Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет73/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Ауадағы  биоиндикация  мақсатында  төменгі  және  жоғарғы  сатыдағы 
өсімдіктер,  микроағзалар,  жануарлардың  алуан  түрлері  пайдаланылады. 
Ауаның лас екендігін өте сезгіш индикаторларға олардың биологиялық және 
физиологиялық  ерекшеліктерін  ескеретін  болсақ,  мүктер  мен  қыналар 
жатқызылады.  Ауадағы  күкірттің  қос  тотығымен  ластануының  тіпті  аз 
мөлшерінің  өзі  қыналардың  жаппай  жойылуын  тудырады.  Бірқатар  батыс 
Еуропа  елдерінің  ірі  өнеркәсіптік  қалаларының  төңірегінде  қыналардың 
көптеген  түрлерінің  толықтай  дерлік  жоғалып  кетуі  нақ  осы  себептерге 
байланысты  деп  есептейді  мамандар.  Скандинавия  елдерінде  атмосфералық 
ауаның  ауыр  металдармен  ластануының  индикаторы  ретінде  сфагнум 
мүктерін пайдаланады . 
Көптеген  бақылаулар  ауаның  антропогенді  ластануының  жоғары 
сатыдағы 
өсімдіктерге 
елеулі 
ықпалын 
тигізетіндігін 
көрсетті; 
жапырақтарының 
түсі 
өзгереді, 
некроз 
(жансыздану) 
тудырады, 
жапырақтары  түседі,  өсу  және  тармақтану  пішіні  өзгереді  және  басқа  да 
өзгерістер туындайды.  
Мысалы,  жер  бетіндегі  ауа  күкірттің  қос  тотығымен  ластанған  кезде 
зақым  келгендігін  білуге  болатын  тән  белгілер  мыналар  болып  есептеледі: 
кәдімгі  қарағайда  –  қылқандарының  ұштарының  қоңырқайлануы, 
американдық  шағанда  –  жапырақ  талшықтарының  арасының  ауқымды 
түссізденуі. В.А. Вронский кесте құрды (3-кесте), онда атмосфералық ауаның 
әр түрлі химиялық заттармен ластану индикаторы болатын негізгі өсімдіктер 
берілген.  
Қылқандылар  тұқымы  ауаның  әр  түрлі  химиялық  ластануына  өте 
сезімтал  және  әсіресе  күкірттің  қос  тотығынан  зардап  шегеді.  Оған  деген 
сезімталдық реті кемиді: шырша – самырсын – қарағай – балқарағай. Озонға 
сенімді индикаторлар: темекінің ең сезімтал сұрыптары, томаттар, цитрустар.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет