Жұмыс бағдарламасы пән/модуль: «Неврология» Мамандық: 09130200 «Акушер ісі»



бет10/10
Дата18.10.2023
өлшемі145,5 Kb.
#186460
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ак неврология руп

1.10.3. Интернет-ресурстар:
https://ppt-online.org/117110
https://www.google.ru/?gws_rd=ssl
https://ppt-online.org/257051
https://ppt-online.org/118419
https://kazmedic.org/ru/
http://rcrz.kz/
http://rcrz.kz/docs/clinic_protocol/2014
1.11. Бақылау сұрақтары:
1. Онтогенезде бас миының дамуы.
2. Онтогенезде жұлынның дамуы.
3. Ми және жұлын тамырларының онтогенезі.
4. Вегетативті жүйке жүйесінің онтогенезі.
5. Туа біткен физиологиялық рефлекстер.
6. Ми қыртысы: функциялардың орналасауы, зақымдану синдромдары.
7. Иіс сезу анализаторы. Анатомия. Иіс сезу бұзылысы симптомдары.
8. Көру анализаторы. Анатомия. Негізгі зақымдану симптомдары.
9. Көзқозғалтқыш нерв. Анатомия. Зақымдану симптомдары.
10. Жоғарғы көз саңылауы синдромы. Клиникалық көріністері. Қандай патологияда кездеседі.
11. Үшкіл нерв. Анатомиясы. Зақымдану симптомдары.
12. Үшкіл нерв невралгиясы. Клиника. Диагностика. Қандай патологияда кездеседі. Емі.
13. Әкетуші нерв. Анатомия. Зақымдану симптомдары.
14. Бет нерві. Анатомиясы. Зақымдану симптомдары.
15. Бет нерві невриті. Клиника. Диагностика. Емі.
16. Кіреберіс-ұлу нерві. Анатомия. Зақымдану симптомдары.
17. Тіл-жұтқыншақ нервінің невралгиясы. Клиника. Диагностика. Емі.
18. Қосымша нерв. Анатомия. Зақымдану симптомдары.
19. Маңдай бөлігінің зақымдануымен қандай клиникалық симптомдар байланысты?
20. Моторлы афазия. Топикалық диагностикасы. Клиникасы.
21. Төбе бөлігінің зақымдануымен қандай клиникалық симптомдар байланысты?
22. Шүйде бөлігінің зақымдануымен қандай клиникалық симптомдар байланысты?
23. Нерв, түбіртек, таламус, ішкі капсула, қыртыс зақымдануы кезіндегі сезімталдық бұзылыстарын сипаттаңыз.
24. Вернике- Мана позасы. Клиникалық көріністері. Зақымдану деңгейі.
25. Таламустық синдром. Клиникалық көріністері.
26. Көпір зақымдануы кезінде қандай негізгі клиникалық симптомдар көрінеді?
27. Мишық зақымдануы кезіндегі клиникалық симптомдар. Неврологиялық статус.
28. Сопақша ми зақымдануы кезінде қандай негізгі клиникалық симптомдар көрінеді?
29. Псевдобульбарлы паралич. Клиника. Диагностика. Емі.
30. Бульбарлы паралич. Клиника. Сипаттамасы.
31. Жұлын. Құрылысы.
32. Әртүрлі деңгейдегі жұлын зақымдану симптомдары (мойын буылтығынан жоғары, мойын буылтығы деңгейінде, мойын және бел буылтығы аралығы, бел буылтығы деңгейінде).
33. Беткей сезімталдық жолдары. Анатомиясы. Қыртыс анализаторы.
34. Терең сезімталдық жолдары. Анатомиясы. Зақымдану симптомдары.
35. Сезімталдық бұзылысының полиневритикалық түрі. Клиникалық көріністері. Қандай патологияда кездеседі.
36. Ерте жастағы балаларда жүйке жүйесі функцисының ерекшеліктері.
37. Мидың негізгі артериялары. Виллизиев шеңбері, оның маңызы.
38. Ми мен жұлынның қабықтары. Жұлын сұйықтығы.
39. Мидың қарыншалық жүйесінің құрылысы.
40. Окклюзионды гидроцефалия. Клиника. Диагностика. Емі.
41. Гидроцефалия, клиникалық көрінісі, диагностика, емі.
42. Менингиальді синдром клиникасы. Неврологиялық тексеру жүргізу ( шүйде бұлшықеттерінің регидтілігі, Керниг симптомы).
43. Ганглионарлы төбешік, құрылысы.
44. Омыртқа артериясы синдромы. Клиника. Диагностика. Емі.
45. Ишемиялық типті ЖМҚБ. Этиология. Классификация, клиникалық көрінісі, диагностика, емі.
46. Геморрагиялық типті ЖМҚБ. Этиология. Классификация, клиникалық көрінісі, диагностика, емі.
47. Субарахноидалді қан құйылу. Этиология. Клиникалық көрінісі, диагностика, емі.
48. Сана бұзылысының түрлері.
49. Менингококкты менингит. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емі.
50. Туберкулезді менингит. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика.
51. Субдуралді және эпидуралді гематомалар. Клиникалық көрінісі. Диагностика.
52. Шашыранды склероз. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емі.
53. Мигрень, клиникалық көрінісі. Емі.
54. Кернеулі бас ауруы.
55. Кластерлі бас ауруы.
56. Гипериензионды бас ауруы.
57. Иық өрімі плекситі. Клиника. Диагностика. Емі.
58. Кәрі жілік нерві нейропатиясы. Клиника. Диагностика. Емі.
59. Ортаңғы нерв нейропатиясы. Клиника. Диагностика. Емі.
60. Шынтақ нерві нейропатиясы. Клиника. Диагностика. Емі.
61. Шонданай нерві нейропатиясы. Клиника. Диагностика. Емі.
62. Асықты жілік нерві нейропатиясы. Клиника. Диагностика. Емі.
63. Кіші жіліншік нерві нейропатиясы. Клиника. Диагностика. Емі.
64. Диабетикалық полинейропатия. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емі.
65. Жедел қабынулық демиелиндеуші полирадикулонейропатия. Гийена-Барре синдромы. Клиника, диагностика, емі.
66. Белдемелі теміреткі. Клиника. Диагностика. Емі.
67. Бас-ми жарақаты классификациясы. Ми шайқалуы. Клиника, диагностика, емі.
68. Бас-ми жарақаты классификациясы. Ми соғылуы. Клиника, диагностика, емі.
69. Паркинсон ауруы. Клиника. Диагностика. Емі.
70. Миастения. Клиникалық көрінісі, диагностика. Емі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет