өзгеруі. Зәрлік синдром: протеинурия, гематурия, лейкоцитурия. Нефропатияға тән бүйректен тыс белгілер мен синдромдар: азотемия, гипергидротация, гипогидротация, дисбаланс электролиттер балансының бұзылуы.
Негізгі бүйрек ауруларының жалпы сипаттамасы. Пиелонефрит пен гломерулонефриттің этиологиясы мен патогенезі. Нефротикалық синдром.
Тарау 13. Эндрокриндік және жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Эндокриндік бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі. Жекелеген эндокриндік бездердің бұзылыстарының біртектес түрлері. Гипоталамус-гипофиз жүйесінің патологиясы: гипофиздік ергежейлік, Иценко-Кушинг ауруы. Бүйрек үсті бездерінің патологиясы. Аддисон ауруы; адрогениталдық синдром. Қалқанша бездң патологиясы. Гипо- және гипертиреоздар. Жүйке жүйесі қызметтері бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Жүйке жүйесі қызметтерінің бұзылыстарында әлеуметтік факторлардың орны. Қимыл мен сезімнің бұзылыстары.
4.Оқу әдістемелік жабдықталуы
4.1 Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Нұрмахамбетұлы Ә.Н. Патофизиология – Алматы 2007.
2.Нұрмахамбетұлы Ә.Н. Патофизиология оқулық – Алматы 2000.
3. Патофизиология. Том 1,2 // Литвицкий П.Ф.-Москва: ГЭОТАР-МЕД, 2006.
4. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д.-Томск: Изд-во Том. Ун-та, 2006.
Қосымша:
1.Нұрмахамбетұлы Ә. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік- Алматы: Эвро, 2007.
2. Патофизиология для внеаудиторной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П.- Алматы КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова, 2006.
4.2. Көрнекті құралдар және ОТҚ
1.Плакаттар
2.Ламинаттар
3.Слайдтар
4.Муляждар
5.Кестелер
6.Әдістемелік нұсқаулар
4.3.Тестік тапсырмалары (350 тест тапсырмалары қосымша берілді).
1.Кіріспе. Жалпы нозология-15
2.Этиология және патогенез-25
3.Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы-30
4.Қабыну-27
5.Шеткерідегі қан айналым және микроциркуляция бұзылыстары-30
6.Гипоксия. Қызба.Өспе-32
7.Зат алмасудың біртектес бұзылыстары-25
8.Қан жүйесінің патофизиологиясы-31
9.Жүрек қан-тамыр жүйесінің патофизиологиясы-35
10.Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы-25
11.Ас қорыту жүйесінің патофизиологиясы-20
12.Эндокриндік және жүйке жүйесінің патофизиологиясы-25
13.Бүйрек патофизиологиясы-30
Достарыңызбен бөлісу: |