Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет1/12
Дата11.11.2022
өлшемі4,33 Mb.
#157699
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
SPZ1 21 (1)


Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)



Н 3-1.1.37-2022
1 баспа 02.02.2022









Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрінің «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын» бекіту туралы 31.10.2018ж. №603 бұйрығы негізінде жасалған.
Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Әлеуметтану.Психология» пәні дәстүрлі түрде 1-15 апталарда оқытылады. Пән бойынша 42 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 15 лекция, 15 практикалық және 12 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОСӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек. Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау – бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл – 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 – 100% шамасымен бағаланады. Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (АБ1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (АБ2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде практикалық тапсырмалар беріледі. Пән бойынша студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасынан бастап беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS – Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОСӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында университеттегі ресми (оқытуды басқару жүйесі) LMS – Сириусқа мерзімі көрсетілген уақытта жүктеуі қажет.



1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты: «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет